Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайдаланатын әдебиеттер. Зін-өзі тексеретін сұрақтар



Зін-өзі тексеретін сұрақтар

Әдеби өлкетану пәнінің мақсаты мен міндеттері. Әдеби өлкетануда орындары қаланған қаламгерлер.

Пайдаланатын әдебиеттер

1,3,4,5,6,7,8,9,15

Дәріс 2

1.Тақырыбы: Қазіргі таңдағы махамбеттану мәселелері және ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қазіргі таңдағы махамбеттану мәселелері.

2. Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Қ.Жұмалиевтің ғылыми-зерттеу еңбектері.

3.Дәрістің мақсаты:

Махамбеттану мәселесінің дамуы туралы ақпар беру. Махамбеттанушылардың еңбектерімен таныстыру.

4. Дәріс мазмұны:

Бүгінде өрісті ғылым арнасына айналған махамбеттану тарихы –Махамбет поэзиясының құндылығын ашып – айқындау, ғылыми негіздеудің тарихы. Махамбеттің көркемдік әлемін тану – Махамбеттің ақындық алымын көрумен бірге белгілі бір дәрежеде қазақ өлеңінің табиғатын тану. Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, т.б. зерттеулеріндегі Махамбет поэзиясының ғылыми негізделуі. Махамбет поэзиясы және көтеріліс тарихы. Махамбет дәстүрлі жыраулық поэзия.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі, қазақ поэзиясының классигі Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сәйкес 2003 жылы Атырау мемлекеттік университетінде халықаралық деңгейде өткізілуінің тәлімдік және тағылымдық мәні орасан зор.
Қазақтың Махамбеттей біртуар ұлының 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете түседі.
Махамбет – қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері, қайтпас қайсарлығы, яғни, Махамбет – қазақ халқының кегі мен ызасынан, намысы мен жігерінен жаралған наркескен рухани қару.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Жалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі.
Махамбеттің жырлары – ерліктің, өрліктің гимні, қайсарлықтың символы.
Ерегескен дұшпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет – жақсыларға еп, жамандарға көп, лапылдап тұрған өрт. Аңдамаған жалынана шарпылады. Жауырынан етін алса да жалынып, жалтақтауды білмес, қыңқ етпес табандылық ердің еріне бітеді

XIX ғасырдағы шаруалар көтерілісінің жыршысы болған Махамбет өлеңдерінің мазмұны бізге өте жақын мәні зор. Махамбет поэзиясы Исатай бастаған халық көтерілісінің айнасы болды. Оның бұл ерлік өміріне біз ризалықпен қарап, ерлікке үндейтін поэзиясын сүйсініп оқимыз. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілен шаруалар көтерілісінің айқын үні. Халел Досмұхамбетұлы Махамбет өмірбаянын тұңғыш рет берді. М.Әуезов Махамбет шығармашылығын 1927 жылғы «Әдебиет тарихында» зар заман әдебиеті аясында қарастырды. “Әдебиет тарихы” оқу құралының “Тарихи жырлар”, “Зар заман” ақындары бөлімінде Махамбеттің әдебиет тарихындағы, қазақ тарихындағы орны айрықша айтылып отырады. Әдебиет тарихындағы зар заман дәуірі туралы әріден қозғап, тереңнен толғап тұжырым жасауында Махамбетке айналып соғып отырғанын көреміз. Ақынды зар заман әдебиетінің ісшілік дәуірі туғызды- дейді М.Әуезов. “Бұхар жыраудан соң XIX ғасырдың зар заман ақындарының басы Махамбет. Одан кейінгілері Шотанбай, Мұрат, Алтансарыұлы, бұлардын соңғы бір буыны Абаймен тұстас ақындар”. М.Әуезов Махамбет шығармаларын саяси мәнжағынан талдайды. Кейінде Махамбеттануда жалғасын тапқан, бүгін де қарастыра түсуге зәру бір мәнді мәселенің Махамбет поэзиясының дәстүрі жыраулық өнермен туыстығы дейтін жайдың Х.Досмұхаммедұлы жасаған жалпы тұжырымнан соң алғаш М.Әуезов зерттеуінде ғылыми негізі бекітілді. Бұхар салт- сан ж үзіндегі төркіні дейді. Оның өлең түрінде Бұхармен жақындық бар дейді. Ауызша жырдың ерекшелігі табыстырып жатқан туыстық — тұтастықты көлденең тартады. Мұның өзі тек Бұхар емес, жалпы жыраулар поэзиясының үздік үлгісімен Махамбет жырының тұтастығы, туыстығын, өзіндік құнын айқындау еді. Махамбет қазақ поэзиясының ғасырлар өткеліндегі үзілмеген алтын арқауы. Махамбет поэзиясының, ақынның асыл сөзінің жарқ - жұрқ еткен бір қыры - жыраулар поэзиясымен үндес тұстары. Махамбет толғауларында жыраулар поэзиясының дәстүрлі шартының ерекшеліктерінің бірі дәстүрлі қолданыстар мол. Жыраулар поэзиясының негізгі бір қыры – афоризм, нақыл сөз. Бұл жөнінен де Махамбет поэзиясы – жырау үні.





Дата публикования: 2015-01-10; Прочитано: 1173 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...