Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рмекші кене



Кененің қыстау орнынан шығуы мен арамшөптерде қоныстануының басталуы сәуір айының басында тіркелді. Қыстау орнынан шыққан ұрғашы зиянкестердің орташа саны арамшөптерде 6-12 дана/өсімдікке, өсімдікке қоныстануы 15% -ға дейін болды. (кесте № 46).

Оңтүстік Қазақстан облысында өрмекші кененің ерте егілген мақта алқаптарына көшіп қоныстана бастауы 2 мамырдан 29 мамыр аралығында анықталды. Алматы облысында кененің қытайбұршақта төмен қоныстануы 30 мамырда байқалды. Кененің даму барысында біркелкі қоныстануы егістіктің шеткі жағында,ошақ түрінде, қоныстану тығыздығы 10 дана/жапыраққа болды.

Маусым айының екінші жартысында болған құрғақ, ыстық ауа-райыкененің жаппай көбейіп санының өсуіне қолайлы жағыдай туғызды.Осы мерзімде зиянкестің саны 1 жапыраққа 2-6 дан 23 дана аралығында болып, қоныстануы 18%-ды құрады. Жамбыл облысының Мерке ауданында зиянкестің өте жоғары саны 10-15 тен 20 дана/жапыраққа,өсімдікке қоныстануы 25% байқалды.

Мақта, қытайбұршақ алқаптарында өрмекші кененің қоныстануына жүргізілген жазғы тексеру - 313,7 мың га жер көлемінде, қоныстанған жер көлемі – 121,14 мың га,оның ішінде зияндық шегінен жоғары – 72,21мың га, немесе қоныстанған жер көлемінің 60% (2007 жылы бұл көрсеткіш – 45% болған) (кесте № 47). Вегетация кезеңінде кененің санын қысқартуға 72,0 мың га көлемінде химиялық өңдеу жүргізілді

Ұрғашы өрмекші кененің қыстау орнына кетуге бір жерге шоғырланып қыстау орнына кетуі қыркүйек айында байқалды. Күзгі тексеру кезінде қыстауға кететін ұрғашы өрмекші кененің қоныстануы тексерілген жер көлемінің 46% -ын құрады. (кесте № 48). Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы зиянкестердің қоныстану жер көлемінің 31%-ға ұлғаюы анықталып отыр.

2009 жылы химиялық өңдеу болжамының көлемі 92,3 мың га, оның ішінде 77,4 мың га мақта алқабында, 14,9 мың га – қытайбұршақта жоспарланып отыр.

Кесте № 46





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 718 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...