Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мақта (бақша) биті, темекі трипсі



Оңтүстік Қазақстан облысында мақта битініңқыстау орнынан шығуы Мақтарал ауданында 3 наурызда су жүретін канал бойындағы арамшөптерде анықталды, ал облыстың солтүстік аудандарында 12 наурыздан байқалды Биттердің дамуы және таралуы арамшөптерде мамыр айының басына дейін жүрді, өсімдікке қоныстануы 0,5-2,0 ден 10-16% -ға жетті

Мақта алқаптарында биттердің қоныстана бастауы 6 мамырда тіркелді.Жаппай қоныстануы мамыр-маусым айларында байқалды.Мақта битінің қоныстану 1-5-тен 8-13%, ең жоғарғы қоныстануы 14-29% Мақтарал ауданында анықталды (Оңтүстік Қазақстан облысы). Химиялық өңдеу жұмыстары 0,67 мың га жер көлемінде жүргізілді.

Мақта егістіктерінің шет жақтарында темекі трипсі қоныстануы анықталып, қоныстану тығыздығы 100 өсімдікке 1-2 ден 19-22% -ды құрады.

Биылғы жылғы жалпы ауа-райы жағыдайы биттер мен трипстердің дамып,таралуына былтырғы жылмен салыстырғанда қолайсыз болды, олардың саны төмен болып, мақта алқаптарын зақымдауы төмен дәрежеде байқалды

2009жылы мақта алқаптарында биттер мен трипстердің дамуы мен зияндылығы көктемгі –жазғы кезеңдегі ауа-райы жағыдайына байланысты болады. Химиялық өңдеу жұмыстары 7,0 мың га жер көлемінде болжамданып отыр..

Вертициллезді солу, немесе солу (вилт)

Мақта егілетін барлық аймақта ауру таралған. Ылғал жетіспейтін аудандарда ауру зияндылығы жоғары болып отыр. мақтаның қауыз ашар кезеңінде мақтаның солу белгілері анықталды. Тамыз айының екінші онкүндігінде Мақтарал, Арыс аудандарында (Оңтүстік Қазақстан облысы) анықталды. Аурудың таралуы 0,02-1,3%, дамуы 0,01-1,3% - ды құрады. Барлық тексерілген 31,8 мың га, оның 0,31 мың га төмен дәрежеде залалданған.

2009 жылы аурудың таралуы ауа – райы жағдайына, ауыспалы егіс жүйесін және артотехникалық іс - шараларды сақтауға байланысты болады.

Гоммоз

Бактериалдық аурулардың бірінші белгілері шілденің екінші онкүндігінде Оңтүстік Қазақстан облысында мақта алқаптарында тіркелді. Ауру мақта егілетін барлық аудандарда төмен дәрежеде таралды. Барлығы 32,3 мың га тексерілді, оның 1,0 мың га залалданған, таралуы 0,2-10,6% және дамуы 0,001-0,4% - ды құрады.

Аурудың таралуы мен дамуына ауа – райы жағдайы және агротехника деңгейін сақтауға байланысты.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1371 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...