Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күріш масасы



Сәуір айының соңында Алматы облысында уақытша сутоғандарында күріш масасының ұшуы байқалды.Дернәсілдердің зақымдауы мамыр айының үшінші онкүндігінің ортасында күріш өскіндерінде байқалды. Нашар тегістелген атыздармен және терең суарылған егістіктерде көп мөлшерде зиян келтірді.Бір шаршы метрде дернәсілдердің орналасу тығыздығы 0,2 дананы құрады.

Маусым айының екінші онкүндігінде, толық түптеу мен түтік шығару алдында дернәсілдердің екінші ұрпағы байқалды.Шілде айының екінші онкүндігінің аяғында күріш дақылының бас алу кезеңінде дернәсілдердің үшінші ұрпағының зиян келтіріп жатқаны байқалды. Зиян келтіруі тамыз айының бірінші және екінші онкүндіктерінде жалғасты. Орналасу тығыздығы бір шаршы метрде 0,2 дананы құрады.

Тамыз айының үшінші онкүндігінде ересек жәндіктерінің үшінші ұрпақтарының зиян келтірілгені анықталды.Қыркүйек айының бірінші онкүндігінің соңында зиянкес қыстайтын жерге көшті.

2009 жылы күріш масасының саны мен зиянкелтіруі күріш егістіктерінде былтырғы жылғы деңгейде болады. Қорғау шаралары 4,0 мың га көлемде мақсатты түрде жүргізу қажет.

Шаян тәрізділер (лептестерия, щитень)

Щитень мен лептестерияның дернәсілдерінің зиян келтіруі мамыр айының бірінші және үшінші онкүндігінің аралығында байқалды.Күріштің суармалы егістігінде судың тапшы болуына байланысты, зиянкестердің табиғи жойылуы байқалып, биылғы жылы саны мен зияндылығының төмендеуі тіркелді. Өсімдіктің зақымдалуы 28-40 пайызға жетті. Лептестерияның саны біршаршы метрде 15-данадан 50 данаға дейін, щитеннің саны- 0,8-1,0 –ден 5-7 данаға дейін ауытқып отырды. Жынысы жетілген ұрғашы жәндіктері жұмыртқа салуға мамыр айының 23-27 –де кірісіп, маусым айының бірінші онкүндігінде өмірсүру қабілеті тоқтады.

2009 жылы күріш өсірудегі әдістердің технологиясы сақталмаса, кейбір ошақтардағы шаянтәрізділердің санының көбеюі мүмкін.

Кесте № 41





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1118 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...