Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақ шірік



Аурудың дамуы әр түрлі дәрежеде Ақмола, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Аурудың бірінші белгілері өскін фазасында тұқым жарнағының шіруі түрінде және тамыр жүйесінде мамыр айының үшінші онкүндігінде Еңбекшілдер ауданында (Ақмола облысы) тіркелді. Инфекцияның алғашқы ошағы өсімдік қалдықтары, тұқымдық материалдар және залалданған топырақ болып табылады, онда инфекция 3 жылға дейін сақталады. Өсімдіктің өсу кезеңіндегі ауа райы тамыр шірігінің дамуына қолайлы жағдай туғызды. өсу кезеңінің аяғында аурудың даму қарқыны 3,0-24,0%, таралуы 13,0-39,0%.

Шығыс Қазақстан облысында аурудың бірінші белгілері өсімдіктің шанақтану фазасында маусым айының екінші онкүндігінің басында (былтырғы жылы ауру маусым айының екінші онкүндігінді анықталған болатын) анықталды. Бұл кезде аурудың сабақтағы және жапырақтағы түрі анықталды. Аурудың дамуына шілде айының бірінші және екінші онкүндігіндегі жауын шашын қолайлы фактор туғызды. Биылғы жылы аурудың залалдауы өте жоғары болмады, бірақ тамыз – қыркүйек айларындағы ауа – райы (ылғал, күндізгі және түнгі температураның біршама ауытқуы) залалданған жер көлемінің ұлғайуына әсер етті.

Аурудың таралуы Отырар ауданында (Оңтүстік Қазақстан облысы) азғана жер көлемінде тіркелді. Пісу кезеңінде кәрзеңкені залалдау 0,01%, дамуы төмен дәрежеде 0,2% құрады.

Топырақта инфекция қорының жеткілікті болуына байланысты аурумен залалдану биылғы жылғы деңгейде болады. 2009 жылы даму дәрежесі ауа – райына, химиялық және агротехникалық іс – шараларға байланысты болады.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 925 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...