Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

КҮнбаҒыстыҢ зиянкестері мен аурулары



Күнбағыс дақылының өсіп-өну кезеңінде саяқ шегірткелер, шалғын көбелек, топырақта мекендейтін көпқоректі қатты қанатты зиянкестер және т.б. зиянкестер кездесті. Олардың саны күнбағыс егістігіне қауіп туғызған жоқ.

Күнбағыстың арнайы зиянкестері сұр көпқоректі бізтұмсық және күнбағыс қанкөбелегі анықталды.

Алматы және Павлодар облыстарында биылғы жылы сұр көпқоректі бізтұмсықтың санының біршама төмендеуі тіркелді. қоңыздардың шығуының басталуы арамшөптерде 12 сәуір- 8 мамыр аралығында тіркелді. Егістікке қоныстануы мамыр айының екінші онкүндігінде байқалды. Күнбағыс өскіндерін бақылау уақытында жапырақ бетін зақымдауы 3%-ды құрады. Бізтұмсықтың қоныстану тығыздығы 0,2-0,4 дана/м2.

Күнбағыс қанкөбелегінің зақымдауы Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстарында тіркелді. көбелектерінің ұшуы және жұмыртқа салуы маусым айының үшінші онкүндігінен шілде айының екінші онкүндігіне дейін жалғасып күнбағыстың гүлдеу мерзімімен сәйкес келді. Жұлдызқұрттарының тууы 25 шілде-10 тамыз аралығында тіркелді, олардың саны 0,2-7,0 дана/өсімдік. Жұлдызқұрттарының зақымдауы тамыз айы бойы байқалды. өсімдікті зақымдауы 2-8%-ды құрады.

Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде жұлдызқұрт қоректенуі аяқталғанннан кейін, піллә орауына кірісті. Қыркүйек айының үшінші онкүндігінде қыстау орнына кетті.

2009 жылы ауа райының қолайлы болуы және ерте мерзімде егілген күнбағыс алқабында сұр көпқоректі бізтұмсықтың санының өсуі және зияндылығы артуы мүмкін. Күнбағыс қанкөбелегінің саны 2008 жылғы деңгейде қалады. өсімдікті қорғау іс-шараларын жүргізу 106,0 мың га жер көлемінде болжамданып отыр.

Кесте № 42

Майлы дақылдардың зиянкестерінің таралуы, 2008 жылы олармен күрес шараларының көлемі және 2009 жылы жүргізілетін химиялық өңдеудің болжамданған көлемі

мың га





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 2849 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...