Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Церкоспороз



Бұл ауру Қазақстанда қант қызылшасын залалдауы өте жоғары және кең таралған. Ауру Жамбыл және Алматы облыстарында таралып отыр. Аурудың байқала бастауы қызылшаның жапырақтарының қатар аралық қосылу фазасында маусым айының үшінші онкүндігінің аяғы – шілде айының бірінші онкүндігінің басында тіркелді. Аурудың таралу пайызының жоғарғы көрсеткіші тамыз айында түбір байлау мен өсу фазасында байқалды. Церкоспороз ауруы орман алқап бойында, ауа қозғалысы нашар учаскелерде сонымен қатар суару режімі (су басу) мен ауыспалы егіс жүйесі сақталмаған егістіктерде байқалды. Өнімді жинау кезінде аурудың таралуы 2-8%, дамуы - 1-4,2% - ды құрады. Фунгицидтермен өңдеу жұмыстары Ақсу ауданында (Алматы обласы) Топсин-М 70% с.ұ, Байлетон 25% с.ұ. Фундазол 50% с.ұ., Колфуго-супер 20% с.с. препаратарымен жүргізілді. Биологиылық тиімділігі 84-95% - құрады.

2009 жылы аурудың таралуы мен дамуы жер асты сулары жақын орналасқан, суару жүйелері жақын орналасқан учаскелерде, ауыспалы егіс жүйесі сақталмаған жағдайда өте жоғары таралуы мүмкін.

Ақ ұнтақ

Былтырғы жыл мен салыстырғанды аурудың белгілері бір ай кейін қант қызылшасының түбірінің өсу фазасында Алматы облысында тіркелді. Шілде айының екінші жартысындағы ауа – райы (құрғақ және ыстық ауа – райы, өткінші жаңбырмен ауысып тұруы) аурудың таралуына қолайлы жағдай туғызды. Ақ ұнтақ ауруының бірінші белгілері шілде айының екінші онкүндігіне Қапшағай қаласының аумағында (Алматы облысы) қалың егілген, релефі төмен егістіктерде тамыз айының үшінші онкүндігінде Мерке ауданында (Жамбыл облысы) анықталды. Тамыз айындағы температураның жоғарылауы, түнгі және күндізгі температураның күрт төмендеуі аурудың ары қарай таралуына әсерін тигізді. Даму қарқыны 0,02-13,8%, таралуы 1-25,6% - ды құрады. Тексерілген жер көлемінің 10,55 мың га, залалданғаны 0,44 мың га.

Ақ ұнтақ ауру 2008 жылғы деңгейде таралады, себебі топырақтағы инфекция қоры мен биылғы жылғы залалданған түбірдің болуына байланысты. Аурудың даму қарқыны жаздың екінші жартысындағы ауа – райына байланысты болады.

Фомоз

Биылғы жылы бақылау жұмыстары 3,11 мың га жер көлемінде жүргізілді. Алматыы облысында ауру белгілері анықталған жоқ.

Келесі жылы ауыспалы егістік жүйесі сақталмаған жағдайда аурудың дамуы мүмкін.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 824 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...