Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоңышқаның жапырақ бізтұмсығы немесе фитономус



Көктемгі уақытағы қолайлы ауа – райы былтырғы жылмен салыстырғанда қоңыздардың 10 күн бүрын шығуына әсерін тигізді. Оңтүстік аймақта қоңыздарының қыстау орнынан шығуы 3 – 9 науырызда, жаппай шығуы 20 – 22 науырызда анықталды. Көктемгі жылы ауа – райы жоңышқалықтардың тез өсіп дамып, зиянкестердің қоректенуіне жақсы жемдік база болды. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерде қоңыздардың саны 2-3 дана/м2,жоғарғы – 5-7 дана/м2 құрады (Қызылорда облысы).

Оңтүстік аймақтарда балаңқұртарының тууының басталуы оңтүстік аудандарда - 6 сәуір, орталық және солтүстікте – 30 сәуірде анықталды, орташа саны 3 тен 12 дана/м2 болды. Балаңқұртардың ең жоғарғы саны 53-190 дана/м2 Шу ауданында (Жамбыл обласы) анықталды. Өсімдікті зақымдауы 28-60% - ға жетті.

Жаңа ұрпақ қоңыздарының тууы 6 маусымда, жаппай тууы 18 – маусымда тіркелді, олардың саны 3-5 дана/м2 құрады. Фитономустың дамуының созылыңқы болуына байланысты, жоңышқалықтарда бір уақыта балаңқұрт, қуыршақ және жаңа ұрпақ қоңыздары анықталды. Маусым айының екінші жартысына дейін кеш туған қоңыздар қоректенуін жалғастырды. Маусым айындағы ыстық және құрғақ ауа – райы жаңа ұрпақ қоңыздарының жазғы диапаузаға кетуіне әсерін тигізді.

Қоңыздардың диапаузадан кейін тіршілік жасап қоректенуі тамыз айының үшінші онкүндігінде байқалды. Қоңыздардың қыстау орнынан кетуі қыркүйек айының екінші жартысында тіркелді.

Басқа аймақтарда қоңыздардың қыстау орнынан шығуы мамыр айынгың бірінші жартысында байқалды, оның саны 1,8 дана/м2. Қоңыздар көпжылдық шөптердің жаңа өскен жапырақтарымен қоректенді. Өсімдікті зақымдауы 2,5% - ға жетті.

Шағылысуы мен жұмыртқа салуы 31 мамырдан 20 –шы маусым аралығында болды. Балаңқұртарының тууы 25-30 маусымда тіркелді, олардың саны 3-4 дана/м2.

Балаңқұртардың қуыршақтануы 15 шілде, жаңа ұрпақ қоңыздарының тууы 17-31 шілде. Қыркүйек айының ортасында қоңыздар өсімдік қалдықтары мен топырақтың жоғарғы қабатына қыстауға кетті.

2009 жылы ауа – райы қолайлы болған жағдайда, фитономустың санының өсуі және оның зияндылығы жоғары болуы күтіледі.Химиялық өңдеу жұмыстары 29,5 мың га жер көлемінде жүргізу болжамданып отыр.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 755 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...