Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Альтернариоз



Шілде айының бірінші онкүндігінде Ақмола, Жамбыл және Шығыс – Қазақстан облыстарында аурумен залалдану белгілері анықталды. Аурудың белгілері төменгі және ортаңғы жапырақтарда бірлі – жарым қара – қоңыр түсті айналасы сарғыш шеңбер мен қоршалған дақ түрінде байқалды. Аурудың дамуына шілде айының бірінші және екінші онкүндігіндегі ылғал мен температураның ауытқуы әсерін тигізді. Ары қарай шілде айының үшінші онкүндігі – тамыз айларындағы құрғақ ыстық ауа – райы аурудың дамуын тежеді.

Өсу кезеңінің соңына қарай альтернариоз ауруының таралуы 5,5-12,6%, даму қарқыны 0,01-0,5% - ды құрады.

Келесі жылы аурудың залал келтіруі ауа – райына, агротехникалық іс – шарардың сақталуына байланысты болады.

Фомоз

Аурудың белгілері М. Жұмабаев, Г. Мүсрепов атындағы және Аққайың аудандарында (Солтүстік – Қазақстан облысы) кейбір егістіктерде маусым айының үшінші онкүндігінің аяғында өсімдіктің 6 – 8 жапырақ фазасында тіркелді. Жапырақтар сарғайып азғана қара – сұр дақтар пайда болып ауру байқала бастады. Аурудың таралуы 6-11%, дамуы - 0,6-1,1%. Шілде айының екінші онкүндігінде аурудың дамуы мен таралуы көрсеткіштері ұлғайып тиісінше: 3,1-9,8% және 31-49%.

Дәндену және тұқымның пісу фазасында залалданған өсімдіктерде өсімдік өсу кезінде аурудың төменгі жапырақтан жоғарғы жапырақа біршама ауысуы байқалды. аурудың таралуы 10 - 55%, дамуы – 4-15%. Былтырғы жыл мен салыстырғанда аурудың даму дәрежесі біршама төмендегендігі анықталды.

2009 жылы аурудың таралуын тежеу үшін ауыспалы егіс жүйесін және өсімдікті өсірудегі басқа да технологиялық талаптарды сақтау мен егістікті өнімді жинағанан кейінгі қалдықтардан тазалау қажет.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 780 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...