Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мақта көбелегі



Биылғы жылғы көктемгі құрғақшылық әсерінен мақта дақылы қайтара егілді, сондықтан дақылдың дамуы және оның зиянкестерінің қоныстануы біркелкі болмады.Панфилов ауданында (Алматы облысы) жүгеріден кейінгі егістіктерде жүргізілген көктемгі қайта бақылау нәтижиесінде қыстап шыққан мақта көбелегінің қуыршақтарының саны 0,2-0,8 ден 1,0-2,0 дана / м2, максималды 5,0 дана /м2 болды. (кесте 43)

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында мақта көбелегінің бірінші ұрпағының ұшуы сәуір айының үшінші онкүндігінде; Алматы облысында мамыр айының екінші онкүндігінен маусым айының бірінші онкүндігінің аяғына дейін жалғасты. Жұмыртқа салуы мамыр айында арамшөптерде, қызанақта, жоңышқалықтарда жүрді. Бірінші ұрпақ жұлдызқұртарының тууы мамыр айының екінші онкүндігінен бастап маусым айының екінші айының онкүндігінен жалғасты, ал 25-ші маусымнан қуыршақтануы басталды. Жұлдызқұртарының саны 1-2 дана /100 өсімдікке.

Екінші ұрпақ көбелігінің ұшуы 4-16 шілде күні тіркелді. Екінші ұрпақ жұлдызқұртарының тууы 8-14 шілдеде мақта, жүгері және қызанақ егістіктерінде анықталды, олардың саны 0,05-7,0 дана /100 өсімдік.

Мақта көбелегінің жұлдызқұрттарының таралуын анықтауға жазғы бақылау барлығы 405,2 мың га жер көлемінде жүргізілді, оның ішінде қоныстанғаны 134,,43 мың га, зияндылық шегінен жоғары -89,6 мың га (кесте № 44). Жұмыртқалары мен жұлдызқұртарының саны 100 өсімдікке 2-6 дан 8-14 дана аралығында, ең жоғарғы саны Алматы облысының Панфилов ауданының жүгері егістігінде 25 дана/100 өсімдікке анықталды.

Екінші ұрпақ жұлдызқұрттарының қуыршақтануы Алматы облысында қыркүйектің бірінші онкүндігінде тіркелді.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында мақта көбелегі үш ұрпақ беріп дамыды. Үшінші ұрпақ көбелегінің ұшуы 8-11 тамызкүндері тіркелді. Үшінші ұрпақ жұлдызқұртарының зияндылығы тамыз айының үшінші онкүндігінде байқалды. Мақтаның өсіп-өну кезеңінде жемісоргандарын зақымдауы 0,2-4,2%; жүгеріде – 18%-ды құрады.

Үшінші ұрпақ жұлдызқұртарының қуыршақтануы қыркүйек айының екінші онкүндігінде тіркелді. Қыстау орнына кеткен қуыршақтардың қоныстану тығыздығы 0,3-0,4 пен 2,5 дана/м2 аралығында тіркелді (Алматы облысы) (кесте № 45).

2009 жылы күзгі мерзімдегі ауа-райын есепке ала отырып, зиянкестің саны жоғары болуы мүмкін деп күтіледі. Мақта көбелегіне қарсы химиялық өңдеу болжамыныңкөлемі 146,9 мың га,оның ішінде мақта дақылында – 129,1 мың га; жүгеріде – 16,6 мың га жоспарланып отыр.

Кесте № 43

Ауылшаруашылық жерлерінде мақта көбелегінің қуыршақтарының қыстық қорының қоныстауы туралы жүргізілген көктемгі тексеру 2008 ж.

мың га

Облыс атауы Тексерілгені Қоныстанғаны
барлығы О.і саны дана 1м2
1-дейін 3-дейін 5дейін 10-дейін 10-жоғ.
Алматы 4,8 1,94 1,13 0,58 0,23    
Жамбыл 2,7 0,54 0,54        
Оңтүс.Казақстан 40,0 15,55 14,45 1,1      
Жиынтығы: 47,5 18,03 16,12 1,68 0,23    
2007жылы болды 62,3 19,3 15,2 3,98 0,12    

кесте № 44

Жылы ауылшаруашылық жерлерінде мақта көбелегінің жаңа ұрпағының қоныстануы мен жүргізілген химиялық өңдеу көлемі

мың га

Облыс атауы Тексерілгені Қоныстанғаны ЭЗШ жоғар Өңдел-гені
барлығы О.і саны дана 100 өсімдікке
10-дейін 10,1-20,0 20,1-30
Алматы 25,7 11,29 3,39 6,5 1,4 7,9 7,9
Жамбыл 34,0 6,82 5,12 1,7   1,7 1,7
Оңтүс. Қазақстан 345,5 116,32 36,32 80,0   80,0 80,0
Жиынтығы: 405,2 134,43 44,83 88,2 1,4 89,6 89,6
2007жылы болды 318,4 237,77 106,1 130,77 0,9 131,7 130,10

Кесте № 45

Жылы ауылшаруашылық жерлерінде мақта көбелегінің қуыршақтарының қыстық қорының қоныстауы мен химиялық өңдеу болжамының көлемі

мың га





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1537 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...