Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылы қант қызылшасы зиянкестерінің таралуы және онымен күрес шараларының көлемі



тыс.га

Облыс атауы Тексерілді Қоныстанғаны Өңделгені 2009 жылы химиялық өңдеу болжамы
барлығы о.і ЭЗШ жоғары
Алматы 11,66 2,7 0,34 6,4 6,5
Жамбыл 5,07 2,25 0,2   6,83
Жиынтығы: 16,73 4,95 0,54 6,4 13,33

Тамыр жегісі

Қант қызылшасы өскінінің кең тараған ауруы болып табылады. Ауырған өскінің тамыршалары мен тұқым жарнағының буыны шіриді. Шірік шыны түстес немесе қоңыр дақ түрінде, тамырды бойлай орналасып мамыр айының екінші онкүндігінің басында Алматы және Жамбыл облысының қант қызылшасының өскін фазасында анықталды. Жалпы ауру дұрыс тегістелмеген рельефті учаскелерде, жерасты сулары жақын орналасқан, сонымен қатар дер кезінде топырақты қопсытпаған жерлерде байқалды. Аурудың дамуына тұқымдық материалдарды сапасыз дәрілеу, мамыр айының басындағы жауған жаңбырдан кейін күннің бірден ыстық болуынан топырақтың беткі қабатының кабықтануы әсерін тигізді.Вегетация уақытында аурдың таралуы 1-12%, дамуы 0,13-3% -дан асқан жоқ.

2009 жылы тамыр жегісі ауруының байқалуы ауа-райы мен қант қызылшасын өндіру агротехникасының деңгейіне байланысты болады.

Пероноспороз, немесе жалған ақұнтақ

Былтырғы жылы бұл ауру Алматы облысының қант қызылшасын егетін шаруашылықтарында төмен дәрежеде таралған болатын. Биылғы жылы тексеру жұмыстары 4,75 мың га жер көлімінде жұргізілді, залалданған егістік анықталған жоқ.

Аурудудың даму дәрежесі келесі жылы көктемгі және жаз басындағы ауа – райына байланысты болады. Өсімдіктің өсіп өну кезеңінде ылғалдығы жоғары, салқын ауа – райы болған аудандарда аурудың зияндылығы өте жоғары болуы мүмкін.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1269 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...