Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жағалық шыбын



Зиянкес күріш егетін аймақтарда кең таралған, бірақ жоғары зиян келтіруі Қызылорда және Алматы облыстарына тән. Қыстап шыққан шыбындардың алғашқы байқалуы мамыр айының басында күріш атыздарында тіркеліп, гектарына 10-25 данадан кездесіп, сол уақытта жұмыртқа салуы да байқалды. Дернәсілдердің бірінші ұрпағының алғашқы пайда болуы 14-22 мамыр айында тіркелді. Дернәсілдердің тығыздығы бір шаршы метрде 20 дананы құрады. Өсімдіктің зақымдануы кей жерлерінде 35 пайызға жетті. Жағалық шыбындарының екінші ұрпағының ұшып шығуы маусым айының екінші онкүндігінде байқалып, дернәсілдерінің алғашқы шығуы 22 маусым. Дернәсілдерінің екінші ұрпағының дамуы шілде айының екінші жартысына дейін созылып, орналасу тығыздығы бір шарша метрде 3-9-дан, 28-50 дана болды (Қызылорда облысы). (Кесте №41)

Дернәсілдердің қуыршаққа айналуы шілде айының 1-10 күндерінде тіркелді. Күріш дақылының толық түптеу кезеңінде шілде айының екінші онкүндігінде шыбындарының үшінші ұрпағының ұшуы тіркеліп, шілденің 10-15- де коллектор, қашыртқы және суармалы каналдарда алғашқы жұмыртқа салуы байқалды. Дернәсілдердің шығуы 18-25 шілдеде тіркелді. Қоректенуі сулы өсімдіктерінде және өсімдік қалдықтарында өтті. Дернәсілдердің қуыршаққа айналуы 4-5 тамыз айында байқалды. Төртінші ұрпақ шыбындарының алғашқы ұшып шығуы 13-15 тамызда тіркеліп, тамыз айының соңында байқалып, одан кейін зиянкес қыстауға кетті.

Былтырғы жылы орналасу тығыздығының төмен болуына байланысты,2009 жылы күріш зиянкесінің санының көбеюі күтілмейді, бірақта өсімдіктің жақсы өсуіне агротехникалық шаралардың қатаң сақталуы тиіс.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1257 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...