Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ринхоспориоз



Ауру бидай мен арпа егістіктерінде сәуір айының үшінші онкүндігінде Талғар ауданында (Алматы облысы) және Ақмола облысында арпада байқалды. Таралуы мен қарқынды дамуы пайызы әлсіз болып, ауа райы жағдайы аурудың күшті дамуына кері әсерін тигізді. Тексерілген көлем 16,52 мың га., залалданғаны көлем 4,79 мың га. болып, тексерілген көлемнің 29 пайызды құрады. Аурудың таралуы 3-45 пайыз, дамуы 1-22 пайызды құрады.

2009 жылы дәнді дақылдардың егістіктерінде ринхоспориоз пайда болуы өсімдік қалдықтарындағы, топырақ және түұымдағы инфекция қорымен, сонымен қатар өсу кезеңіндегі ауа райының жағдайымен анықталады.

Сары дақ

Аурудың алғашқы белгілері күздік бидайда мамыр айының екінші онкүндігінде тіркелді. Күздік бидай егістіктерінде түптеу – түтіктенуге шығу кезеңінде Талғар және Райымбек аудандарының таулы аймағында сары дақ аурулары пайда болды.

Гүлдену мен масақтану кезеңінде таралуы 1,5-12 пайыз құрап, дамуы 0,5-5 пайыз әлсіз дәрежеде болды.

Аурудың қарқынды дамуы 2009 жылы ауа райымен, инфекция қорына байланысты болады.

Ақ ұнтақ

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында ауру белгілері күздік бидаймен арпа егістіктерінде байқалды.

Еңбекшіқазақ ауданында (Алматы облысы) ауру күздік бидай егістіктерінде (былтырғы жылдағыдай) сәуір айының екінші онкүндігінде байқалды. Маусым айының үшінші онкүндігінің басында Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында залалдануы анықталды, таралуы 10-15 пайыз, дамуы 1,2-5 пайызды құрады. 502,89 мың га. дәнді дақылдардың барлық тексерілген көлемінен, 3,56 мың га. залалданғаны белгілі болды.

Аурудың негізгі ошақтары оңтүстік аймақтағы дәнді дақылдарда сақталады. Ақ ұнтақтың зияндылығы ауа райы, инфекцияның қыстау қоры және агротехникалық шаралардың деңгейімен анықталады.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 629 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...