Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гельминтоспориоз



Өткен өсу мерзімі гельминтоспориоз дағының таралуына қолайлы болды. Барлық жерде күздік және жаздық бидай егістіктерінде қара қоңыр және сары, арпада торлы және жолақ дақтары тіркелді. Күздік бидайда аурудың алғашқы белгілері наурыз айының екінші онкүндігінде Қордай ауданында (Жамбыл облысы) тіркелді. Ауру өткен жылмен салыстырғанда 18 күн бұрын, жаздық бидайда сәуір айының бірінші онкүндігінде байқалды. Таралуы 3-12 пайыздай, дамуы әлсіз дәрежеде, 0,001-0,12 пайыз.

Былтырғы жылғыдай көп көлемде залалдануы солтүстік аймақтарда байқалды. Бұл жерде гельминтоспориозды дақ ауруы мамыр айының бірінше онкүндігінде күздік бидай егістігінде, маусым айының бірінші онкүндігінде жаздық бидай егістіктерінде байқалды. Бас алу, гүлдеу кезеңінде таралуы 1,0-100 пайыз, қарқынды дамуы 0,1-60 пайызыд құрады. Жоғары дәрежедегі дамуы (49-60 пайыз) ерте егілген егістіктерде былтырғы жылдай Қостанай және Ақмола облыстарында байқалды. Егісті жинау кезеңінде жекелеген егістіктерде аурудың қоздырғыштары масақта дамығаны байқалды.

Маусым айында тат ауруының дамуына ауа райының жағдайы қолайлы болды. Оңтүстік аймақтарда (Алматы, Жамбыл облысы) таралуы 1-30 пайызды кұрап, дамуы әлсізден жоғары дәрежеде байқалды. Арпада қара қоңыр дақпен бірге торлы және жолақты дақтары байқалып, таралуы 9-96 пайыз, дамуы 2,7-24,8 пайыз.

2009 жылы гельминтоспориозды дақтардың таралуы мен дамуы деңгейі, өсу кезеңіндегі ауа райына, өсімдік қалдықтарындағы инфекция қорына, топырақта және тұқымда, алғы дақылға, агротехникалық және химиялық күресу шараларына байланысты болады. Келесі жылы өсімдік қорғау шаралары 390,4 мың га. көлемге жүргізілуі тиіс, ауа райына байланысты есепті өзгеріс болуы мүмкін.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 949 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...