Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық сабақ 6 – Сабын синтезі. Май қышқылдардың құрамын анықтау



Жұмыс мақсаты: Тамақ өнімдерінен сабынды алу. Сабын нұсқасында май қышқылдарының мөлшерін анықтау.

Жұмысты жасау: Сабынды алу. NaOHтің спирттік ерітіндісімен май гидролизін жүргізеді. Ол үшін 6 г майды өлшеп алады, фарфор стаканға салып, ерігенше қыздырады. Алынған ерітіндіні 10-15 мин қайнатады, оған 10-15 мл аса қаныққан натрий хлориді ерітіндісін қосады, су моншасында суытады. Бетінде пайда болған сабын қабатын стаканнан алып, фильтр қағазында кептіреді де өлшейді. Майдан алынған сабынның шығымын есептейді.

Жоғары қышқылдардың мөлшерін анықтау. 5 г иіс сабынды немесе кір сабынды өлшеп, жіңішке қылып турап, 100 мл стаканға салып, үстіне 50 мл дистилльденген су құйып, жабық электроплиткада сабын ерігенше қыздырады. Алынған ерітіндіге 10 мл тұз қышқылын (1:1) құйып қыздырады, ерітінді бетінде майлы қабат пайда болғанша жалғастырады (стаканның ішіне шыны таяқша салып қою керек). Стаканды суытады, шыны таяқшаны алғанда пайда болған тесіктен сұйықты құйып алады. Стаканда қалған жоғары май қышқылдарын фильтр қағазына салып, кептіреді. Қабырғасында қалып қойған май қышқылдарын скальпельмен алады, алынған қышқылды өлшеп, алынған сабын құрамында қандай мөлшерде май қышқылдары бар екенін процент бойынша есептейді.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: әдістемені сипаттау. Анализ нәтижесін жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Сабын құрамын сипатта.
  2. Сабынды алу схемасын көрсет.
  3. Саломас деген не?




Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 764 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...