Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық сабақ 4 – Қатты жаңармай анализі



Жұмыс мақсаты: Қатты жағармайдың ылғалдылығын, ұшқыш заттардың мөлшерін және күлділігін анықтау.

Жұмысты жасау: Жаңармайдың ылғалдылығын анықтау. Тас көмірді, антрацитті немесе сланецті ступкада ұсақтап, елейді. Жаңармайдын 1-2 г алып, алдын ала бюкске салып, жаңармайды бірдей қылып жайып 102-1050 С 2 сағаттай тұрақты массаға дейін кептіреді. Ылғал мөлшерін келесі формуламен анықтайды (%): , мұндағы m – кептіргеннен кейін жоғалтқан масса мөлшері, г; m1 – жаңармай массасы, г. Бірінші рет ылғалды анықтағаннан кейін екінші рет кептіруді 104-1050С 30 минуттай уақыт жүргізеді. Массасын жоғалту 0,01 г-нан аспау керек. Алынған мәліметтерді кестеге жазады.

Жаңармай массасы (г)   Массаның азаюы (г)   Ылғал мөлшері (%)
Кептіруге дейін Кептіруден кейін
       

Қатты жаңармайдың күлділігін анықтау. Алдын ала қыздырылып, өлшенген фарфор тигельге 1-2 г жаңармай салып, 250-3000С температураға дейін қыздырылған муфель пешіне қояды. Содан кейін 1-2 сағат аралығында температураны 800-8250С-қа дейін көтеріп, сол берілген температурада 1 сағат устайды. Тигель 5 мин ауада суытып бөлме температурана дейін суығанша эксикаторға қояды. Күлділік (%)=m.100/m1, мұнда m-күл қалдығының массасы, г; m1 – жаңармай массасы, г. Алынған нәтижелерді кестеге жазады.

Масса
жаңармай (г) күлдін (г) В %

Ұшқыш заттардың мөлшерін анықтау. Қатты жаңармайдың ұсақталған, құрғақ 1г жуық массасын алдын ала кептірілген, өлшенген тигельде өлшеп алады. Тигельді қақпақпен жауып 8500С дейін қыздырылған муфель пешіне қояды. Тигельдің түбі муфель астынан 10-20 мм қашықтықта устау үшін оны ыстық тірегіш затқа қойып қана пешке орналастырады. Тигельді пеште 7 мин устайды. Содан кейін тигельді алып қақпағын алмай суытады, бірінші 5 мин ауада, содан кейін бөлме температурасына дейін эксикаторда суытады. Тигельді өлшейді. , мұнда m1 – жаңармайдың қыздырғаннан кейінгі жоғалтқан массасы, г; m2 – жаңармай өлшемесі, г; mH2O – көміртегі өлшемесіндегі ылғал массасы, г. Алынған мәліметтерді кестеге енгізеді.

Жаңармай өлшемесі (г) Массаның азаюы (г) Өлшемге арналған ылғал мөлшері (г) Ұшқыш заттардың мөлшері
Грамм түрінде %

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: әдістемені сипаттау және анализ нәтижесін жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қатты жаңармай құрамына қандай элементтер кіреді?

2. Қатты жаңармайдың техникалық анализі қалай жүргізіледі?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 752 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...