Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық сабақ 7– Фенолформальдегидті шайырлардың синтезі



Жұмыс мақсаты: Термопластикалық (новолачная) және термореактивті (резолды) шайырды алу. Қасиеттерін анықтау.

Жұмысты жасау: Термопластикалық шайырды алу. Түбі дөнес көлемі50 мл колбаға 7,5г фенол және 5 мл 40%-ті формальдегид ерітіндісін салады. Қоспаны фенол ерігенше араластырады, 2-3 тамшы конц. HCl ерітіндісін қосады, колбаны кері тоңазытқышы бар пробкамен жауып 90-1000С температурада су моншасында сулы және шайырлы қабаттар бөлінгенше қыздырады. Тұрғаннан кейін бетіндегі сулы бөлігін құйып алып, шайырды метилоранж қатысында нейтралды реакцияға дейін шаяды. Чашканы кептіргіш шкафқа қойып 180-2000С дейін қыздырады. Шайыры бар чашканы өлшеп полимер ұығымын өлшейді.

Полимердің сызықты құрылысын анықтау үшін 1 г алынған затты ұсатып, пробиркаға салады 10 мл этил спиртін немесе ацетонды құяды да қыздырады. Қоспаны 5-10 мин кейін 1-1,5сағ араластырады. Сызықты шайырлар еріп кетеді.

Резолды шайырды алу. Дөнес түбті50 мл колбаға 5 г фенол, 10 мл 40%-ті формальдегид ерітіндісін және 0,5 мл 40%-ті формальдегид ерітіндісін және 0,5 мл 40%-ті NaOH ерітіндісін құяды. Колбаны кері тоңазытқышы бар пробкамен жауып, араластырып асбест сеткада температураны ақырындап жоғарылата отырып, қыздырады. Түсі қызыл тұтқыр зат пайда болғанша қыздыруды 1 сағ уақыт жүргізеді. Ыстық тұтқыр затты өлшенген фарфор ыдысқа құяды. Ыдысты кептіргіш шкафында 100-1200С температурада полимер қатқанша дейін ұстайды. Суығаннан кейін өлшеп, полимер шығымын анықтайды. Полимердің кеңістіктегі құрылысын анықтау ұшін бір кесегін ұсақтап спирт пен ацетонда еріуін қарастырады.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: әдістемені сипаттау. Анализ нәтижесін жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай жағдайда термопластикалық шайырлар түзіледі? Термопластикалық шайырлар құрылысын көрсет.
  2. Фенол мен формальдегидтің полимерленуінің қай кезінде резолды шайыр пайда болады?
  3. Шайырдың қай түрі термореактивті болады?




Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 852 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...