Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық сабақ 10 – Мұнай өнімдерінің жану және тұтану температурасын анықтау



Жұмыс мақсаты: Мұнай өнімдерінің жану және тұтану температурасын анықтау

Жұмысты жасау: Тұтану температурасын анықтайтын екі құрал түрі бар: ашық және жабық тигельмен. Тұтану температурасын анықтау кезінде ашық приборда құм моншасына салынған темір тигельді қолданады. Тигель түбі мен сауыт арасына жуандығы 5-8 мм болатындай құм сеуіп қою керек. Моншадағы құм мөлшері тигельдегі сұйықтың мөлшерімен тең болу керек. Құм моншасын штатив сақинасына орнатады. Термометрді сұйықтыққа 45мм терендікке батырады. Мұнай өнімінің тұтану температурасы 2100С төмен болса сұйықтық тигель шетінен 12 мм қашықтықта болу керек, ал 2100С жоғары болса сұйық мөлшері тигель шетінен 18 мм қашықтықта болу керек. Тұтану температурасын анықтау үшін термометрді бақылай отырып құм моншасын қыздырады. Бас кезінде мұнай өнімінің температурасын 1 минутта 100Сқа көтереді, тұтану температурасына 400С қалғанда 1 минутта 40Сқа көтереміз. Тұтану температурасына 100С қалғанда қыздыруды азайтып, әр 20С сайын микрогорелка жалынымен тигель шетінен қыздырып отырады. Жалын ұзындығы 3-4 мм, қыздыру ұзақтығы 2-3секунд.

Тұтану температурасын өнім үстінде аз қопарылыс пайда болып, түтін пайда болғанда белгілеп алады.

Мұнай өнімінің жану температурасын анықтау үшін 1 минутта 40С жылдамдықпен қыздырады және әр 20С температура жоғарлауын горелка жалынымен суйықтықтың бетінде жүргізеді. Жану температурасын өнім жанып 5с жана берген кезде белгілеп алады.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: Жұмыс әдістемесін сипаттау және алынған нәтижелерді жазу.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мұнай өнімінің тұтану температурасы деп қай температураны айтады?

2. Мұнай өнімінің жану температурасы деп қай температураны айтады?

3. Тұтану және жану температурасын анықтау жағдайлары.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 926 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...