Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық сабақ 11 – Минералды бояғыштарды алу



Жұмыс мақсаты: Минералды бояғыштарды алу

Жұмысты жасау: Баритті бояғышты алу. 300 мл стаканға барий хлоридінің ерітіндісін құяды да 800С қа дейін қыздырады. Ерітіндіні тез араластыра отырып аз порциялармен натрий сульфатының ерітіндісін жіңішке ағынмен құяды. Алынған сүт тәрізді ерітіндіні біраз уақытқа қойып қояды, осыдан кейін түзілген ұсақ кристалды BaSO4 тұнбасын фильтрлейді. Фильтратты жинап алады, егер фильтрат лайланған болса, оны сол фильтрден қайтадан өткізеді. Тұнбаны 2-3 рет шаяды. BaSO4 тұнбасын кептіргеннен кейін таза ыдысқа салып қояды.

Мырыш бояғышты алу. 500 мл-лік стаканға 0,5М сода ерітіндісін құяды да қайнағанша қыздырады. Тез араластыра отырып ыстық сода ерітіндісіне көлемі алдынғы ерітінді көлеміндей мырыш сульфатын жіңішке ағынмен құяды. Мырыш карбонаты тұнбасы түзіледі. Тұнбаны біраз уақытқа тығызданғанша қойып қояды. Декантация арқылы Na2SO4 ерітіндісін алып тастап, тұнбаны таза сумен бірнеше рет шаяды. Әр кезде тұнбаны таза сумен араластырып, біраз уақытқа қойып, декантацияны жүргізу керек. Шайғаннан кейін мырыш карбонатын фильтрлеп, фильтрде кептіреді. Содан кейін құрғақ ұнтақты фарфор тигельге салып, ашық жалында қыздырады. Реакция соңын анықтау үшін, яғни мырыш карбонатының ыдырауын анықтау үшін біраз мөлшерде сынама алып, пробиркаға салады да, үстіне бірнеше тамшы тұз немесе күкірт қышқылын қосады. Егер мырыш карбонаты толық ыдырамаса, ол қышқылмен әрекеттесіп, көмір қышқыл газы бөлінеді. Ал егер ZnCO3 толық ыдыраса, қышқылмен мырыш тотығы газ бөлінуінсіз әрекеттеседі.

Берлин лазурін алу. 120 мл 1М FeSO4 ерітіндісін стаканда қайнағанша қыздырады. Осы ерітіндіге үздіксіз араластыра отырып 90 мл 1М KSCN жіңішке ағынмен құяды. Түзілген ақ тұнбаны тұндырып, одан ерітіндіні құйып алады, 70-800С қыздырылған таза сумен екі рет шайып, ерітіндіні тұнбадан бөліп алады. Түзілген түссіз немесе аздап боялған тұнбаны қышқылдау үшін 20 мл конц. күкірт қышқылы ерітіндісін құяды, 70-800С дейін қыздырады, 30 мл конц. азот қышқылын араластыра отырып қосады. Содан кейін реакциялық қоспаны қайнағанша қыздырып, қалыпты температурада үздіксіз араластыра отырып 20-30 мин ұстайды. Қоспаны екі күнге қалдырады. Тұнба қою көк түске ие болады. Тұнбадан ерітіндіні құйып алып, оны таза сумен шайып, фильтрлейді.

Жасыл бояғышты алу – яр-медяник және Гинье жасылын алу. Яр-медяникті алу үшін 100 мл 1М CuSO4 ерітіндісіне 100 мл 1М сода ерітіндісін құяды. Түзілген тұнбаны бірнеше рет сумен шаяды, содан кейін оны сірке қышқылында ерітеді. Алынған ерітіндіні қайнағанға жеткізбей буландырады, содан кейін суытып тұнба қатайғанша қойып қояды. Содан кейін кристалды яр-медянкті негізгі ерітіндіден бөліп алады, кептіреді.

Гинье жасылын алу үшін калий дихроматының 1 массалық бөлігін кристалды бор қышқылының 3 массалық бөлігімен араластырады. Қоспаны тигельге салып, 30 минут балқығанша қыздырады. Тигельден қалған затты ступкада ұсатып фарфор ыдысқа салады, су құйып 1-2 сағаттай қайнатады. Бор қышқылы бар ерітіндісіне тұнбадан бөліп алып, екінші ыдыста кристалл түзілгенше буландырады. Бор қышқылы алынған жасыл тұнбаны ыстық сумен, содан кейін 1М күкірт қышқылымен, содан соң 1М NaOH ерітіндісімен шаяды. Фильтрлеп, 1000С температурада кептіреді.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мырыш карбонатының тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.

2. Мыс сульфатының натрий карбонатымен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 847 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...