Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық сабақ 8 – Стиролдың полимерленуі



Жұмыс мақсаты: Полистиролды алу. Полимерлену жылдамдығын анықтау.

Жұмысты жасау: Массада полистиролдың полимерленуі. Айдалған стиролға 0,5% бензоил пероксидін қосып, 3 пробиркаға 3 мл-ден дайындалған ерітіндіден алады. Пробиркаларды ауа тоңазытқышымен байланыстырып 3 сағ 60, 80, 1000 С температурада қыздырады. Полимерлену біткеннен кейін пробиркадағы затты суығаннан кейін толуолда немесе дихлорэтанда ерітеді. Алынған ерітіндіні өзінін көлемінен 5-10 есе үлкен тұндырғышқа (этанол) араластыра отырып тамшылап құяды. Полимерді тұндырғышпен шаяды, фильтрлейді және алдын ала өлшенген Петри ыдысына ауада кептіреді. Содан кейін 60-700С температурада кептіргіш шкафта тұрақты массаға дейін кептіреді.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: эксперимент әдістемесін сипаттау. Полимер шығымын және полимерлену жылдамдығын анықтау. Есептеу нәтижелерін кесте түрінде көрсет.

Еңгізілген   Температура (К)   Уақыт (с) Полимер шығымы (г, %) Полимерлену жылдамдығы (г/сағ, г/мин)
Стирол (г, моль) Инициатор(г, %)
           

Еріткіште стиролдың полимерленуі.

1-колба, 2- термометр, 3- араластырғыш, 4- кері тоңазытқыш, 5- су моншасы, 6-электр плитка, 7-мотор

Дөнес түбті колбаға кері тоңазытқышы бар, 25 г жаңа айдалған стиролды, 0,5 г бензоил пероксидін немесе ДАК және 25 г толуол салады. Ерітіндіні 90-1000С су моншасында 3 сағ қыздырады, араластырады. Осыдан кейін колбаны суытып ерітіндіні стаканға құяды, полимерді петролей эфирімен тұндырады. Содан кейін еріткішті абайлап төгіп, ыдысты қалған полимерді тұндырғышпен шаяды, фильтрлейді және тұрақты массаға дейін вакуумды кептіргіш шкафында кептіреді. Кептіргеннен кейін полимерді өлшейді, алынған мономерге байланысты шығымын есептейді. Полимерлену жылдамдығын есептейді.

Жұмыс нәтижесін өрнектеу: жұмысты орындау әдістемесін сипаттау. Полимер шығымын және полимерлену жылдамдығын анықтау. Есептеу нәтижелерін кесте түрінде көрсет.

Еңгізілген   Температура (К)   Уақыт (с) Полимер шығымы (г, %) Полимерлену жылдамдығы (г/сағ, г/мин)
Мономер (мл, г) Инициатор (г, %) Еріткіш (мл, г)
             

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Стиролдың полимерлену теңдеуін құрастыр.

2. Полистиролдың полимерлену кезінде қандай инициаторлар қолдануы мүмкін?

3. Стиролдың бутадиен -1,3 пен сополимерлену теңдеуін жазыңыздар.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 824 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...