Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

С) Діни сана 13 страница



Ш

ШАБЫТ – адамның шығармашылық қызметінің алуан түрлері үшін ерекше қолайды жай-күйі. Пушкиннің айтуынша «геометрияда да, позэияда да шабыт керек». Шабыт адамның бүкіл рухани күштерінің шығармашылық объектісіне толық шоғырлануын, еңбектің ерекше жемісті болатын cезімдік өрлеуін (шығармашылық қуанышын, шығармашылықтық құлшыныс) сипаттайды. Шабытты «құдайдың құдыреті», мистикалық интуиция немесе кенеттен нұрлану (Пла­тон, Шеллинг, Э.Гартман, 3.Фрейд, Г.Рид және т.б.). дейтін идеалистік түсінікке карама-қарсы материализм шабыттың қандай
болса да жаратылыстан тыс сипатын теріске шығарады, оны шығармашылықтың коғамдық жеке-дара стимулдарына, сондай-ақ
еңбек процесінің өзіне байланысты психикалық құбылысы peтінде қарастырады.

ШАМА – зат пен құбылыстың сандық және сапалық анықтылығының бірлігін білдіретін философиялық категория.

ШЕКСІЗДІК ЖӘНЕ ШЕКТІЛІК – объективті дүниенің бір-бірімен тығыз байланыстағы қарама-қарсы жақтарын білдіретін категориялар. Шексіздік сипаттары: 1) Әлемнің кеңістікте өмір сүруі, материяның кеңістіктегі құрылымының шексіз алуан түрлілігі, барлық материалдық жүйелердің тұйықталмағандығы; 2) әлемнің уақытта өмір сүруі, материяның жоқтан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, оның мәңгілігі; 3) материяның тұңғиықтығы мен сарқылмайтындығы, оның қасиеттерінің, өзара байланыстарының, болмыс формалары мен даму тенденцияларының шексіз алуан түрлілігі: 4) материя құрылысының сапалық әртектілігі, материя құрылымындағы сапалық жағынан әртүрлі деңгейдің шексіз көп болуы олардың әқайсысында материяның әртүрлі ерекше қасиеттерінің салдарынан болады және әртүрлі заңдылықтарға бағынады. Шектілік кеңістік пен уақыттағы барлық шектеулі күйлерді көрсетеді. Әлемдегі қандай болса да нақты сапаның шегі бар, ол белгілі бір өлшем шегінде өмір сүреді. Бірақ шектілік шексіздікпен тығыз байланыста. Әрбір шекті объект өз құрылымы жөнінен сарқылмайды, шекті объектілерді туғызатын материя жоқтан пайда болмайды және жойылмайды, тек бір түрден екіншілеріне өзгере отырып шексіз өмір сүреді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – сапалық жаңа, бұрын ешқашан болмаған бірдеңе тудыратын қызмет.

Э

ЭВДЕМОНИЗМ (гр. eudaimonia – рахат, бақыт) – этиканың гедонизмге жақын методологиялық принципі. Көне дүниенің этикалық теорияларында мейлінше толық көрінеді (Дамокрит, Сократ, Аристотель). Адамгершіліктің басты өлшемін және адамның моральдық мінез-құлқының негізін эвдемонизм бақытқа ұмтылу: жеке адамға – индивидуалистік, қоғамға – әлеуметтік эвдемонизм тән деп санайды. 18 ғ. француз материалистері Гелвеций, Дидро эвдемонизмнің жақтастары болды. Эвдемонистік этика өзінің белсенділігі мен ізгілігі жағынан христиандық бақытқа шақырады, өйткені ол о дүниелік емес осы дүниедегі бақытқа шақырады. Алайда, эвдемонизм бақыт ұғымына әлдебір жалпыадамзаттық, тарихтан жоғары мағына береді, ал антагонистік таптық қоғамда адамның мақсаты туралы бірыңғай ортақ түсінік жоқ және болуы мүмкін емес. Адамның мақсаты әлеуметтік жағынан әрқашан шартты. Сондықтан адамгершілікті эвдемонистік тұрғыдан негіздеу ғылымға сай емес.

ЭВРИСТИКА – анық емес жағдайларда проблемаларды шешу негізгі пәні болып табылатын метод немесе методологиялық пән. Эвристиканың басты проблемасы – қайшылықтарды жою.

ЭКВИВАЛЕНТТІЛІК (лат.aeguivalens - шамалас,мәндес) логикалық-екі пікірдің ақиқаттық маңызының бірдей болатындығын білдіретін қатынас. Эквиваленттілік термині неғұрлым кең мағынасында, тендік типінің алуан түрлі қатынастарын, яғни рефлекстік симметриялық және алмастырушылық қасиеттері бар қатынастарды белгілеу үшін де қолданылады. Мұндай қатынастарға геометриялық фигуралар көлемінің бірдей немесе әр түрлі болуы, көп түрлілік күшінің әр алуан болуы, қандай да болсын жүйелердің изоморфизимі, түзу сызықтардың немесе көлбеулердің паралельдігі мысал бола алады.

ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (өмір сүру философиясы) жалғыз нақты шындық ретінде адам болмысын танитын қазіргі заманғы иррационалистік философиялық бағыт. Экзистенциализмнің жалпы қағидасы – адамның өмір сүруі индивидтің әлеуметтік өмір сүруімен салыстырғанда алғашқы. Ол өз-өзіне сенімсіздікті, адамның дүниедегі жатырқаушылығын бейнелейді. «Болмыс пен әлем, - дейді экзистенциалистер, - адам тіршілігі, уайым, сезім, индивид ойларының ағыны». Экзистенциализмнің басты тақырыбы – адамның рухани әлемі, қазіргі замандағы жеке тұлғаның тағдыры; жеке адам болмысы. Тікелей өмірмәнділік, экзистенционалдық мәселелерге өмір мен өлім мәселесі жатады. Экзистенциализмді философияның ерекше бағыты ретінде қалыптастыру 20 ғ. 20 ж. аяғында өтті. Оның негізін салушылар – неміс философтары М.Хайдеггер мен К.Ясперс. М.Хайдеггер өзінің зерттеу нысанасына қорқыныш, үрей, қамқорлық сияқты түсініктерді алды. Олар сезім, адамның қайғыруы мен эмоциясы әлемін білдіреді. Зиялылық экзистенциализм (М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр, А.Камью) мен діни экзистенциализмнің (К.Ясперс, Марсель) ара жіктері бөлініп те қарастырылады, алайда олардың арасындағы айырмашылықтар өте шартты.

ЭКЛЕКТИКА - өзара іштей қабыспайтын, кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы объект туралы түйін жасайтын әдіс.

ЭКОЛОГИЯ – (гр. oikos – мекен және logos – ілім, сөз) – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Экология терминін 1866 ж. Геккель енгізді, ол бұл ұғымды табиғат экономиясы туралы ғылым ретінде түсіндірді. Яғни, экология қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсері туралы ғылым деп те түсіндірілді.

ЭКСПЕРИМЕНТ (лат. еxperimentum-үлгі, тәжірибе) – белгілі бір құбылыстарды зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен оларға белсене ықпал ету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытта өзгерту арқылы зерттеу. Эксперимент – адамзаттың қоғамдық-тарихи практикасының бір қыры, сондықтан таным көзі және болжамдар мен теориялардың шынайылығының өлшемі болып табылады.

ЭКСПЛИКАЦИЯ – дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.

ЭМПИРИЗМ (грекше emperia – тәжірибе) таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.

ЭМПИРИОКРИТИЦИЗМ – («тәжірибені сынау»), яғни махизм – негізін Авенариус пен Мах қалаған субъективтік идеалистік ағым. Эмпириокритицизм позитивизмнің бір түрі ретінде («екінші позитивизм») байқалды. «Ойлау жүйесінің экономикасын» танымның негізгі заңы деп есептеп, эмпириокритицизм тәжірибе ұғымын материя (субстанция) ұғымынан, қажеттіліктен, себептіліктен және тәжірибеге «заңсыз» қосылған «априорлық апперцепциядан» (ойлау ұғымдары) «тазартады». Соның салдарынан эмпириокритицизм «бейтарап элементтердің» немесе «иесіз» сезім-түйсіктердің жиынтығы ретіндегі дүние туралы түсінік ұсынады. Принципті координация, яғни субъекті мен объектінің тығыз байланысы туралы ілім шығара отырып эмпириокритицизм субъективтік идеализм жүйесіне айналады. Эмпириокритицизм – философиялық бейтараптылық жөніндегі талапты бүркемеленген берклишілдік пен юмизмнің қайта түлеуі. Эмпириокритицизм сондай-ақ физикадағы метедологиялық дағдарыспен, физикалық идеализм мектебімен байланысты болды. Авенариус және Махпен қатар И.Цетцольд, Ф.Карстаньен, Р.Вилли, Ф.Адлер, А.А.Богданов, В. Базаров т.б. эмпириокритицизмнің өкілдері қатарына жатады. Неопозитивизм эмпириокритицизмнің «антиметафизикалық» ілімінің жалғасы болды.

ЭНЕРГИЯ (грек. energeia–іс) – материя қозғалысының түрлі формаларының жалпы өлшемі. «Энергия» терминін 1807 жылы алғаш қолданған ағылшын ойшылы Т.Юнг болды, оның түсінігінше, қозғалыстағы дененің массасы оның жылдамдығының квадратын тудырады. Аристотель философиясында күштің бір түріне және қанадай да бір жетістікке, іске ие нәрсе, бұл сөз адам іс-әрекетіндегі белсенділігінің, батылдылығының, ерікке ұмтылысының мағынасына тең. Галлийлейден бастап 19 ғ. орта шеніне дейінгі уақытта энергияның физикалық түсінігінің пайда болуы ол қозғалысты белгілі бір шарттарда тудыру, жылдамдату, тоқтату қабілетін білдіреді, оның өзгерісі немесе қозғалыстан туындауы. Қазіргі физикада энергия түсінігінің орнына «энергияның сақталу заңы» тұжырымдалады. Ол бойынша әртүрлі энергия түрлері сәйкес шарттарда бірі басқасына айнала алады. Алайда энергия бүтіндеп және барлық айналуларда өзі өзіне тең болып қалады. Бұл принципті Роберт Майер анықтап, энергияның сақталу заңы «энергия-масса заңында» дамытты.

ЭНТЕЛЕХИЯ – (грекше entelechia – аяқталу, жүзеге асу) – мүмкіндікті шындыққа айналдыратын белсенді бастау, ал шындық мүмкіндіктің болуын жүзеге асуға әкеледі. Аристотель энтелехияны затта жүзеге асатын форма деп түсінді және актуальдік іс-әрекет ретінде энергия деп атады. Мысалы, дененің өзгеріп- қалыптасуында жүзеге асатын энтелехия – жан.

ЭНТИМЕМА (гр. еntime - ақылды) – дәстүрлі формальды логикада не алғышарт, не қорытынды айқын формада көрінбейтін дедукциялық ой қорытындысы.

ЭНЦИКЛОПЕДИСТЕР – «Энциклопедия немесе ғылымның, өнердің және қолөнерінің түсіндірме сөздігі» деген еңбектің (1751-80) құрастырушылары мен авторлары. Бұл еңбек 18 ғасырдың аяғындағы француз буржуазиялық революциясын идеологиялық жағынан әзірлеуде үлкен рөл атқарады және өз заманындағы ғылыми жетістіктердің жүйелі жинағын жасап берді. 1722 ж. дейін «Энциклопедияны» Дидро басқарып, оған Даламбер, көмектесті. Энциклопедистердің қатарында Монтескье, Руссо, Вольтер, Гельвеций, Гольбах және т.б. ойшылдар болды. «Энциклопедияда» материалистер феодалдық идеологияға қарсы мейлінше дәйекті күрес жүргізді. Э. шіркеудің ғылым істеріне араласпауын жақтады, өздерін өздерін қоғамдық прогрестің жақтаушылары деп жариялады, деспотизмді сынап, сословиелік теңсіздіктің жойылуын қуаттады.

ЭПИКУРЕИЗМ – антикалық философиядағы эллинизм дәуірінде пайда болған философиялық мектеп, негізін қалаушы Эпикур болды. Онтология, таным теориясы, физика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі – адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника – ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика – табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика – өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым. Эпикур даңқтың көпшілігіне өз этикасы арқылы жетті. Ойшыл философияның мақсаты бар деп есептеді. Бұл мақсат – адамның бақыты. Адам өлімнен, тағдырдан, о дүниеден, қайғыдан қорқады. Басқа жағынан адам рахатқа, оның ішінде сұлулықтан, талғамнан, сүйіспешіліктен мейірленуге ұмтылады. Еркін адам үшін басты рахат – таным. Дұрыс өмір сүрудің арқасында біз адамгершіліктен, әділетпен ғұмыр кешеміз. Бақытты өмірдің мақсаты – жан тыныштығы мен тәннің саулығы. Бастысы – уайым-қайғыдан қашу. «Өлімнің бізге ешқандай қатысы жоқ: біз тірі болғанда – өлім әлі жоқ, ал өлім келгенде – біз жоқпыз» деп пайымдайды Эпикур. «Елеусіз өмір сүр!» дей отырып, Эпикур әрекеттіліктен гөрі тыныштықта, атаракцияда болуды ұсынады. Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды.

ЭПИСТЕМА (грек. epistemos – білім) – нақты тарихи кезеңдегі білім шеңберін белгілейтін тәжірбиеден бұрын берілген тарихи өзгермелі құрылымдар.

ЭПИСТЕМОЛОГИЯ – философияның бөлімі, онда таным табиғатының проблемалары, білімнің шындыққа қатынасы, танымдық процестің жалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады.

ЭРИСТИКА (гр. Eristikos-даукес) – айтыса білу өнері, ол әсіресе ежелгі грек софистері арасында кең тараған. Эристика ақиқатты талас жолымен іздестіру құралы ретінде пайда болды; көп кешікпей диалектика және софистика болып бөлінді. Біріншісін Сократ өз тәсілінде дамытты. Ал софистика таласта қарсыласын жеңуге ғана ұмтылып, эристиканы кез келген пайымдауды бірдей дәрежеде ойдағыдай дәлелдеуге де, теріске шығаруға да болатын тәсілдер жиынтығына айналдырды, сондықтан Аристотельдің өзі Эристика мен софистиканың арасында айырмашылық бар деп санамады.

ЭСТЕТИКА (грек. aisthetikos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені танудың эстетикалық заңдылықтары туралы және әдеміліктің заңы бойынша шығармашылықтың түрлері мен мәні туралы ілім. Эстетика б.з.б. 2,5 мың жыл бұрын құлиеленушілік қоғамдық құрылыста Египетте, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда пайда болды. Антикалық Грекия мен Римде одан ары шарықтап дамыды. Өзінің дамуы барысында эстетика философиялық, дүниетанымдық ғылым болып қалыптасқандықтан, эстетикалық сана мен өнердің қоғамдық болмыс пен адамзат өміріне қатынасыны проблемасын шешуді қойған болатын.

ЭСХАТОЛОГИЯ – (грек. eschatos – соңғы, logos – ілім, сөз) – дүние мен адамзат өмірінің шектілігі, заман ақыры жайындағы діни ілім. Эсхатологияның негізі өзегі ретінде табиғаттағы көзге көрінбейтін күштер, жақсылық пен жамандықтың күресі, күнәһарлардың о дүниеде тозақ отына түсуі мен күнәсіздардың жұмаққа баратындығы туралы көне түсініктер болып табылады. Бұндай түсініктер иудаизм, христиан, ислам діндеріне тән. Қазіргі күні эсхатология діни футурологияның өзекті тақырыбына айналып отыр, ол қазіргі батыстық болжамшылардың өркениеттік прогресстің шектілігі, болашақтағы экологиялық және демографиялық апаттардың болуы туралы идеяларымен сіңісіп кетті.

ЭТИКА (грек.ethos - әдет, дағды, мінез) – мораль туралы философиялық ілім. Этика терминін ғылымға Аристотель енгізді. Этиканың негізгі категориялары жақсылық пен жамандық, мінез-құлықтың моральдық принциптері мен нормалары, адам өмірінің мәні мен мақсаты. Кейіннен этикада екі мәселе ажыратыла бастады: адамның қалай әрекет етуі туралы мәселе (нормативтік этика) және моральдың пайда болуы мен мәні туралы теориялық мәселе (философиялық этика).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 548 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...