Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дауларды аралық сотта қарау



2004 ж. желтоқсанның 28-гі №22-ІІІ «Аралық сот туралы» ҚР Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жасасқан азаматтық-құқықтық шарттардан туатын дау, егер ҚР заңдарында басқадай көзделмесе, аралық соттың қарауына берілуі мүмкін. ҚР-ғы аралық соттар тұрақты жұмыс істейтін аралық немесе нақты бір дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін. Аралық шешім төмендегідей ұстанымдарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

1. тараптар еркінің дербестігі – ол тараптар өзара алдын ала келісу арқылы пайда болған дау бойынша істі аралық қарауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын өз беттерінше шешуге құқылы екендіктерін білдіреді;

2. заңдылық – аралық соттар және соттар өз шешімдерінде тек ҚР Конституциясы нормаларын, ҚР заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады дегенді білдіреді;

3. тәуелсідік – оларға берілген дауларды шешуде аралық соттар және соттар өздеріне қандай да бір қысым жасалуын болдырмайтын жағдайларда шешім қабылдайтынын білдіреді;

4. тараптардың жарыспалығы және теңдігі – аралық іс қарауда тараптар құқықтардың тең көлемін пайдаланады және тең көлемде міндеттер көтереді, өзінің ұстанымын, оны дербес қорғау тәсілдері мен құралдаын өз бетінше және аралық сотқа, басқдай заңды органдар мен тұлғаларға қатыссыз таңдайды дегенді білдіреді;

Ø әділеттілік – өздеріне берліген дауларды шешу кезінде аралық соттар мен соттар және аралық іс қарауға қатысушы тараптар белгіленген талаптарды, қоғамның адамгершілік ұстанымдарын және іскерлік этика ережелерін сақтай отырып адал әрекет етуге тиіс;

5. құпиялық – бұл аралық соттар мен соттардың оларға шешуге берілген дауларды қарау барысында аралық іс қарау кезінде белгілі болған тараптардың немесе олардың құқықтық мирасқорларының келісіінсіз мәліметтерді жария етуге және оларға іс қаралған кезде мәлім болған мәліметтер туралы куәгер ретінде сұралуға құылы емес.

«Аралық сот туралы» Заңның 7 б. 1 т. Сәйкес, дау аралық соттың қарауына тараптар арасында аралық келісім жасалған жағдайда берілуі мүмкін.

Заңдарда аралық соттың қазылары сай болуға тиісті белгілі бір талаптар қарастырылған. Сөйтіп, аралық қазы тараптармен байланысы жоқ және істің нәтижесіне мүдделі емес, қажетті, жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа жеткен және аралық қазы міндеттерін орындауға келісім берген жеке тұлға сайлана (тағайындала) алады. Дауды бір өзі шешетін қазының жоғары заңгерлік білімі бар және заңгерлік жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болуға тиіс. Дауды бірлесе шешкен жағдайда аралық сот төрағасының жоғары заңгерлік білімі болуға тиіс.

Аралық қазы бола алмайтын адам – ол:

Ø ҚР заңдарына сәйкес құзырлы сотқа қазы болып сайланған;

Ø Заңмен белгіленген тәртіпте сот әрекет етуге қабілетсіз немесе ішінара қабілетті деп таныған;

Ø Соттылығы әлі алынбаған немесе өтелмеген немесе қылмыс жасады деп айып тағылған;

Ø Мемлекеттік қызметші болып табылатын адам.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2362 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...