Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу



Инвестициялар ұғымы және түрлері.

Инвестицияларды, кез келген басқа құбылыс сияқты, кең және тар мағыналарда қарастыруға болады.

Кең мағынасында пайда табу және әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызмет нысанына салынатын мүліктің кез келген түрін инвестициялар деп түсінуге болады. Инвестициялар ретінде мүліктік және зияткерлік (интеллектуалық) құндылықтардың, сондай ақ олларға деген құқықтардың ең бір алуан түрлері шығатынына болжам жасалады. Тар мағынасында инвестициялар ол инвестордың пайда (табыс) табу мақсатында салатын және материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталған жеке, қарызға алған немесе тартылған ақша қаражаты.

Инвестициялардың белгілері.

Инвестициялардың негізгі және айқындаушы белгісі олардың жеке тұтынуға емес, материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады.

Келесі белгілер инвестициялардың кәсіпкерлік маңызын ашады олар, негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады және оларды инвестор өз атынан және өзі тәуекелге бара отырып жүзеге асырады.

Ұзақ мерзімді болатыны. Әрекет ету мерзіміне байланысты, инвестицияларды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлуге болады.

Сонымен, инвестициялар бұл пайда (табыс) табу және әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында салынатын мүліктің барлық түрлері болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің әртүрлі негіздемелері және әрқилы тәсіл амалдары бар. Негізгі бөлу ретінде инвестициялардың түрлерін: капитал тудырушы және зияткерлік, мемлекеттік және жеке, шетелдік және ұлттық (отандық) деп жіктеуге болады. Инвестициялардың басқа түрлеріне келетін болсақ, мысалы, тікелей және қоржындық (портфельдік), нақты және қаржылық, ұзақ және қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары және тәуекелі аз деген сияқты қосымша түрлері болып табылады.

Капитал құрастырушы инвестициялар – материалдық және материалдық емес активтерді ұлғайтуға немесе өсіруге бағытталған инвестициялар, басқаша айтқанда, дәстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, кіріс (пайда) алудың әдістерімен, тәсілдерімен әрекет жасайды. Өз тарапынан капитал құрастырушы инвестициялар нақты және қаржылық, немесе тікелей және портфельдік (жанама) инвестицияларға бөлінеді.

Зияткерлік инвестициялар – әртүрлі деңгейдегі мамандар даярлауға, сондай-ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, т.б. шараларға бағытталған инвестициялар. Зияткерлік инвестициялардың қазіргі уақытта ең көп тараған түрлері – жоғары білім алуға арналған мемлекеттік және жеке меншік несиелері.

Мемлекеттік инвестициялар (бюджеттік қаржылар есебінен жүзеге асырылатын) және жеке меншік инвестициялар (мемлекеттік емес заңды тұлғалар немесе азаматтардың жеке қаржылары немесе қарыздары есебінен жүзеге асырылатын).

Шетел және ұлттық инвестициялар болып бөліністің жалпы танымал негізгі сол – инвестициялар инвестордың елінде әлде басқа мемлекетте жүзеге асырылуында. Біздің пікірімізше, бұл жерде әңгіме қай меншік (ұлттық жеке меншік немесе шетел мемлекеттерінің немесе халықаралық ұйымдардың меншігі) туралы болып отырғанында.

Нақты инвестициялар – нақты автивтерге айналдырылған, материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, өндіріс тиімділігін көтеруге, жабдықтарды ауыстыруға бағытталады.

Қаржылық инвестициялар – бағалы қағаздарға (оның ішінде мемлекеттік және корпроративтік бағалы қағаздарға айналдырылған) айналдырылған салымдар.

Тікелей инвестициялар - инвестордың кәсіпкерлік қызмет объектілеріне қор немесе мүліктік құндылықтар түрінде активтерді талап ету құқын алу мақсатымен материалдық және материалдық емес құндылықтарды салуы.

Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында қандай инвестициялар портфельдік деп танылады деген тура нұсқау жоқ. Шетелдік инвестициялық заңнама мен оны қолдану практикасына жасалған талдау көрсеткеніндей, заңды тұлғаның капиталына тікелей инвестицияларға белгіленген мөлшерден үлесі төмен болып келетін капитал салымын портфельдік инвестициялар деп атауға мүмкіндік береді. Сондықтан инвестор осы заңды тұлғаның қызметіне бақылау жасау құқығын алмайды, бірақ кіріс (дивидендтер) алуға құқылы.

Инвестициялардың түрлерге ажыратылуының практикада кеңінен тараған негізі – олардың ұзақтылығы, осы өлшемге сәйкес инвестициялар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді (кейде орта мерзімдік инвестициялар кездеседі). Қазақстан Республикасының заңнамасымен инвестицияларды олардың ұзақтығына қарай жіктеу жүргізілмейді. Өтеу мерзімдері бойынша инвестициялық несиелер қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-5 жыл) және ұзақ мерзімді (5 жылдан әрі) болып келеді; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар әрекет ету мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейін); орташа мерзімді (1-10 жыл); ұзақ мерзімді (10 жылдан әрі) болып бөлінеді. Алайда көптеген дамушы елдердің заңнамасымен қысқа мерзімді инвестициялардың мерзімі бір жыл ішінде аяқталады, немесе басқа да бір мерзіммен шектелмеген.

Тәуекелі аз инвестициялар ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дәрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілдігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен.

Тәуекелі жоғары инвестициялар ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дәрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инвестициялар.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 4207 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...