Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік



Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы

Кәсіпкерлік құқық теориясында «экономикалық жауапкершілік», біріншіден, әрбір өндірушінің қоғам алдындағы халықшаруашылық қажеттіліктерді қанағаттандыру және мемлекет берген ресурстарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету жауапкершілігі деп (өндірушілік және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруды жоспарлы бағалау жүйесі); екіншіден, өндірушілердің тапсырыстар мен шаруашылық шарттарына, өнім беру жоспарларына, деңгейлес экономикалық байланыстар жүйесіне негізделген, соның өнімдері мен қызметтерін тікелей тұтынатындар алдфндағы жауапкершілігі деп ұғынылады.

«Шаруашылық-құқықтық» немесе «кәсіпкерлік-құқықтық» жауапкершілік туралы айтқанда, кәсіпкерлік қызмет туралы заң нормаларын бұзғаны үшін көтеретін заңдық жауаптылықты сипаттау негізділеу болып табылады.

Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1. оның субъектілері болып тек кәсіпкер мәртебесі бар тұлғалар (яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген тұлғалар) саналады;

2. ол, негізінен, әкімшілік-құқықтық тәртіпте (мысалы, кәсіпкердің лицензиясының қызметін тоқтату немесе қайтарып алу түрінде) болады;

3. жеке кәсіпкерлік туралы, бәсекелестік туралы және т.б. арнайы заң нормаларын бұзғаны үшін қолданылады;

4. соған арнайы өкілетті мемлекеттік органдар (мысалы, лицензия беруші орган) арқылы жүктеледі.

Заңдық жауаптылықтың түрлері және олардың сипаттамалары

Заңдық жауаптылықты салалық және мамандандырылған (өзіндік) деп бөлумен қатар, заңдық жауаптылық түрлерін жіктеудің басқа да тәсілдері бар. Атап айтқанда, мынандай: қолданудың негізгі мақсаттары бойынша – жазалау және өтеу (айыппұл салу) жауаптылығы; санкциялардың қолданылу тәртібі бойынша – сот және әкімшілік жауаптылық; құқық бұзу субъектісі бойынша – құқық субъектілерінің жеке және ұжымдық жауаптылығы; құқық бұзушының кінәсінің бар екендігіне немесе жоқ болуына байланысты – кінәлі немесе кінәсіз жауаптылық.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңда жауапкершіліктің екі түрі айрықша көзделген:

1. мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысындағы мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі;

2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігі.

Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысында мемлекеттік басқару мақсаттарына жете алмауға соқтырған, сонымен бірге басқадай заңға қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) істеген жағдайда, өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті емес дәрежеде орындағаны үшін ҚР заңдары белгілеген жауапкершілік көтереді.

Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғаларына ҚР заңдары белгілеген жауапкершілік төмендегідей әрекеттер үшін жүктеледі:

1. жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметті таратқан;

2. жеке кәсіпкерлікке кедергі жасау ҚР ҚК 189 б. «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау», ҚР ӘҚБК 151 б. «Лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы»;

3. жеке кәсіпкерлікті тексерудің белгіленген тәіртібін бұзу (негізсіз тексеруді тағайындау, құжаттарды заңсыз алып қою) ҚР ӘҚБК 153 б. «Тексеруді заңсыз жүргізу».

Жеке кәсіпкерлік субъектілері ҚР бәсекелестік туралы заңын бұзғаны үшін жауапты болады (атап айтқанда, «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңның 10, 11, 12 баптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.

Жеке кәсіпкердің жауапкершілігі туралы айтқанда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 7 б. 7 т. сәйкес, жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша өндіріп алу қолданымайтын мүліктен басқа, өзінің бар мүлкімен жауапты болатынын атап кеткен жөн.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің үш түрі қарастырылған: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік төмендегідей белгілердің болуымен сипатталады:

1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – бұл мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының бірі;

2. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік өтем немесе қалпына келтіру сипатында болады;

3. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік азаматтық құқықтардың немесе міндеттердің бұзылуына жол берген адамға тиімсіз мүліктік зардаптар жүктеуден көрінеді.

Міндеттемелердің бұзылғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапты болу мынадай түрде болуы мүмкін: залалдардың орнын толтыру; айыпақы өндіріп алу; кепілақыны жоғалту немесе қайтарылған кепілақы сомасының үстіне қосымша кепілақы төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынған пайданың барлығын мемлекет кірісіне тәркілеу; кепілдікке салынған мүлікке, сонымен бірге ұстап қалу құқына сәйкес ұсталып тұрған мүлікке меншік құқын жоғалту және т.б.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі жұмыскер тәртіп бұзған кезде орын алады және тек жеке сипатта болады, жұмыскерлердің барлық санаттарына қатысты тікелей қолданылуы мүмкін. Тәртіптік деп қызмет бабындағы бағыныштылық тәртібімен ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің жұмысшылары мен қызметкерлерінің, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мүшелерінің кәсіби немесе қоғамдық қызметіне байланысты жасаған теріс әрекеттері үшін көтеретін заңдық жауіапкершілігі аталады.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің тәртіптік теріс әрекет жасағаны үшін, жұмыс беруші тәртіптік жазаның төмендегідей:

· Ескерту жасау;

· Сөгіс беру;

· Қатаң сөгіс беру;

· Жұмыс берушінің бастамашылығымен еңбек шартын бұзу сияқты түрлерін қолдануға құқылы.

Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік әкімшілік құқық бұзылған, яғни заңға қарсы, мемлекеттік, қоғамдық құрылысқа, меншікке, азаматтардың өмірлері мен деңсаулығына қауіп төндіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз) іс (әрекет немесе әрекетсіздік) жасалған жағдайда қолданылады.

Әкімшілік жауапкершілікке сипаттама бергенде, оған тән мынадай ерекшеліктерді атауға болады:

1. әкімшілік жауапкершілік жоғары дәрежеде қоғамдық қауіп тудырмайтын құқық бұзушылықтарға жүктеледі;

2. әкімшілік құқық бойынша жауапкершлік қашанда заңды немесе жеке тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті болып табылады;

3. әкімшілік жауапкершілік басымдығы бойынша жеке-құқықтық мүдделердің емес, жалпы мемлкекеттік саланың құқық бұзушылықтары салдарынан қолданылады;

4. әкімшілік-құқықтық жауапкершілік жедел сипатта болады;

5. соған өкілетті әртүрлі мемлекеттік органдар қолданады;

6. әкімшілік заң нормаларына сәйкес қолданылады және алдын алу сипатында болады.

ҚР 1997 ж. шілденің 16-ғы Қылмыстық Кодексінің экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға арналған арнайы 7-ші тарауы бар. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды екі топқа бөлуге болады:

1. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзатын қылмыстар;

2. жеке кәсіпкерлік субъектілері жасайтын қылмыстар.

Бірінші тобына мыналар кіреді: ҚР ҚК 189 бабы «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау»; 200 баптың 2 бөлімі «Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету»; «Табиғатты пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу».

Екінші тобына: 190 бап «Заңсыз кәсіпкерлік»; 191 бап «Заңсыз банктік қызмет»; 192 бап «Жалған кәсіпкерлік».





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 10838 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...