Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі



Кәсіпкерлік қызметтің нақты субъектілерінің сотқа шағымдану құқығы (шағым беру құқығы) тараптар дауды талап қою тәртібімен тікелей реттеу бойынша шаралар қабылданғаннан кейін ғана туындайды.

Талап қою талаптың мәні - тараптардың ортақ мүдделерін өзара есепке алуды қамтамасыз ететін олардың өздерінің барынша оңтайлы шешім табу мүмкіндігі деген сөз.

Талап қою тәртібі:

Ø шаруашылық дауы туған жағдайда тараптардың мүдделерін реттейтін шешімді олардың өздерінің қабылдауына;

Ø тараптардың әрқайсысына дау-дамайды шешудің мүмкін жолдарын ұсынуға;

Ø заң органының шешуіне жататын елеулі келіспеушіліктер аясын белгілеуге мүмкіндік береді.

Талап қою жұмысы нәтижесінде шешілетін міндеттер қатарына мыналар жатады:

1) кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және олардың заңды мүдделерін қорғау;

2) шарт міндеттемелерінің орындалмауын немесе тиісті дәрежеде орындалуын және басқадай заң бұзушылықтарды тудыратын себептер мен жағдайларды анықтау;

3) заң нормаларының және жасалған шарт ережелерінің бұзылуының алдын алу;

4) зардап шеккен тарапқа келтірілген залалдың орнын кінәлі адамдар есесбінен толтыру.

Талап қою жұмысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды тежейтін немесе кедергі жасайтын теріс зардаптарды жоюға немесе алдын алуға бағытталған, ал оны кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2741 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...