Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жұйесі



Жалпы құзырет органдарына, бірінші кезекте, ҚР Үкіметі жатады. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 14 бабына сәйкес ол:

1.мемлекеттік саясаттың жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді;

2.жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады.

3.Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады және таратады;

Жергілікті өкілеттік органдар:

1) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын бекітеді;

2) жергілікті атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша есептерін қарайды.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;

3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады;

Аталған саладағы арнайы құзырет органдары болып қолданастағы заңдарға сәйкес: ҚР Индустрия және сауда министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер (Өнеркәсіп және ғылыми техникалық даму комитеті, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет), сонымен қатар оның аумақтық бөлімшелері саналады. ҚР Үкіметінің 2004 ж. қарашаның 26 ғы №1237 қаулысымен бекітілген ҚР Индустрия және сауда министрлігі туралы Ереженің 1 тармағы.

3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары.

Экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің оңдай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т.б.

Мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тиісті мінез құлық уәждемесіне әсер ететін материалдық ынталандыру және қолдау (мысалы, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жолымен) жағдайларын жасау арқылы ықпал ету қажет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған:

· Тұтынушылардың тауарлар кауіпсіздігіне құқығы;

· Тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы;

· Сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.

Баға деп тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақшалай құны аталады.

ҚР баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар, көтерме бағалар, бөлшек сауда бағалары, реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.

Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті құқықтық реттеу ҚР тауар нарықтарында әділетті бәсекелестік үшін қолайлы шарттар құруға және қолдауға бағытталған. 09.07.98 ж. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңымен реттелінеді.

Кез келген мемлекетке оның қызметтерін жүзеге асыру үшін негізгі қайнар көзі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын қаржы қаражаттары қажет. Соған байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің салық міндеттерін және тиісінше салықтық реттеуді уақытында орындауының орасан зор маңызы бар. 10.12.2008 ж. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (Салық Кодексімен) анықталады.

Валюталық реттеу кәсіпкерлердің қатысуымен қатынастарды мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі болып табылады. Валюталық реттеу елдің төлем теңгерімін (баланс), ұлттық валютаның орнықтылығын нығайтуды, ішкі валюта нарығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюта операцияларын өткізу тәртібін белгілеу және оның сақталуына бақылау жасау бойынша жүргізілетін қызмет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тағы бір бағыты лицензиялау.

7-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау.

Бақылау экономиканы және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу құралдарының бірі.

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында нормативтік актілер талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау:

1) заңдылық;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы;

3) жариялылық;

4) бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі;

5) тексеру жүргізу кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу;

6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігі;

7) лауазымды міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жауаптылығы принциптеріне негізделеді.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуде көзделетін басты мақсаттар: ол кәсіпкерлік қызмет субъектілері өндіретін не сататын өнімдердің адамдар өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта қауіпсіздігін сақтау, олардың мүлкін қорғау, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қорғау, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұлттық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру болып табылады.

Осы мақсатта мынадай шаралар жүргізілуде:

- өндірілетін өнімдер сапасына ҚР заңдары арқылы талаптар қою;

- тиісті сападағы екендігіне куәлік беретін орталықтардың ашылуына рұқсат беру;

- кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау;

- кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;

- кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жауаптылығын бекіту.

Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:

1) құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куәлігін;

3) қажет болғанда режимді объектілерге баруға құзыретті органның рұқсатын;

4) мемлекеттің органның басшысы бекіткен тексеру жоспарын;

5) объектілерге бару үшін болуы қажет медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау жүргізуді өздеріне жүктелген бақылау және қадағалау қызметтеріне сай, қолданастағы заңмен белгіленген ережелерге сәйкес атқарады. Олар:

1. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;

2. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі;

3. ҚР Индустрия және сауда министрлігі;

4. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті;

5. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті;

6. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі;

7. Жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР Агенттігі;

8. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

9. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі;

10. ҚР Деңсаулық сақтау министрлігі;

11. ҚР Деңсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті;

12. ҚР Білім және ғылым министрлігі;

13. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі;

14. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

15. ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі;

16. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті;

17. ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті;

18. ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;

19. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі;

20. ҚР Ұлттық Банкі;

21. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті;

22. ҚР Әділет министрлігі;

23. ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі;

24. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;

25. ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті;

26. ҚР Ішкі істер министрлігі;

27. ҚР Туризм және спорт министрлігі;

28. ҚР Туризм және спорт министрлігінің индустрия комитеті.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 8220 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...