Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Биржа қызметін құқықтық реттеу



Биржа және биржа сауда-саттығы түсінігі мен негізгі белгілері. Биржа түрлерін жіктеу

Биржа – бұл биржа сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға. Биржа сауда саттығы ол өнімді (бағалы қағаздарды, валюта және басқадай құндылықтардды) айырбастау және сату саласы.

Кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретіндегі биржаны сипаттайтын белгілер төмендігілер болып табылады:

1.Белгілі бір биржа тауарымен сауда саттық;

2.Жария және көпшілік сауда саттық өткізу;

3.Сауда саттықты алдын ала белгіленген және белгілі бір уақытта жүргізу;

4.Биржа сауда саттығын өткізу ережелерін белгілеу.

Қандай мақсатта құрылуына байланысты биржалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. өз қызметінің басты мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін және оны құрылтайшылар арасында бөлісетін биржа коммерциялық ұйым болып табылады, ал коммерциялық емес биржалар құрылтайшылардың мүшелік жарналары есебінен қамтамасыз етіледі.

Биржалық сауда саттыққа кеушілерге рұхсат етуге байланысты биржалар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жасалатын биржа мәмілелерінің басым түріне байланысты биржалар нақты тауар биржалары (қолма қол биржа) және фъючерлік биржалар деп ажыратылады. Бастапқыда нақты тауармен сауда саттық жасайтын қолма қол биржа пайда болды. Фъючерлік биржалар, яғни кейінне тауар берілмей ақ сауда саттық жасауға рұқсат етіледі; мұндай сауда саттықтың негізгі мақсаты – шартты қайта сатқаннан кейін шарт жасасқан заттың бағасының мүмкін болатын өзгерісінен түсетін айырымды алу, сонымен бірге қолма қол тауармен жасалған мәмілені оған қойылған бағаның қолайсыз өзгеруінен сақтандыру.

Биржа тауарының түрлеріне қарай олар: тауар, қор және валюта биржалары деп бөлінеді.

Тауар биржалары белігілі бір материалдық құндылықтардың сауда саттығын ұйымдастырады, жан жақты және мамандырылған бола алады. Жан жақты биржалар арасынан Чикаго тауар биржасын, Токио тауар биржасын, Сидней фьючер биржасын, Сан Паулу тауар биржасын атауға болады. Қор биржалары бағалы қағаздармен (акциялармен, облигациялармен, опциондармен) сауда саттық өткізу үшін құрылады. Валюта биржалары шетелдік валюта сату және оның бағамын белгілеуге арналған. Аралас биржалар тауарлармен, бағалы қағаздармен және шетелдік сауда саттық жасалатын тауар-қор биржалары да бар.

Әлемдік саудадағы орны мен рөліне, сондай ақ олардың атқаратын қызметтерінің сипатына байланысты биржаларды: халықаралық және ұлттық деп бөлуге болады. Халықаралық биржалар – бұл тұрақты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығының бірнеше мемлекетті қамтитын, соларда сатып алу сату мәмілелері жасалатын түрі болып табылады. Ұлттық биржалар қызметінің саласы бір мемлекеттің аумағымен шектеледі.

Тауар биржасы

Биржалық сауданың белгiлеген тәртiбi бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта ұдайы көпшiлiк сауда өткiзу арқылы биржалық тауарлардың көтерме саудасы жөнiндегi ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асыратын, кез келген меншiк нысандарына негiзделген заңды ұйым тауар биржасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының 17.04.1995 ж. «Тауар биржалары туралы» Заңына сәйкес реттеледі.

Биржалық құрылтайшылық құжаттарды тiркелген күннен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға мәртебесiне ие болады.

Көпшiлiк сауда өткiзу дәрежесi бойынша биржалар: биржалық саудаға тек биржаның мүшелерi ғана қатысатын жабық;

биржалық саудаға келушiлер де жiберiлетiн ашық болуы мүмкiн.

Биржаны Қазақстан Республикасының аумағында заң бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар құра алады.

Биржа қызмет биржалық лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.

Биржа лицензиясы биржаға тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган, егер мынадай шарттар сақталған болса:

құрылтайшылық құжаттары мен биржалық сауда ережелерiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және өзге де нормативтi құжаттарына сәйкестiгi анықталса;

жарғылық қордың төленген бөлiгi оның жарияланған сомасының кемiнде жетпiс процентiн құраса, өтiнiш берген күннен бiр ай кешiктiрмей бередi.

Биржалық сауда:

клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен /брокерлiк қызмет/ биржалық мәмiлелер жасау;

кейiн биржада қайта сату мақсатымен /дилерлiк қызмет/ өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;

бiр жолғы келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау арқылы жүзеге асырылады.

Биржалық сауда: клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен /брокерлiк қызмет/ биржалық мәмiлелер жасау;

кейiн биржада қайта сату мақсатымен /дилерлiк қызмет/ өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;

бiр жолғы келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау арқылы жүзеге асырылады.

Брокерлiк ұйымдар, брокерлер, дилерлер және бiр жолғы келушiлер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады. Биржаның органдары: биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы, биржа кеңесi, тексеру комиссиясы болып табылады. Биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы биржаның жоғарғы органы болып табылады және биржа мен оның мүшелерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

Биржа кеңесi биржаның атқарушы органы болып табылады.

Биржа органдарының атқаратын функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi биржаның құрылтай құжаттарымен белгiленедi.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 4446 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...