Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кәсіпкерлік шарт түрлері



1. Кәсіпкерлік шарттардың түрлері және олардың жіктелуі

Заң әдебиетінде кәсіпкерлік шарттарды жіктеудің әртүрлі нұсқаулары қалыртасқан. Атап айтқанда, В.С.Анохиннің пікірі бойынша, кәсіпкерлік шарттарды жалпылай жіктеу төмендегідей көрінеді: мүлікті ақылы сату және сатып алу туралы шарттар; қызмет көрсету туралы шарттар; жұмыстарды орындау туралы шарттар; қызмет көрсету туралы шарттар; жұмыстарды орындау туралы шарттар. Сонымен. Т.В.Кашанина кәсіпкерлік шарттардың төмендегідей топтарын бөліп көрсетеді:

Ø өзіндік ұйымдастырылған шарттар;

Ø бірлескен қызмет туралы шарттар (жай серіктестік шарттары);

Ø алдын ала жасалатын шарттар;

Ø міндетті шарттар;

Ø инвестициялық шарттар;

Ø кәсіпорындарды беру тәртібі туралы шарттар;

Ø пайдаларға қатысу туралы шарттар.

ең бір жалпылай жіктеу деп шарттарды кәсіпкерлік шарттарға (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпкерлер арасында жасалған) және кәсіпкерлердің қатысуымен жасалған шарттарға (тараптардың бірі ғана кәсіпкер болып табылатын, ал екінші жағынан жай азаматтық-құқықтық шарт болып келетін) бөлуді мойындау қажет.

2. Кәсіпкерлік шартар және олардың сипаттамасы

Мазмұны бойынша кәсіпкерлік шарттар мүліктік және ұйымдастырушылық шарттарға бөлінеді.

Мүліктік шарттарға белгілі бір мүліктік игілікке, байланысты құқықтық қатынастарға қатысушылардың қызметін реттеуге бағытталған шарттар жатады. өз кезегінде, мүліктік шарттар мүлікті беруге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге жасалатын шарттар деп бөлінеді.

Мүлікті иеліктен шығару (беру) шарттары екі топтан тұрады:

1. мүлікті меншікке беру, шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару (сатып алу-сату, беру, өзара шарт жасасу, газбен, жылу және электр энергиясымен жабдықтау) шарттар;

2. мүлікті уақытша пайдалануға беру (мүлік жалдау).

Жұмыстарды орындау шарттары тұрмыстық және құрылыс мердігерлігі, жобалау және іздестіру жұмыстарының мердігерлігі, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мердігерлігі және т.б. шарттар болып табылады.

Қызметтер көрсету шарттары қатарына: жүк тасымалдау, экспедия, сақтандыру, банк қызметтері, сақтау, комиссиялар, тапсырмалар.

Ұйымдастыру шарттары кейінгі кәсіпкерлік немесе басқа қызмет үшін алғышарттар құрайды және әдетте, мүліктік шарттар жасауға негіздеме болып табылады.

Ұйымдастыру шарттары арасынан заңды тұлғалар құру туралы құрылтай шарттарын бөліп айтуға болады.

Экономикалық салалар бойынша кәсіпкерлік шарттарды төмендегідей жіктеуге болады:

1. материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу саласында – тауар беру, сатып алу-сату, айырбастау, қарыз беру, комиссиялар және кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлеріне жасалатын шарттар;

2. құрылыста - құрылыс мердігерлерлігіне, жобалау және іздестіру жұмыстарының мердігерлігіне, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар мен, құрал жабдықтарды жалға беруге, құрылыстағы делдалдыққа жасалатын шарттар;

3. ауыл шаруашылығында - өзара жасалатын, құрылыстар мен құрал жабдықтарды жалға беруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жан-жақты техникалық қызмет көрсету, басқадай ауылшаруашылық және агрохимиялық жұмыстар орындауға жасалатын шарттар;

4. көлікте – жүк тасымалын ұйымдастыруға, көлік құралын беру бойынша міндеттемелер және жүкті тасымалдауға беруге жасалатын шарттар.

5. байланыста – пошта экспедициясы, пошта жөнелтімдері, жалға беру, байланыс кәсіпорындарының телеграф арналарын және телеграфтық абоненттік байланысты беруі, Интернет байланыс беру шарттары;

6. есеп айырысу және кредит саласында (банк саласында) – банк шоттары, ақша аударымдары және банк салымдары бойынша шарттар;

7. ғылыми-техникалық прогресс саласында - ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар;

8. жер қойынауларын пайдалану саласында - өнімді беру туралы келісімдер, қызмет көрсету шарттары және бірлескен қызмте туралы шарттар;

9. бағалы қағаздар нарығында - бағалы қағаздарды сатып алу-сату.

Бұл жерде шарттардың аталаған түрлері тікелей кәсіпкелік те, кәсіпкерлердің қатысуымен жасалған шарттар болуы да мүмкін екенін, бірақ шарттардың тек бірінші немесе екінші тобына жатқызылатын жекелеген түрлерінің бар екенін ерекше атап өткен жөн. Атап айтқанда, кәсіпкерлік шарттары болып табылатындар мыналар:

Ø өнім (тауар) беру шарты;

Ø кәсіпорынды сату шарты;

Ø лизинг шарты;

Ø кәсіпорынды жалдау шарты;

Ø кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты және басқалары.

Кәсіпкерлердің қатысуымен жасалатын шарттарға мыналар жатқызылуы мүмкін:

Ø бөлшек саудамен сатып алу-сату;

Ø тұрмыстық мердігерлік шарты;

Ø прокатқа беру шарты және басқалары.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 4134 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...