Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі



Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы.

Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құқығы – субъектінің өз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік құқының мерзімі шектеусіз және мәжбүрлі түрде АК көзделген негіздемелер бойынша ғана күшін жоюы мүмкін:

1. Меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріп алу талабын қою;

2. Заң актілеріне байланысты осы тұлғаға тиесілі болу мүмкін емес мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығару;

3. Иеліктен айыру (реквизициялау);

4. Тәркілеу;

5. Жер телімін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;

6. Иесіз тұрған мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу;

7. ҚР АК көзделген басқа да жағдайлар (ҚР АК 249 б. 2 т.).

Қолданастағы заң меншіктің мемлекеттік және жеке нысаның тең дәрежеде таңуға негізделген (ҚР Конст. 6 бабы). Мүліктің азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне тиесілі болуы жеке меншікте екенін білдіреді. Кез келген мүлік жеке меншікте бола алады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Кәсіпкерлік қатынастар, мүліктік қатынастар бола отырып, заттық немесе міндеттемелік құқық қатынастары да бола алады, нысандары ретінде заттар, мүліктік құқықтар мен міндеттер, әрекеттер қолданылады. Кәсіпкерлік мүліктік емес қатынастардың нысандары болып рұхани шығармашылық өнімдері, мүліктік емес құқықтар мен міндеттер, әрекеттер саналады.

Сонымен, мүліктің төмендегідей түрлерін бөлуге болады:

· Заттар;

· Ақша;

· Бағалы қағаздар;

· Жұмыстардың нәтижелері;

· Қызметтер;

· Шығармашылық зияткерлік қызметтің нысандырылған нәтижелері;

· Ақпарат;

· Мүліктік құқықтар.

Азаматтық құқықтың ең көп тараған нысандарының қатарына заттар жатады. Заттар деп адамдарды қоршаған сыртқы ортаның материалдық нәрселерді түсініледі, оған қоса заттардың мәртебесі олардың пайдалы қасиеттеерін тек адамдар түйсінетін және игеретін материалдық құндылықтарға ие. Әдетте, заттың мүлік ретіндегі мәнін ашатын белгілер деп төмендегілер аталады:

1. зат – адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын мүліктік игілік;

2. зат тұтынушылық және айырбас құнына ие;

3. заттың көбінесе ақшалай құны болады;

4. әдетте, зат айналымға қабілетті болуға тиіс.

Заттарды түрлерге бөлуге қатысты айтылған пікірлерді қорытындылай келе, заттардың төмендегідей топтарын ажыратуға болады:

1. айналымға рұқсат етілген, айналымға шектеулі қабілетті және айналымнан шығарылған;

2. жылжитын және жылжымайтын заттар;

3. табиғаттан шыққан заттар және адам еңбегімен құрылған заттар;

4. бөлінетін және бөлінбейтін заттар;

5. басты заттар және керек-жарақтар;

6. күрделі және қарапайым заттар;

7. дара белгілі заттар және тектік белгілерімен айқындалатын заттар;

8. тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар;

9. денелі және денесіз заттар;

10. жанды және жансыз заттар.

11. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері.

Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады.

Қолданастағы жеке кәсіпкерлік туралы заңдарда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде:

1.Жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу;

2.Мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау шаралары аталған (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 4 бабы).

Мемлекеттік әкімшілік басқару түрлері мыналар:

- өндірілетін өнімдер сапасына ҚР заңдары арқылы талаптар қою;

- тиісті сападағы екендігіне куәлік беретін орталықтардың ашылуына рұқсат беру;

- кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау;

- кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;

- кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жауаптылығын бекіту.

Мемлекеттік реттеу түрлерін аумақтық белгісі бойынша, яғни ықпал ету құралдарының қандай да бір түрлерін қолдану аумағына байланысты жіктеуге болады. Соған байланысты мемлекеттік реттеуді республикалық деңгейде, аймақтық деңгейде, жергілікті деңгейде бөлуге болады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 5640 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...