Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату



1.Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру тәртібі.

Кәсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін, мүлік иеленушінің оның құрылтайшысы ретінде саналы жігерлі қызметі қажет. Егер заң жеке кәсіпкерге қатысты тек бір ғана құрылу тәсілін белгілесе, ал заңды тұлғаларға қатысты мұндай тәсілдер үшеу:

1. өкімдік – мемлекеттік билік немесе басқару органының тікелей бұйыруы, өкім беруі жолымен құрылады;

2. рұқсат беру – заңды тұлғалар өздерінің құрылтайшыларының бастамашылығымен, бірақ тиісті мемлекеттік мекемелердің рұқсат беруімен құрылады;

3. алдын ала шешу (тіркеу) – заңды тұлғаны мұндай жолмен құру үшін мемлекеттік органның рұқсаты талап етілмейді (екі шарттың болуы қажет: 1) мұндай заңды тұлға құру тәртібі заңда алдын ала көзделуге тиіс; 2) заңды тұлға мүшелерінің тиісті заң актісі талаптарына жауап беретін ұйымға бірігу туралы жалпы жиналысының шешімі болуы керек).

Заңды тұлғаның заңдық қабілеті ол кез келген заңды тұлға үшін міндетті саналатын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңмен жеке кәсіпкерлік субъектілерін заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің әртүрлі тәсілдері белгіленген. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңына сәйкес (17.04.1995 ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы) жүргізіледі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтайшылық және басқадай құжаттардың ҚР заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, тіркеу нөмірін белгілей отырып, оларға мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізбесіне енгізуді қамтиды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері – жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, айтатын болсақ, оларды тіркеу тәртібі жеке кәсіпкерлік туралы заң нормаларына сәйкес анықталады. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 27 б. 1 т. сәйкес, жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу алдын ала шешілген сипатта болады және оны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенде көрсетілген тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық салық органында есепке алудан тұрады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шектеусіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу үшін, жеке кәсіпкер тіркеуші органға:

1. Тіркеуші орган белгілеген үлгі бойынша арыз;

2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін соманың төленгенін растайтын құжат;

3. Тұпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлға екендігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. 3,5х4,5 көлеміндегі сурет;

5. Жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат.

Тіркеуші орган жеке кәсіпкерден басқадай құжаттар тапсыруды талап етуге құқылы емес және жоғарыда көрсетілген құжаттар тапсырылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркелуге алуға тиіс.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 5790 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...