Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 7. Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару. Дәріс мақсаты: Педагогикалық процестерді басқарудағы педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшеліктерін



15 лекция.

Дәріс мақсаты: Педагогикалық процестерді басқарудағы педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшеліктерін түсіндіру.

Жоспары:

1.Кәсіптік білім беруде педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері.

2.Кәсіптік білім беру кезеңінің педагогикалық кадрларын даярлаудың жүйесі.

3.Кәсіптік білім беруде педагогикалық еңбекеті ғылыми ұйымдастыру.

Педагогикалық шеберлікті жетілдіруде мұғалім үнемі ізденісте болып жан-жақты терең білімді талап ететін өзінің табиғи шығармашылық еңбекті қажет ететін ғылыми-пеадгогикалық еңбектенуден басталады. Өзіміздің тәрбиленушілерімді қоғамда сенімді және белсенді азамат етіп тәрбиелеу үшін, мұғалім осы маңызды жауапкершілікке тек қана жоғары оқу орнында ғана емес, барлық тәжірибелік қызметті процесте түпкілікті дайын болуы қажет. Жастық шақта алған білім қоры тек қана дайындық болып есептелінеді, сондықтан білімді үнемі толықтырып отыруды талап етеді.

Мектеп директорының басты міндеті-жеке тұлғаны қалыптастыру мен оқытудың сәйкес келетінін, мектеп ұжымындағы қызметтер мен осындай өмірді ұйымдастырумен қамтамасыз ете алатын, оқу тәрбие жұмысындағы мықты басқару жүйесін құру.

Жалпы айтқанда, мектептегі әдістемелік жұмыстың міндетін келесі үлгіде тұжырымдауға болады: жұмыстағы әдістемелік жұмысқа ғылым жетістіктерін енгізу бойынша педагогикалық тәжірибелерді талдау және тарату, оларды жүйелілік түрде зерттеп, мектептің педагогикалық ұжым қызметінде инновациялық бағыттарды қалыптастыру;

- мұғалімдердің дайындығын психологиялық-педагогикалық және теориялық (пәндік) деңгейде жоғарлату;

- мемлекеттік білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, жаңа білім бағдарламаларын зерттеу арқылы жұмыстарды ұйымдастыру;

- Жаңа педагогикалық технологиялармен, формалармен және тәрбиелеу әдістерімен сапаландыру;

- Жекелеген және әртүрлі диагностикалық негізде мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, жаңа нормативті құжаттарды зерттеу арқылы жұмысты ұйымдастыру: сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге; пән-мұғалімдеріне, жас мұғалімдерге; педагогикалық жұмыстан қиыншылық көретіндерге; педагогикалық стажы аз мұғалімдерге; педагогикалық білімі жоқтарға және т.б.

- өз білімін жан-жақты жетілдіруді ұйымдастыруда мұғалімдерге жеке кеңес көрсету;

- Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру.

Мұғалім қызметіне көбнесе жалпы сипаттама бергенде мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы әдістемелік, зерттеу, диагностикалық, басқару, кәсіби-адагершілік, тәрбиелік мәдениетін, кәсіби-педагогикалық бөлім құрамы арқылы мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын мақсатқа сәйкес анықтайды.

Ғылыми басқару-мақсаткерліктің негізінде басқару. Қажеттілік, (мақсаттылық) - жоғары дәрежеде ұйымдастырылған әлеуметтік жүйенің фундаментальдық (түпкілікті, тұғырлы, текті) сипаттамасы, оған мектеп те кіреді.

Бұл заңдылық біріншіден басқару қызметінің бағдарлы мақсаттылығымен бейеледі.Үлкен және күрделі жүйеде мақсат жүйе және оның бөліктері үшін өзінің анықтамасын нақтылауы оны тікелей орындаушыларға нақты өндірістік тапсырма ретінде жеткізуі қажет. Жоспарлау мен мақсат қоя білу-басқарудың сапасын арттырудың маңызды қоры.Екіншіден, заңдылық мақсатқа ұмытылу қасиетімен бейнеледі, бұл ұмтылыс мақсатқа жетудің жоспарлауға белсенділікті біріктіру, ұйымдастыру, ексеру, реттеу және талдау қызметтерінің қажеттілігін көрсетеді. Субьектінің мақсаткерлігі-бұл сыртқы және ішкі кедергілерге қарамай өзінің күш-қуатыңды мақсатқа жетуге бағындыра және басқарылатын обьектті осы мақсатқа жетуге жұмылдыра алуды білуіңді қажет етеді. Мақсат жүйесі неғұрлым көптармақты болса, соғұрлым мектеп жетекшісі жеңіл және дәлелді түрде өз қызметінің желі өз қызметінің тактикалық және стратегиялық желісін жоспарлап алады.

Келесі заңдылықтың мазмұны басқару әсерінің үздіксіздегі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым оның қорытындысы әсерлілерек (пайдалылырақ) дегенге келеді. Үздіксіздік көп жағдайда басқарудың мақсаткерлігінен өрбиді және мынадай жағдайда қол жеткізеді:а) тұрақты қызмет ететін ақпараттық жүйе және одан түсетін оқу-тәрбие процесінің барысы мен дамуы басқару әсерлерінің қорытындысының негізінде басқарылатын жүйенің өзгеруі туралы ақпараттар; б) осы ақпараттардың үздіксіз талдануы; в) осы талданудың қорытындысы бойынша жылдам басқарушылық шешімдер мен реттеуші шешімдер қабылдау; 2) мұғалімдер және оқушылар ұжымдарының ұйымдастыру ықпалдарының тұрақтылығы; д) қайтарма байланыстың негізгі желісі ретінде мектепішілік бақылауларды барлық кезеңдерде жүйелі түрді жүргізіп отыру.Ең бастысы мектеп директорының күнделікті және апталық жоспарларының үздіксіздігі.

Жетекші басқарудың стратегиясын жоспарлауды білуі керек, үйткені сол жоспардың негізінде оның нақты қызметтері іске асырылады.Таралып кеткен, бірі мен бірінің мақсаты мен стратегиялық желісі сәйкес келмейтін кейбір басқару «секірістері» (наскоки) көп жағдайда зиян келтіреді.

Басқарудың үздіксіздігі басқару циклдары деп аталатын жартылай қымталған процестердің арқасында ғана жүзеге аса алады. Бұл – жалпы даму заңдылығының бірінен-бірі ажырытылған көріністер мен нышандардың қайталануы емес, ол әлдебір даму тәртібінің бейнелуі.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1692 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...