Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары



1. Базистік оқу жоспары білім салалары пен пәндер бойынша
оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін, білім салалары мен оқу
пәндерінің құрамын, сыныптар мен оқу сатылары бойынша білім мазмұнын
меңгеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін анықтайтын нормативтерді
тағайындайды.

2. Базистік оқу жоспары білім мазмұнының инварианты және
вариативті (мектеп, оқушы) компоненттерге бөлінуі есебінен оны қалыптастыру
бойынша жалпы білім беретін оқу орнының және білім беру саласындағы
орталық атқару органдары өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін белгілейді.

Базистік оқу жоспарында басқару ұйымдары мен оқу орындары анықтайтын білім мазмүнының көлемі (сағат санымен) ерекшеленіп көрсетілген.

3. Базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігі жалпы орта білімнің
базалық компонентін құрайды. Инвариантты бөлік оқушыларды жалпы мәдени
және ұлттық мәнді құндылықтармен таныстырады, олардың бойында қоғамдық
мұраттарға (барлық оқушылар үшін міндетті сабақтар) сәйкес келетін жеке
тұлғалық сапаларды қалыптастырады.

4. Базистік оқу жоспарының базалық (инвариантты) бөлігі- әр сатыдағы
жалпы орта білім мазмұнының базалық компонентінің құрамы мен құрылымын сипаттайтын оқу жүктемесінің бөлігі.

Базистік оқу жоспарының базалық бөлігіндегі пәндер оқушыларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтармен таныстыруды көздейді, сол арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына және дамуына жағдай туғызады.

6. Базистік оқу жоспарының вариативті (жылжымалы) бөлігі жалпы
орта білімнің мектеп және оқушы компоненттерін ескереді. Жалпы орта білім
мазмүнының вариативті бөлігі оқушылар дамуының жеке тұлғалық сипатын
қамтамасыз етеді, олардың өзіндік ерекшеліктерін, оқушылар мен олардың ата-
аналарының білімдік сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді.

Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігі жалпы білім беретін оқу орындарына оқушылардың мүддесі мен қабілеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы орта білім мазмұнының көлемін өздері анықтайтындай мүмкіндіктер туғызады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтар үшін жоғары оқу орындары оқыту мерзімін қысқартуды көздейтін кәсптік оқу бағдарламалары әзілейді және іске асырады.

Кәсіптік білім беру жүйесінің тәжірибесіне Мемлекеттік стандартты еңгізу мақсаты – ол

оның құқылы, әдістемелік негізінде қайта интеграциялануы.

Кәсіптік білім стандартының академик С.Я.Батышев - стадиялық оқыту теориясы және

жұмысшы мамандарды топтастыру теорисы негізінде құрған.

Кәсіптік білім мазмұнының принциптері:

Оқу бағдарламаларында ғылым, техника, озық технология өндіріс салаларына

лайық болуы.

Политехникалық принциптің орын алуы (ол жалпы ғылыми және кәсіби-

политехникалық ұғымдардың пайдалануы).

Жалпы, политехникалық, және кәсіптік білімнің өзара байланысы мен бірлігі.

Оқу бағдарламаларына өндірістегі өзық тәжірибені еңгізу

Училище бітірген жұмысшының өндірістік біліктілігін жоғарлатуына бейімделу.

Оқу бағдарламаларына тәрбие мәселелерін еңгізу.

Оқу бағдарламаларында Федералды компоненттің болуы – ол негізгі және

региондық (арнайы) болуы.

Білім мазмұны – бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды

игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың негізгі шарты.

1992 жылы 18 қаңтарда қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» занының 4-бабанда

«Мемлекеттік білім стандарттары» деген түсінік еңгізіледі. Осы Заң негізінде «ҚР-ның

мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу және бекіту ережелері» атты № 2477 Қаулы

қабылданады.

1999 жылы жаңа «Білім туралы» Заң қабылданған соң, (ҚР-ның денсаулық, білім және

спорт министрлігі) «Бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартын

бекіту» туралы № 345 бұйрық шығарды.

Білім беру стандарты келесі мәселелерді қамтиды:

Кәсіби біліктілік талаптарын;

Білім мазмұнын;

Оқу жүктемесінің көлемі мен дайындық деңгейін;

Білім сапасын бағалаудың әдістемелік құралдарын;

Мемлекеттік білім стандартының басты құжатының бірі – ол типтік оқу бағдарламасы

болып табылады. Оқу орындары типтік бағдарлама негізінде, қажет болған жағдайда,

жұмыс бағдарламаларын жасайды.

Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім

беру жүйелерінің құрылымы мен жалпы сипаттамасы.

Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның

ғылыми, және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесінің

құрылымы мыналар болып табылады:

1. Бастауыш кәсіптік білім;

2. Орта кәсіптік білім;

3. Жоғары кәсіптік білім;

4. Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;

5. Қосымша кәсіптік білім;

Бастауыш кәсіптік білім беру – кәсіптік мектеп, лицейлерде жалпы 9-ші сынып

білімімен кәсіби мамандықты меңгеріп шығады.

Кәсіптік мектепте оқыту мерзімі – 2-3 жыл;

Кәсіптік лицейде – 3 жыл; кейбір кұрделі технологияларды үйрену – 4 жыл мерзімді

талап етеді.

Орта кәсіптік білім -кәсіптік колледждер мен, училишелерде оқу мерзімі 3-4 жыл.

Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары

бойынша қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуға болады.

Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта кәсіптік

білім береді.

Қазақстан Республикасы президентінің 11 қазан 2001 жылғы № 1459 жарлығымен

бекітілген «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес бастауыш кәсіптік білім мен, орта

кәсіптік білім берудің бір бөлігі техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтары

бойынша, еңбек нарығы сұранып отырған жаңа технологиялық талаптар негізінде,

жоғары сапалы мамандар даярлай бастау.

Маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің мынадай 5 сатысы бар (Э.Ф.Зеер

пікірі бойынша):

1. Оптация –адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіп

таңдауын қалыптастыру.

2. Кәсіптік білім беру – жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын

типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау

арқылы жетілдіру.

3. Кәсіби бейімделу – өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс

әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдыларын үйренуге өз бетінше

тәжірибе жинақтау.

4. Кәсібилену – кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қасиеттер

мен дағдыларды ұштастырыра білу, кәсіби қызметті жоғары біліктілкпен

атқара білу.

5. Кәсіби шеберлік – жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік

деңгейне жеткізіп, шағармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен

ұштастыру. Авторлық қызмет жүйесіне ену.

Профессиограмма – белгілі бір кәсіп жан-жақты сипаттама бере келе, оның адамға

қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке түлғалық, моралдық қасиеттер

сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арқылы білім, білік және дағдылық

әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады. (сойтіп, кәсіптік мектеп бітірушілерінің

дайындығы тек білім, білік және дағдылық қасиеттерден басқа да анықтайтын объективті

қажеттіліктер бар екендігі белгілі болды).

Макродеңгейде оқытудың құрылымдық мазмұны.

Макродеңгейде алынған оқытудың мазмұнының құрылымы блокты –модульді

,құрылымның негізінде пайда болды.Блокты-модульді үйлесім (негізгі құрылымдық

элементтер атауы бойынша) оқыту мазмұны нақты тасушыны ерекшелеп көрсетуге

мүмкіндік береді, соның негізінде кәсіптік білім берудің жүйесі нақтыланады.Ӛзгермелі

әлеуметтік-экономикалық шарттарға бейімделуге икемділігі.Блокты-модульді

үйлесімділік оқыту мазмұнының құрылымын қолдануды болжайды,талдау нәтижелері

жіне кәсіптік оқытудың мазмұны ның зерттемесі әр қарастырылған жоғарғы жікте

топтастырылады және мағыналы түрде қалыптасады,және функционалды аяқталған

құрылымдық элементтердің мазмұны блоктар және модульдер оқытудың бірнеше

мақсаттар немесе бір ақиқатты анықтайды.Оқыту мазмұнын талдау нақты бағытта

бастапқы білім беру кәсібінен басталады,үздіксіз кәсіптік білім беру базалық сапа

жүйесінде қарастырылады.Бірінші суретте оқыту мазмұны блоктар жіктеу бойынша

қалыптасады.Кеңейтілген кәсіп бойынша(мысалы,үш мамандық)т салалық және

салааралық кәсіп.

Педагогтер мен оқушыларды базистік оқу жоспарының бейінді компоненті бойынша қазіргі оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бейіндік оқытуға көшудің өзекті және тез шешуді талап ететін мәселесі болып табылады. Бейінді компонент мазмұны мен білім беру стандартының талаптар жүйесіне сәйкес келетін курстар, оқу пәндері, модульдер, оқытылатын элективтік курстар жиынтығынан тұрады.

Элективтік курстарды оқытудың мақсаты – оқытуды дараландыру мен оқушының әлеуметтенуіне бағдарлану, өзінің болашақ кәсіби қызметін таңдауға жауапты және саналы түрде дайындалу. Элективтік курстар әр түрлі функциялар орындай алады: қазіргі уақыттың негізгі мәселерін зерттеу, болашақ кәсіби қызметінің ерекшелігіне бағдарлану, «кәсіби сынама», танымдық, ұйымдастырушылық қызметінің дағдыларын жетілдіруге бағдарлану, базалық пәндік білімнің терендетілуі, бейіндік пәнді оқытудың кемшіліктерінің орнын толтыру. Көрсетілген функциялардың әрбірі негізгі рөл атқаруы мүмкін, алайда, элективтік курс оларды кешенді түрде орындау керек.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 6093 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...