Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 6. Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы



12 лекция.

Мақсаты: Мектеп психологының жұмысыныңмәнің ашу. Болашақ мамаңдыққа даярлау. талдау, жалпылау дағдысын қалыптастыру

Жоспары:

1.Кәсіби даярлықта кәсіптік бағдар беру және хабарламалық жұмысты ұйымдастыру.

2.Кәсіби даярлықтың алдындағы мақсат пен міндеттер.

Кәсіби бағыттылық – бұл философ, психолог, педагогтардың тұлға іс- әрекеті тұрғысын қарайтын күрделі интегральдық өзіндік білім. Біз зерттеуімізде студенттердің кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейлерін анықтау үшін «кәсіби бағыттылық» және онымен тығыз байланыстағы іс-әрекет немесе қызмет, кәсіби қызмет, тұлғалық кәсіби даму, тұлғаның бағыттылығы ұғымдарының мағына-мазмұндарына назар аударылады.

А.К. Маркованың пікірін негізге алып, кәсіптік іс- әрекетті маманның өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне орай таңдап алған кәсібін меңгеруі, кәсібінің алдында тұрған тұрған міндеттерді, оның қоятын талаптарын меңгеруі, өзін маман ретінде қалыптастырып сезінуі, кәсібі саласына өз үлесін қосуы, мамандығын жетілдіру арқылы өз тұлғасын дамытады.

Кәсіби бағыттылық адамның өз тәжірибесі нәтижесінде жиналады. Оның дамуы адамның өмірде өзін өзі анықтау мәселесін шешуіне, белгілі бір кәсіпті таңдағанда өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін дер кезінде аңғаруына және кәсіпті таңдауда қоғамдық маңызды мотивтерді ескеруіне байланысты. Кәсіби бағыттылықты дамыту - бұл тұлғаның мүддесі мен қабілетінің белгілі бір іс-әрекетке, қызығатын кәсібі қоятын талаптары мен өзінде бар қабілеттердің, тұлғаның кәсіби мүддесі мен қоғамның мамандарға мұқтаждығы арасында үнемі пайда болатын қайшылықтарды шешу процесі.

А.И.Кочетов көрсеткен бағыттылықтың даму сатыларын жалпы жоспар бойынша мына түрде көрсетуге болады: а) тұрақты және өзекті қажеттілік ретінде қызығудың болуы; б) іс-әрекетте жүзеге асырылатын бейімділіктің және тұрақты қызығудың қалыптасуы; в) кешенді және тұрақты қызығу мен әуестіктің мінез-құлықтың басты мотивтері болып, мақсатқа көзделуі; г) бағыттылықтың қалыптасуы тұлғаның басты қасиеттерінің мақсатқа көзделген байланысы ретінде болуы.

Мамандық таңдау – тұлғаның тұрмыстық әл-ауқатының және тұлғаның, қоғамның рухани байлығының көзі болып табылатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін таңдау. Кәсіби өзін өзі анықтау «Кім боламын?» және «Не істеу керек?» сұрақтарына жауап беру ғана емес, сонымен қатар өз қабілеттеріне өзіндік баға беру. Сондықтан өзінің күші мен қабілетін жүзеге асыратын кәсіпті табу жастар үшін күрделі, өйткені кәсібіне қанағаттанбаушылық кейін тұлғаның кәсібіне бейімделу процесіне жағымсыз көзқарастың пайда болуына әкеледі.

Университет қабырғасында студенттерді кәсіпке бағыттау маман тұлғаны қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның экономикалық даму жағдайларына тез бейімделіп, еңбек нарығында өз орындарын тауып, өз іс-әрекеттерінен тұрмыстық және рухани қанағат алатын, өз қабілеттерін орынды пайдаланып және шығармашылық күштерін дамытуға белсене ат салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау қажетті деп есептелінеді. Осыған байланысты біздің модель құрудағы мақсатымыз - университет студенттерінің арнайы және экономикалық дайындықтарын жетілдіру.

Қазіргі таңдағы жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жұмысын ұйымдастырудағы басты міндеттердің біріне студенттердің өзіндік жұмыстарының ролі мен тиімділігін арттыру және оның кәсіби бағыттылықты дамытуға көзделуі жатады.

Студенттің оқуы - бұл оның өз қалауы бойынша өз оқуын өзі жалғастыруы емес, бұл танымдық және кәсіби мамандығында өзін өзі жүзеге асыруға және өзін өзі жетілдіруге бағытталған оқытушының жетекшілігімен басқарылатын өзіндік іс-әрекет екенін айрықша атап өту қажет.

Студенттердің өзіндік жұмысында оқытушылар мен студенттердің арасында субъект- субъектік қатынастардың дамуы - студенттердің «өздерін өздері басқару тәртібіне» көшуін, яғни оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдеріне олардың белсенді қатысуы үшінші деңгейдегі басқару деп анықталады. Өзін өзі басқаруды адам факторының өзін өзі ұйымдастыра білу қабілеті деп қарап, оны оқу іс-әрекетінде қолдансақ, онда одан мынандай қызметтердің бөлініп шығатынын көреміз. Олар өзара бір бірімен байланысты бір мақсатқа көзделген мотивтер жүйесі, өз жұмысын өзі жоспарлау, өзін өзі ұйымдастыру (өз қызметін ұйымдастыру), өзін өзі қадағалау және өзін өзі бағалау, өзін өзі түзету.

Кредиттік оқыту жүйесіндегі жоғары білім беру орны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқу дәрежесін алуына барынша қолайлы жағдайлар жасайды. Ең алдымен жоғары оқу орны оқу жұмысын әдістеме жағынан қамтамасыз етуге жауапты. Осы мақсатта:

1. Әрбір студентті қамтамасыз ету үшін анықтамалар.

2. Әрбір пәннен студенттер мен оқытушылар үшін оқу-әдістемелік кешендер.

3. Әрбір пәннен дәрісхана жұмыстарына материалдар: лекция көшірмелері, тәжірибе және зертхана сабақ жоспарлары, оқу құрал жабдықтары.

4. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмалары мәтіндері, әр пәннен бақылау, тексеру сұрақтары, тақырыптық баяндамалар және курстық жұмыстар, электрондық оқу құралдары.

5. Білімді бақылауға материалдар: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілер, емтихандық билеттер және т.б.

6. Тәжірибе жұмысы материалдары: тәжірибе жұмысын жүргізу әдістеме нұсқаулары және жоспарлары, есеп беру құжат түрлері әзірленеді.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2637 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...