Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 4. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы



7 лекция.

Мақсат: Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің әдістері туралы білімдерді қалыптастыру.

Жоспар:

1.Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің әдістері.

2. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің әдістердің жіктеу.

Әдебиет:

1) Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы.- Алматы, 2005.

2) Керимов Л.К., Айтмамбетова Б.Р. Педагогический процесс как объект деятельности учителя.- Алматы, 1998.

3) Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Кәсіптік-техникалық пәндер. – Алматы, 2005.

4) Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Харьков, 2003. Ч.2.

Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері

Әдіс – қойылған міндеттерді шешуге арналған адамдардың іс-әрекеттерінің жолы. Оқыту әдістері – оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты әрекеттерінің тәсілдері.

Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және логикалық бірізділікпен іс-әрекет жасайтын оқытушымен оқушылардың бірлескен қимылы.

Ақпарат көздері арқылы оқыту әдістері үш топқа бөлінеді:

1. Сөйлеу әрекеті арқылы оқыту әдістері: әңгімелесу, түсіндіру, сұхбаттасу, лекция, оқулық мәтінімен жұмыс, дыбыс жазу таспаларын пайдалану, нұсқау беру.

2. Көрнекілік әдістері: демонстрациялау, иллюстрациялау, оқушының өзіндік бақылауы.

3. Практикалық әдістер: жаттығу, өндірістік-техникалық есептерді шешу, зертханалық-сарамандық жұмыстар.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері бөлінеді: репродуктивті (еске түсіру арқылы), түсіндіруші-иллюстративті, проблемалық, шамалы-іздену арқылы(эвристикалық), іздену арқылы оқыту әдістері.

Кәсіби оқытудың арнайы әдістерін – теориялық оқыту әдістері және өндірісітік оқыту әдістеріне бөлу мүмкін.

Теориялық оқыту әдістеріне: монолог түрінде жүргізілетрін әдіс; көрнекілік әдіс; диалог түрінде жүргізілетін әдіс, эвристикалық әдіс, іздену әдісі, алгоримдік әдіс, бағдарламалап оқыту әдісі жатады.

Өндірістік оқыту әдістеріне: еңбек әрекетін көрсету әдісі; диалог әдісі; жаттығу әдісі; эвристикалық әдіс кіреді. Нұсқау беру - өндірістік оқытудың ерекше әдісі (кііспе, ағымдағы, қорытынды нұсқаулар; жазбаша нұсқау /инструкциялық, технологиялық карталар/).

Ресей ғалымы Н.Е.Эргановтың проблемалық әдіс негізінде жіктеген оның екі түріне тоқтала кетейік.

I Теориялық оқытудың әдістері

1. Монолог түрінде жүргізілетін әдіс. Бұл әдіс бойынша теориялық сабақ өткізуде оқытушының рөлі басым. Окытушы ақларатгы ауызша жеткізеді, ал оқушылар болса атқарушы рөлінде болады, олардың іс-әрекеті берілген үлгі бойынша ұйымдастырылады.

2. Көрнекілік әдіс. Оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы тәжірибе түрінде түсіндіреді. Оқушылардың іс-әрекеті репродуктивті.

3. Диалог түрінде жүргізілетін әдіс оқытушы теориялық, материалдарды диалог ретінде баяндайды.

4. Эвристикапық әдіс. Оқу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол оқушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу -материалын түсіндіруде проблемалық сұрақтар қойылып, оны оқушылар оқытушы көмегімен шешеді.

5. Іздену әдісі. Окытушы мен оқушының өзара іс-әрекеті іздену арқылы ұйымдастырылады.

6. Алгоритмдік әдіс. Типтік есептер шығару барысында оқытушы оқушыларды белгілі бір жүйеде жасалған, алгоритм арқылы ұйымдастырады.

7. Бағдарламалап оқыту әдісі. Бүл әдіс оқу үрдісін бағдарламаған оқу-әдістемелік құралдар көмегімен іске асырылады.

II. Өндірістік оқыту әдістері

Өндірістік оқытудың (Н.Е. Эрганов бойынша) мынадай түрлері бар:

- еңбек әрекетін көрсету әдісі;

- диалог әдісі;

- жаттығу әдісі;

- эвристикалық әдіс.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1868 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...