Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 5. Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы



11 лекция.

Жоспар:

1. Тұлға кәсіптік білім берудегі тәрбие обьектісі және субьектісі.

2. Тұлғаның даму парадигмасы.

3. Кәсіптік білім берудегі тұлға тәрбйесі және даму.

4. Кәсіптік білім беруде портфолионы пайдалану

Әдебиеттер:

1.Буланова Топоркова М В и др Педагогические технологии -Ростов Н/Д. 2000.

2. Психологические основы профессионально технического обучения М 1988.

3.Өстемиров К.Т.б. Кәсіптік педагогика. АЛМАТЫ 2006- Б 41-66

4. Профессиональная педагогика-М.. 1997- С 111-115

Іс әрекет саналы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін адамның ортамен белсенді өзара әрекеттесуі Әр қандай іс әрекет іс әрекеттің жалпы мақсаты оның мотивтері жеке қимылдары мақсатқа жету тәсілдері оларға кіретін психикалық актілер іс әрекет нәтижесңнен тұрады

Кәсіби білім беру үдірісінде іс әрекет тұлғаның тәрбиесі және дамуының негізгі құралы болып табылады Тұлға іс әрекет арқылы дамиды тарбиеленеді Кәсіби білім беру үдірісінде іс әрекет түрлеріне

Оқу

Оқу өндірістік іс әрекет

Спорт сауықтыру әрекеті

Көркем эстетикалық іс әрекеті

Қоғамдық жұмыстар

Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек

Қарым қатынас

Ойын кіреді

Кәсіби білім беру үдерісінде тұлғаның кәсіби тәрбиесі жүзеге асырылады. Кәсіби тәрбие оқушының бойында кәсіби тәрбиесі құнды сапаларды қалыптастыру белгілі бір кәсіптік ортада таьысты еңбек етуі үшін қажетті ережелерді игеру процесі Кәсіби білім беру үдерісінде тұлға кәсіптік білім берудегі тәрбие обекьтісі және субьектісі болып табылады Оқушының педагог, оқушылар ұжымы педагогтар ұжымы кәсіптік оқу орыны басшылығы еңбек ұжымдары ұстаздар тәрбиелейді Сонымен қатар, дұрыс ұйымдастырылған тәрбие үдерісінде тұлға өздігінен тәрбиелеудің белсенді субъектісі болады.

Білім берудің пардигмасы ғалымдар мен практиктердің айтарлықтай көпшілік қабылдаған және педагогикалық теория мен білім беру практикасының одан әрі дамуныа қызмет ететін бастапқы теория, теориялық қағидалар, идеялар, сенімдер мен көзқарастар. Педагогикалық парадигма әдетке айналған қөзқарастар, белгілі педагогикалық мәселелерді шешудің үлгісі ретінде қабылданған модель.

Қазіргі таңда білім берудегі негізгі төрт педагогикалық парадигма мәлім: Бірінші парадигма оқушыларға алдын алал терең және берік білімдерді қалыптастыру, тек соңынан оларды шығармашылық міселелерді қою және үйрету керек; Екінші парадигма оқушыларға тек қана қол жетімді білімдер берілуі тиіс; Үшінші парадигма білімдер мен шығармашылық қабілеттірді теңестіру. Білімдер қалыптастыруға басымдық беріліп, оның өзі шығармашылық қабілеттірдідамытады деп есептеу; Төртінші парадигма теориялық білімдерді басымды деп есептеп практикалық ойлаудың рөлін азайту.

Оқушы іс әрекетінің нәтижелері оның жетістіктерін бағалауды жинақтаушы жүйесі, яғни портфолио арқылы ұсынылуы мүмкін. Портфолио оқушының іс әрекетінің әр түрлі салаларында оқу,қоғамдық еңбек, көркем эстетикалық физкультура және спорт, оқу өндірістер, қоғамды пайдалы және өнімді еңбек, шығармашылық, оқу зерттеу жұмыстары т.б. салаларда қол жеткізген табыстарын есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл сөзсіз оқушының білімділігін, тәрбиелілігін, оның жеке тұлғалық сапаларын үздіксіз нығайтудың маңызды құралы. «Партфолио» ұғымы білім саласына саясат және бизнес салаларыдан кәрген. Кең мағынада портфолио бұл оқу процесінің белгілі кезеңінде оқушының жеке табыстарын тіркеу, жинау және бағалаудың тәсілі.

Портфолио: Біріншіден, белгілі уақыт аралығында оқушы қол жеткізген табыстарды есепке алудың тәсілі; Екіншіден, оқышының жұмыстары және нәтижелерінің коллекциясы, оның тек тек оқу емес, әр түрлі салалрдағы іс әрекеттерін нығаюын, табықтарын көрсетеді; Үшіншіден, бұл үнемі ұйымдастырылатын оқушылар мен мұғалімджер пайдаланатын табыстар, білімдер мен дағдылардың мониторингі, оқушылардың өзара қатынастары туралы фактілер жинау.

Портфолио шет елдердегі білім жүйесңнде кеңінен пайдаланылады. Портфодлио бағалау және өзін өзі бағалудың жаңаша түрлеріне бағыттайтын дербестендірілген (әр бір оқушының өзіне сай белгіленген) бағалау тәсілі. Әдетегі бағалау тәсілдерінен тыс, портфолио оқушы еңбегін жан жақты бағалайды. Яғни, бала қай бағыттарда жұмыс істеп жатырғандығы, онда қалай табыстарға қалай табыстарға қол жеткізгендігін айқын көрсетеді. Портфолио оқышының дамуын, оның талантын, қабілеттерін көрсетеді. Ол бала қабілетті болған барлық саларды ашып береді.

Партфолионың педагогикалық міндеттері:

Оқу іс әрекетінің жоғары деңгейдегі мотивациясын қамтамасыз ету; Оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіндік білім алу мен өздігінен жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту; Оқушылардың рефлексив (өзін өзі бағалау) іс әрекетінін дамыту; Оқу іс әрекетін жобалау, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру дағдыларынқалыптастыру; Өз еңбегіне қанағаттану сезімін арттыру, шынайы жетістіктерді көрсету жолымен оқу еңбегін ынталандыру;

Оқушының жауапкершілігі, күш жігерін, еңбек нәтижелерінің сенімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2466 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...