Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 1. «Кәсіптік білім беру педагогикасы» - оқу пәні



2 лекция.

1.Курстың мақсаты мен міндеттері.

2.Кәсіптік білім берудің пәні мен обьектісі.

3.Курстың мазмұны.

Әдебиеттер:

4. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Алматы, 2007. Алматы 2010.

5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003.

6. Өстемиров К, Шәметов Н. Васильев И. Кәсіптік педагогика. Алматы, 2006.

Қоғамның даму деңгейінің шарты ретінде қазіргі кезде білім беру жүйесінің рөлі мен мәні, адам факторы өсе түсуде. Жоғары білім берудің мақсаты – қоғам мен мемлекеттің стратегиялық мүддесін қанағаттандыратын, халықаралық еңбек рыногында бәсекелес бола алатын адамды қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес ерте кәсіби бағдар беруді қамтамассыз ету негізінде жоғары сыныптағы оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесін жасауды қажет етеді.

Оқушылардың терең кәсіпалды даярлығын жүзеге асыру үшін, жоғары мектептің жоғары басқыштарының іс-әрекеті қызметіндегі басым бағыты кәсіптік білім беруді ендіру болып табылады.

Қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі деңгейде педагогикалық кадрларды даярлаудың тұтас жүйесі қажет. Бұл курс кәсіптік мектептегі жұмыс істейтін педагог-психологтардың кәсіби даярлығын қарастырады.

«Кәсіптік білім беру педагогикасы» курсының обьекті – «Педагогика - писхология» мамандығы бойынша жалпы педагогикалық жүйесінің дербес бөлігі болып табылады.Кәсіби педагогика кәсіби білім берудің педагогикалық аспектілерін зерттейді.

Кәсіби педагогиканың пәні - кәсіби білім беру үдерісі.

Кәсіби педагогика кәсіби білім берудің барлық деңгейлерінде және мкәсіптік білім беретін барлық мекемелерде білім беру үдерісінің жалпы әдіснамалық, теориялық, тарихы, әдістемелік және технологиялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының дербес саласы.

Кәсіби білім берудің жеке, арнаулы заңдылықтарын оның тарихы қалыптасқан ғылыми салалары зерттейді:

- кәсіби-техникалық білім теориясы;

- орта арнаулы кәсіби білім педагогикасы;

- жоғары мектеп педагогикасы;

- кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі.

Жеке кәсіби салаларда - әскери, музыкалық білім, көркем педагогикалар, педагогикалық білім теориясы мен әдістемесі, өндірістік педагогика т.б. қалыптасты.

Кәсіби педагогиканың категориялары: кәсіп, мамандық, кәсіби білім беру, кәсіби тәрбие беру, кәсіби қалыптасу, кәсіптік құзыреттілік, кәсіби біліктілік, кәсіби өзін-өзі жетілдіру т.б.

Кәсіби педагогиканың зерттеу әдістері жалпығылымдық және жеке ғылымдық зерттеу әдістерінен құралады. Оған:

- педагогикалық құбылыстарды теориялық талдау және синтездеу;

- педагогикалық бақылау;

- педагогикалық эксперимент;

- әлеуметтанымдық әдістер;

- еңбек іс-әрекеттерін зерттеу;

- тұлғаны еңбек барысында зерттеу;

- мамандықтарды талдау; жұмысқа қабілеттілікті зерделеу т.б. жатады.

Курс студенттердің әдіснамалық-теориялық даярлығына бағдарланған кәсіптік білім алудағы ғылыми педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруды игеруін көздейді.

Курстың мазмұнында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Қазіргі кездегі білім беруді жетілдірудің талаптары. Кәсіптік білім берудің педагогикалық принциптері. Кәсіптік білім беруде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқу процесін жүзеге асыру көзделеді. Курстың мақсаты мен міндеттері. Кәсіптік білім берудің пәні мен обьектісі. Кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың оқыту әдістері мен құралдары. Бақылау түрлері. Кәсіптік білім берудің шетелдік тәжірибесі. Білім беру процесінде курстың алатын орны. Жоғары оқу орынының білім беру процесінде алатын орны. Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері. Мектепішілік кәсібилікке бөлудің моделі. Кәсіптік білім беру мекемелері. Кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудың моделі.Кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты. Кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартудың бағыттары. Кәсіптік білім берудің оқу жоспарын құрудың принциптері. Мемлекеттік базистік оқу жоспары. Инварианттық компонент. Вариативтік компонент. Кәсіптік компонент. Элективтік оқу курстары. Кәсіптік мектеп оқушысының жеке білім алу бағыты.Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуыМектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы. Менеджмент теориясы негіздерінде білім беру мекемелерін басқару.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 5477 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...