Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 4. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы



10 лекция.

Мақсат: Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары туралы тұтас білімдерді қалыптастыру.

Жоспар:

1. Педагогикалық технологиялардың мәні мен белгілері.

2. Кәсіптік білім беру технологиясының басымдықтары.

3. Кәсіби оқытудың қазіргі технологиялары, олардың жіктемесі.

4. Ксіптік білім берудің қазіргі технологияларының сипаттамасы.

Әдебиет:

1) Өстемиров К. Т.б. Кәсіптік педагогика.- Алматы, 2006.-Б. 134-179.

2) Левина М.М. Технологии профессионального педаогического образования.- М.: Академия, 2001.

3) Сарбасова Қ.А., Шаушекова Б.Қ. Педагогика негіздері.- Қарағанды, 2004.

4) Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л.Н., Әлдібаева Т.Ә. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы.- Алматы: РБК, 1999.

«Педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген:

а) Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев);

б) алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько);

в) оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі (В.М.Монахов);

г) педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М.В.Кларин).

Кәсіби оқытудың қазіргі технологияларына мыналар:

- бағдарламалап оқыту технологиясы;

- проблемалық оқыту жүйесі;

- оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) технологиясы;

- топтық оқыту технологиясы;

- іскерлік ойындар технологиясы;

- ақпараттық технологиялар;

- қашықтықтан білім беру технологиялары;

- модульдік оқыту технологиясы;

- кредиттік оқыту технологиясы.

Бағдарламалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың 60-жж. педагогика, психология, кибернетика ғылымдарының тоғысында пайда болған. Негізін салған Скиннер (АҚШ). Оның негізінде оқыту туралы үш ұғым: 1) оқыту басқару процесі ретінде; 2) ақпараттық процесс; 3) жекелендірілген процесс ретінде алынған. Бағдарламалап оқыту оқыту бағдарламасына негізделген. Проблемалық оқыту дың ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, бір немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту – оқытудың проблемалық әдіс-тәсілдерін қоладан отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.

Топтық оқыту кезінде қарым-қатынас оқытуның негізгі құралына айналады. Оқыту үрдісінде оқушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды. Оны мына формуламен көрсету мүмкін: субъект (оқушы)-объект (пән)- субъект (оқушы). Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас жағдайында әр бір оқушының қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады№ Оқу мотивациясы күшейеді.

Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызмектінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету. Іскерлік ойын құрылымына оның процесі ретінде:

- ойнаушының өзіне алған рөлі;

- осы рөлдерді іске асырудың қспасы ретінде ойын іс-әрекеті;

- пәндерді ойын түрінде пайдалану;

- ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;

- сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».

Ақпраттық технологиялар – компьютер және басқа ақпарат құралдарымен оқытуға негізделген технологиялар. Олар қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жүйелер студентке өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту – бұл оқытушы мен оқушы тікелей өзара әрекеттесе алмайтын жағдайда ақпараттық құралдардан пайдалану жолымен бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Мұнда байланыс каналдары ретінде аудио-, бейне- және компьюерлік жүйелер қызмет жасайды. Оның ерекшеліктері: икемділік; модульділік, парллельдік, алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі, қамту, рентабелділік, жаңа ақпараттық технологиялар.

Модульдік оқыту технологиясы. Модуль – бұл міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Кредиттік оқыту технологиясы студент мен оқытушыңнің оқу жұмысы көлемінің бірізділендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту. Кредитті оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдардың көлемі бойынша, яғни кредит арқылы жүзеге асырылады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2234 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...