Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 7. Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару



14 лекция.

Мақсаты: Республикамыздағы білім беру жүйесінің басқару теориясы және методологиялық негіздерін ашып көрсету және басқару жүйесінің заңдылықтары мен принциптерінің оқу орындарын басқаруда басшылыққа алу жолдарын студенттерге түсіндіру.

Жоспары:

1.Менеджмент теориясы негіздерінде білім беру мекемелерін басқару.

2.Кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың құрлымы.

3.Білім беру мекемелерін басқарудың принциптері мен әдістері.

Білім беру мекемелерін басқару теориясының обьектісі-ол оқытудың, тәрбиенің, дамудың басқару процесі болып табылады.

Мектеп-жоғары тұрған білім беру жүйесінің органдары жағынан іс жүзіндегі негізгі басқару обьектісі(нысаны) болып саналады. Кез-келген қоғамда, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді басқару-әділ заңдылықты және оның даму мүмкіншілігін ашуға қажетті жағдайлар туғызады.

Оның мақсаты-кездейсоқ дамуды әлеуметтік бақылауға бағындыру, белгілі мақсаттарға жету үшін қажетті жағдайлар жасау. Бірақ алға, қойылған мақсаттардың қол жеткізген жетістіктер дәрежесі, ең алдымен, қоғамдық дамудың заңдарын түсіну тереңдігіне байланысты.

Әлеуметтік басқаруда, философия классиктері көрсеткендей, қоғам мен оның кейбір бөлімдерін ретке келтіру мақсатында ықпал ету, сапалы ерекшелікті сақтау, жетілдіру және дамытуды көрсеткен. Әрбір қоғамдық немесе бірлескен еңбек, салыстырмалы кең көлемде іске асырылатын, үлкен дәрежеде басқаруды қажет етеді, өйткені ол жеке жұмыстар арасында келісімділікті орнатады, оның өз бетінше қозғалыс жасайтын ағзаларына қарағанда барлық өндіруші организмдердің қозғалыстарынан шығатын жалпы қызметтерді орындайды.

К.Маркс «басқару өрісі (сфера) тек қана өндіріспен шектелмейді, басқаруды барлық әлеуметтік ағзаның ішкі ерекшелік белгісі ретінде сипаттайды, басқару іс-әрекеті бір әлеуметтік вакуумда іске асырылмайды, ол арнайы қоғамдық жағдайда іске асырылады», - деген.

Бүгінгі білім беру мәселесі қоғамның әлеуметтік өрісінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан, басқару теориясы әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына негізделеді-деп бекітуге болады, бірақ міндетті түрде білім беру жүйесінің ерекшелігін есепке алады, өйткені ол өзінің сипатын объектіден, қызметтерден және басқару әдістерінен, адамның іс-әрекетінің көптеген байланыстарынан табады.

Мектепті басқару үрдісі, оның мақсаты, әдістері, формалары (түрлері) және мазмұны қоғамның әлеуметтік тапсырысы, мемлекеттің (үкіметтің) білім беру саясатымен анықталаады.Әр түрлі әлеуметтік үрдістер сияқты мектепті басқару процесі мектепішілік әкімшіліктің басқару әрекеті арқылы ғана жүзеге асатын белгілі бір заңдылықтарға бағынады.

Мектепті басқару заңдылықтары-бұл аса мықты, мазмұнды, жалпы, қажетті, қайталанатын және обьективті байланыстар мен қатынастардың көрінісі. Олар басқарудың практикалық барысында пайда болады және көрінеді. Енді осы мектеп басқарудың, біздің көзқарасымызға сай, жалпы заңдылықтарына сипаттамалар бере кетейік.

Басқару принциптері - бұл басқаруды іске асырудағы сақталынатын негізгі ережелер. Жалпы мектепті басқарудың ғылыми негізін жасау жұмыстарының қазіргі уақытта өте маңызды мәні бар.Жалпы және кәсіптік мектептің ең бір маңызды бағыттарының бірі мектепті ғылыми түрде басқару болып табылады да, ол оқушыларды саналы және адамгершілік дайындықтарының жақсаруына, оқу-тәрбие процесінің саласының жетілуіне, педагогикалық еңбектің нәтижелі ұйымдастырылуына, мұғалімнің абыройын көтеруге бағытталған.

Басқару принциптері басқару теориясының заңдылықтарының нақты көрінісі және бейнесі болып табылады.Негізгі заңдылықтар қатарына мектеп ішілік басқару мен менеджмент мамандары мынадай заңдылықтарды қамтиды: оқу – тәрбие жұмысын басқару жүйесін бір бағытқа келтіру, оның нәтижесі субьект пен обьектіні басқару мен құрылым әрекеттік деңгейінің байланысына, оқу-тәрбие жұмысын басқарудың мазмұны мен әдістерінің келісімділігіне, мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыруының үйлесімділігі мен іс-әрекет сипатына бағынышты. Мектеп ішілік менеджменттің негізгі заңдылықтар қатарына сондай-ақ талдағыш, лайықты, иманды, басқарудың қарапайымдылығы, мектеп басшыларының әртүрлі басқару әрекетінің түрлеріне дайындығын жатқызады.

Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқа саланы басқару сияқты бір мезгілде ғылым және өнер бола алады. Басқаруда әрқашан обьективті және субьективті, заңды және шығармашылық, жеке және жалпылама болып қиюласады. Басшылық пен басқару тек сонда ғылыми бола алады, егер жалпы білім беретін мектептерде іскерлігі мен кәсіби сапасы жоғары адамдар жұмыс істейтін болса.Білім беру органдарының, мектептің жұмыс әдісі мен тәсілі, кадрлардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне өзінің ықпалын жасайды, өткені оларды елемеуге болмайды.

Басқарудың принциптеріне жататындар: мектепті басқарудағы демократизациялық пен гуманизациялық; басқарудағы жүйелік пен бірегейлік; централизация(бір орталықтан басқару) мен децтрализацияның тиімді үйлесуі; дара басшылықпен кеңесе отырып шешудің бірлігі; ақпараттың мектеп басқарудағы толықтылығы.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 3694 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...