Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 4. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы



6 лекция.

Мақсат: Кәсіптік білім берудегі тұтас педагогикалық үдерісінің мәні, оның құрылымдық компоненттері, тәрбиелеу механизмдері және заңдылықтары туралы тұтас білімдерді қалыптастыру.

Жоспар:

1.Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің мәні және құрлымы.

2.Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің заңдылықтары мен принциптері.

Әдебиет:

1) Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы.- Алматы, 2005.

2) Керимов Л.К., Айтмамбетова Б.Р. Педагогический процесс как объект деятельности учителя.- Алматы, 1998.

3) Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Кәсіптік-техникалық пәндер. – Алматы, 2005.

4) Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Харьков, 2003. Ч.2.

Біртұтас оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесі педагогикалық процесс деп аталады. Педагогикалық процесс – тәрбие объекттері мен субъекттерінің білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған дамытын өзара ықпалы. Педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиелеудың бірлігін қамтамасыз ету жолымен іске асырылатын кең мағынадағы тәрбиелеу процесі. Педагогикалық процесс педагогикалық жүйелер жағдайларында іске асырылады. Педагогтар мен оқушылардың мақсатқа сай өзара әрекеттесуі, өзара ықпалы іске асырылатын барлық түрдегі білім беру мен тәрбиелеу мекемелері педагогикалық жүйелер болып табылады.

Кәсіби білім берудегі тұтас педагогикалық үдеріс жалпыпедагогикалық (жалпыдидактикалық) және кәсіби оқытуға ғана тән арнайы принциптерге негізделеді. Кәсіби оқыту үдерісінде басшылыққа алынатын жалпыдидактикалық принциптер қатарына:

- оқытудың ғылымилығы мен қолжетімдігі;

- оқытудың көорнекілігші мен ғылыми-техникалық ойлаудың дамуы;

- оқытушының басшылығы негізінде оқушылрдың саналы шығармалық әрекеті;

- оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі;

- оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу;

- оқытудың ғылыммен, практикамен және өндіріспен байланысы;

- білім, білік және дағдының берік орнығуы.

Кәсіби оқыту үдерісінің арнайы принциптері:

- жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіби бағыттау принципі;

- оқу материалын игеруде технологиялық бірізділік принципі;

- оқу үдерісі кезінде кәсіби қызметті модельдеу принципі;

- кәсіби жұмылдыру принципі;

- кәсіби оқытудың модульдік принципі.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2434 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...