Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 3. Кәсіптік білім берудің мазмұны



4 лекция.

Мақсат. Кәсіптік білім беру мазмұны ұғымы, оны жаңартудың бағыттары, оны құрудың принциптері, оны анықтайтын құжаттар туралы тұтас білімдерді қалыптастыру.

Жоспар:

1. Кәсіптік білім беру мазмұнының ұғымы.

2. Кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартудың бағыттары.

3. Кәсіби білім беру мазмұнын құрастырудың принциптері.

4. Кәсіптік білім беру стандарты және бағдарламалары.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.- Астана, 2007.

2.Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім.

3.Айқынбаева г.Қ. Мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыруда білім мазмұнын іріктеудің ерекшеліктері.

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болшып табылатын біім берудің әр бір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларында айқындалады.

Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттардың қатарына:

- оқу жоспарлары;

- типтік оқу бағдарламалары;

- оқулықтар мен оқу құралдары кіреді.

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары – білім берудің белгілі деңгейінде білім алушылар меңгеруі тиіс болан білімдер, іскерліктер мен дағдылардың минимальдық көлемін анықтайтын құжат.

Оқу жоспары – білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.

Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәнібойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік мен дағдылардың мазмұны мен көлемін анықтайтын бағдарлама (құжат).

Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердіңи бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған. Кәсіптік оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:

1) техникалық және кәсіптік білім беретін;

2) орта білімнен кейінгі білім беретін;

3) жоғары білім беретін;

4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларына бөлінеді.

Жалпы орнта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.

Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары орта білімі бар (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) азаматтар қатарын гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлауға бағытталған.

Жалпы орта білімі бар азаматтардың орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары (медицина мамандықтарынан басқа) игеру мерзімі кемінде екі жыл, ал техникалық және кәсіптік білімі бар адамдар үшін кемінде бір жыл.

Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны:

1) кәсптік пәндермен қатар жоғары білім берудің 1-2 курстарының кәспітк оқу бағдарламаларымен интеграцияланған, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылымижаратылыстану пәндерін оқуды;

2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігін беруді көздейді.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары біліктілігі және «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының дңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, «бакалавр» академиялық дәрежесі берілген адамдар біліктілік талаптары жоғары білімді көдейтін лауазымдарды атқара алады.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны: жалпы білім беретін пәндер циклін; базалық пәндердің циклін; бейіндеуші пәндердің циклін зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

Пәндердің әрбір циклі міндетті құрамдас бөлікті пәндерден және таңдау бойынша құрамдас бөлікті пәндерден тұрады. Білім алушылардың таңдауы бойынша құрамдас бөліктен тұратын пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөлікті пәндерді толықтыруы тиіс.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттарымен айқындалады және кемінде 4 жыл болуға тиіс. Тақырып 3. Кәсіптік білім берудің мазмұны

5 лекция.

Мақсат. Кәсіптік білім беру мазмұның анықтайтын құжаттар туралы тұтас білімдерді қалыптастыру.

Жоспар:

1.Мемлекеттік базистік оқу жоспары.

2.Инварианттық компонент. Вариативтік компонент. Кәсіптік компонент.

3.Элективтік оқу курстары.

4.Кәсіптік мектеп оқушысының жеке білім алу бағыты.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.- Астана, 2007.

2.Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім.

3.Айқынбаева г.Қ. Мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыруда білім мазмұнын іріктеудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасының білім саясаты білім берудің мемлекеттік стандартын жасау және енгізу арқылы жүзеге асады. Педагогикадағы стандарттау- көп типті мектеп жағдайында білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуге ықпал ететін білім беру процесін жобалаудың жаңа тәсілі.

Стандарт мектеп түлектерінің білім деңгейіне мемлекеттің қоятын минимум талаптарын және оған жетудегі мемлекеттің кепілдіктерін айқындайды. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-бабының 4-параграфында: "Мемлекет жалпы білім беру стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес болуы тиіс" деп көрсетілген. Мемлекеттік стандарт жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында олардың меншіктік түріне және типіне тәуелсіз сақталуы міндетті. Стандартты енгізудің негізгі мақсаты- қоғам сұраныстары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес азаматтар білімділігінің орнықты деңгейін қолдау, барлық оқу- тәрбие орындарында білім алуға тең жағдайларды қамтамасыз ету, мектеп түлектерінің білімі мен біліктеріне бірдей талаптар тағайындау.

Мемлекеттік стандарттың негізгі компоненттерінің бірі- базистік оқу жоспары (БОЖ), ол оқыту тілдері әр түрлі мектептердің барлық сатылары үшін типтік жоспарлар жасауға негіз болатын нормативтер кешенін анықтайды. БОЖ мектеп құрылымы туралы, оқу пәндерінің минимал жиынтығы, мазмұндық толымдылық және оқыту жылдары бойынша білім салаларының өзара қатынасы туралы түсінік береді, әрбір пән бойынша минимум оқу жүктемелерін көрсетеді. Онда инвариантты (өзгермейтін) және вариативті (жылжымалы) бөлімдер ерекшеленеді. БОЖ- ның инвариантты өзегі жеті білім саласынан тұратын мемлекеттік компоненті құрайды: "Филология", "Математика", "Жаратылыстану", "Қоғамтану",''Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру". Пәндер бойынша оқу жүктемелерінің көлемін анықтау барысында бүл стандартта әрбір білім саласы ұсынылуының орташа әдемдік мәні ескерілді.

Вариативті бөлік арқылы мектеп компоненті жүзеге асырылады, ол білім беруде демократияландыру ұстанымдарын жүзеге асыруға ықпал етеді, педагогтардың шығармашылық әлеуметтерінің көрінуіне мүмкіндіктер туғызады, оқушыларға қосымша білім беру бағдарламанын таңдауға қүқық береді. БОЖ- ның оқушы компоненті білім алу процесін даралауға, оқуды мотивациялауды дамытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен білім стандарты білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кепілдіктер бере отырып, оқытудың әдістері мен түрлерінің мазмұнын рәсімдемейді, оқу материалының құрамы мен көлеміне қатаң талап қоймайды. Ол өз ішінде сан алуан білім модельдерді жүзеге асуы мүмкін шектерді ғана көрсетеді.

Еліміздегі ең алғашқы білім беру стандарты 1998 жылы дайындалады. Оны жетілдіру білім беру сапасын көтеру қажеттілігінен, өзгермелі әлеуметтік жағдайларға білім мазмүнын сәйкестендіруден туындап отыр. Стандартты қайта өңдеп, жетілдіру қажеттілігінің басты негіздемесі - демократияландыру, ізгілендіру және интеграциялау негізінде Қазақстандағы білім беру сапасын әлемдік деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 4590 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...