Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Іштен біткен жүрек ақаулары. Кіші қанайналым шеңберінің қанға кедейлігі оң қарыншадан шығатын қан жолында бөгеттің



Кіші қанайналым шеңберінің қанға кедейлігі оң қарыншадан шығатын қан жолында бөгеттің болуымен сипатталады. Қанның өкпеге аз келуі оның өкпе ішінде өттегін қосып алуын азайтады, сондықтан тіндер мен ағзаларға баратын қанның бойында оттегі жетіспеуі орын алады.

Ауру балаларда ентігу және көгеру байқалады. Ми тінінің оттегі жетіспеуіне сезімталдығы ауру баланың талып қалуына, ентігудің және көгерудің күшеюіне, ақыл-ойы нашарлауға әкеліп соқтырады.

Өкпе артерисының оќшауланѓан тарылуы

Ө к п е а р т е р и я с ы н ы ң о қ ш а у л а н ы п т а р ы л у ы. Артерия қақпағы кезінде үшке бөлінбей қалуы туған соң тамыр саңылауының тарылуына соқтырады, сөйтіп қан кіші шенберге аз келуіне және оң қарынша жұмысына ауртпалық түсуіне душар етеді. Клиникалық көріністері: ентігу, көгеру, жүрек көлемінің ені кеңейюі жатады. Сол жақтан 2-3 қабырға арасында қатты естілетін систолалық шу пайда болады, өкпе артериясы түсында жақсы естілетін І тон әлсірейді. Жүрек үшында естілетін І тон күшейеді.

Фалло ауруы.

Көгеруменен сырттай белгілі болатын ақаулар ішінде ең жиі кездесетін түрі. Көп тарағандары:

1. Фалло тетрадасы - өкпе артериясының тарылуы, жоғары орналасқан қарыншааралық перденің кемістігі, қолқаның оңға орын алмастыруы (транспозициясы), оң қарыншаның орын алмастыруы (транспозициясы)

2. Осы төрт ақауға жүрекше аралығының кемістігі қосылса - ауруды Фалло пентадасы дейді

3. Егерде Фалло тетрадасында жүрек қарынша аралығының кемістігі болмаса - Фалло триадасы деп атайды.

Кіші қанайналым шеңберіне қан аз көлемде түседі. үлкен қанайналым шеңберіне қарынша аралық қалқа кемістігі «үстінде отырған» аорта арқылы аралас қан түседі – сол қарыншадан артериялық және оң қарыншасынан – көк тамырлық. өкпе артериясының тарылуына және аортаның жоғары қысымына байланысты оң қарынша үлкейе бастайды.

Саусаќтар µзгерістері

Баланың табиғи дамуы төмендейді, ентігу, көгеру пайда болады. Осы белгілер бала ана сүтін емгенде, қималы көбейгенде күшейе түседі. Тырнақтары көгеріп, «сағат әйнегі» тәріздес томпаяды. Жүрек көлемі сол жаққа өскен, «кебіс» тәріздес пішінде болады. Төс сүйектің сол жағында қысқалау түрде, қаты естілетін систолалық шу болады. Өкпе артериясы тұсындағы ІІ тон әлсіз естіледі. Бірте-бірте ентігу – көгеру ұстамалары шыға бастайды. Осындай ұстамалар бірнеше сағатқа дейін созылады. Ұстамалардың әсерін азайту үшін, ауру бала жүресінен отыра қалады (осылай отырғанда, қан аяққа аз, миға көбірек баратын жағдай туады). Инфекциялық созылмалы ошақтары жиі дамиді, ми абсцессі болуы ықтимал. Ересек кезде сабақ үлгерімі нашар, ұмытшылық, бала білетінінің есінде қалмауы мүмкін. Операция дер кезінде жасалынбаса, баланың жасы ұзаққа бармайды.

Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3133 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...