Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Демікпе



Д е м і к п е - ол бронх өткізгіштігімен байланысты бірте - бірте пайда болатын экспираторлық ентікпемен сипатталатын созылмалы ауру.

Бала шағында 3 негізгі түрі бөленіп шағырады: атопиялық, инфекциялы – аллергиялық және аралас.

С е б е п т е р і:1) әр түрлі аллергендер (үй шан-тозаңы, дәрі-дәрмектер, гүлдің аталығы, әр түрлі тағамдар, жануарлардың жүні, аквариумдағы балықтар т.б.) 2) демікпенің жұқпалы-аллергиялық түрі пайда болуына вирустар, бактериалар, саңырауқұлақтар қатысады. Аурудың дамуына психикалық және ауа райының әсерлері себеп болады.

П а т о г е н е з і:Негізінде – аллергиялық механизмдер жатыр. Баланың аллергиялық реакциялар бойынша бейімділігі тұқым қуалаушылыққа және дене бітіміне байланысты. Кенірдектің және бронхтардың әр түрлі заттарға жоғары сезімталдалдығынан тыныс жолдары бітеледі де (обструкциясы), демікпеге әкеліп соқтырады. Бронхтар өткізгіштігінің бұзылысы олардың тегіс бұлшық еттерінің жиырылуымен, шырышты қабықтың ісінуімен, ұсақ бронхтардың нашар бөлінетін қақырықпен бітеліп қалуына байланысты.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с і:Аурудың ағымында жаршылар кезеңі, тұншығу кезеңі, ұстамадан кейінгі және ұстама аралық кезеңдерін бөліп шығарады.

Жаршылар кезеңі (ұстама алдындағы кезең) ұстамаға дейін бірсыпыра минуттан бірнеше күн бұрынбасталады. Бала мазасызданады, ұйқысы бұзылады, терісі және көздері қышиды. Кейбір кездерде бала түшкіреді, басы ауырады, мұрыны бітеліп, сары сулы сұйықтық бөлінеді.

Тұншығу ұстамасында балаға ауа жетпей, кеудесі қысылып, айқын экспираторлық ентікпе пайда болады. Дем алуы қысқарса – дем шығаруы бірнеше ретке дейін ұзарады, тынысы шулы, сырылдар қашықтан естіледі. Кішкентай балалар шошып, төсекте мазасызданып аунап, үрейі ұшады. үлкен балалар жағдайын жеңілдету үшін алға еңкейіп, шынтақтарын тізелеріне қойын отырып, аузымен ауаны жұта бастайды. Бала беті көкшіл, дем алуға қосымша бұлшық еттері қатысады, мұрын желбезектері көтерілген, жөтілгенде өте қою, жабысқақ қақырық бөлінеді. Перкуссиялағанда - қорапты дыбыс, тыңдағанда - қатандау тыныс, көп мөлшерде құрғақ ысқырған сырылдар, сықырлау естіледі. Жүрек тондары күңгірт, тахикардия. ¦стама аяғында қою қақырық бөліінеді де, бала ұйықтап қалады. Ұстамадан кейінгі кезеңде бала жағдайы біртіндеп жақсарады, бірақта ылғал жөтел бір-неше күнге дейін сақталады.

Д и а г н о зы: Жалпы қан анализінде – эозинофилдер көп мөлшерде. Қақырықта Шарко - Лейден кристаллдары (қиратылған эозинофилдер). Қанда - иммуноглобулин мөлшері көбейген. өзіне тән аллергенді анықтау үшін ұстама аралығында аллергендермен терілік сынақтар өткізіледі.

Е м д е у: Ұстаманы бекіту үшін келесі дәрілерді қолданады: 1. бетта-адрености-муляторлар (адреналин, тербуталин, орципреналин, сальбутамол, изадрин,), 2. метилксантин қатарының дәрілері (теофиллин, эуфиллин), 3. холинолитиктер (атропин, платифиллин), 4. қиыстырылулы препараттар (солутан, беродуал, антастман, теофедрин).

¦стама аралық кезеңде тұншығу ұстамасына қарсы шараларды қолдану керек: аллергендермен қарым-қатынасты жою, тыныштық жағдайды тудыру, бөлмені желдетіп тұру, тамақ және шағына байланысты күн тәртіптерді сақтау. ¦стаманың түрінде бронхспазмолитиктерді ингаляциялау (булау) немесе түймедақ түрінде қолданады. Орташа түрінде – оларды парентералды жолмен еңгізеді, көмектеспесе - тері астына 0,1% адреналин ерітіндісін немесе алупентті еңгізеді. Осымен қатар, оттегі, антигистаминдік дәрілер, транквилизаторлар, протеолиздық ферменттер беріледі. өте кең тыныс гимнастикасы, мөлшерленген физикалық жұмыс, ине-, гипно-, баротерапия қолданылады. Жұқпаларға байланысты созылмалы ошақтардың санациясы өткізіледі.

Демікпенің ауыр түрі және астмалық ағымы бар аурулар қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылады. Ауыр түрдегі демікпе емінің негізінде ылғалданған оттегі және бетта-адреностимуляторларды беру жатыр. Аэрозольдерді 5-10 минут, кейде 20-30 минут бойы қолдануға болады. Ауыр демікпе статусында аэрозол түрінде берілген дәрілер және оттегі ұсақ бронхтарға жетпеуіне байланысты, тері астына 0.1% адреналин ерітіндісін (0.01 мл/ кг, ең көбі - 0.3 мл/ кг). Адреналинді 3 реттен артық емес 30 минут аралығымен еңгізеді. Демікпе емінде 2,4% эуфиллин ерітіндісі қолданылады (7-24 мл/ кг). Сұйықтықтар жойылынуына қарсы және қақырықтың бөлінуін жақсарту үшін инфузиялық емдеу қолданылады («Ацесоль», «Диссоль», физиологиялық ерітінді, Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі). Аэрозоль түрінде не тамыр арқылы глюкокортикоидтар ((3-5 мг/ кг) еңгізіледі. өткізіліп жатқан емнің пайдасы тимей жатса - ауруға эндокеңірдекті интубация және жасанды өкпе вентилляциясы жасалады. ¦стамадан кейінгі кезеңде ауруды амбулаторлы жағдайда емдейді. Осы кезде ата-аналарды және балаларды ингаляцияларды дұрыс жасауға, кеңестерді ұқыпты орындауға үйреткен жөн. ¦стама аралық кезеңде, аллерген белгілі болғанда, әдейіленген гипосенсибилизация өткізіледі. Аллергиялық медиаторлар азат болуының алдын алу үшін ауру балаға интал, кетотифен беріледі.

А л д ы н а л у. Біріншілік алдын алу - обструктивті бронхиті, стеноздаушы ларингиті, тамақ және дәрі - дәрмектерге байланысты аллергиясы бар балаларды бақылау. Екіншілік алдын алу - демікпемен ауыратын балаларды демікпе ұстамасынан сақтау. Алдын алу шаралар арасында үй тазалығын тудыру, кенелерді жою үшін препараттар қолдану, шаңды жою, түнде пайда болатын демікпе ұстамасында теопек, интал, кетотифен, бромгексин қолдану.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2442 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...