Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Іштен біткен жүрек ақаулары



Бұл ақаулар тобына кіші және үлкен қанайналым шеңберлер арасындағы патологияық байланыстың арқасында артериялық қанның кіші шеңберге шамадан артық түсу жатады.

Ең жиі кездесетін ақау - ашық артериалық түтік. Эмбриондық кезеңде өкпе артериясы мен қолқаны өзара қосып, көк тамыр қаны қолкаға келуіне арналған өзек, қалыпты жағдайда нәресте өмірге келген соң бірінші 2-3 айда жабылып, әбден бітеледі. Егер жабылмаса, қан әлі де түтік арқылы қолкадан өкпе артериясына өтеді, сондықтан оң жақ қарыншаға, жүрекшеге ауыртпалық түсіп, өкпе гипертензиясы пайда болады.

Аурудың айқын белгілері 2-3 жасар балада белгілінеді. Ентікпе, жүрек тұсының ауырсынуы, әлсіздік пайда болады. Систолалық қан қысымы жасына сай, ал диастолалық қан қысымы төмен болады. Жүрек шекарасы солға, оңға және жоғары қарай кеңиді. Сол жағының ІІ-ІІІ қабырға арасында, жүрек үшына, мойын тамырларына, қолқаға, арқаға тарап қатты естілетін систолалық шу естіледі

Ж ү р е к ш е а р а л ы ғ ы н ың к е м і с т і гі - екі журекше арасындағы перде саңылауына байланысты. Бұл ақау балаларда көпке дейін білінбейді. Қан қалқа кемістігі бойынша сол жүрекшеден оң жүрекшеге түседі. Жүректің оң жағында систолалық қан қысымы, шамалы уақыттан кейін диастолалық қан қысымы көтеріледі, оң жүрекше көлемі үлкейеді. Баланы тексергенде - жүрек шекарасы оңға, солға кеңеюі мүмкін, тыңдағанда - өкпе артериясы тұсында ІІ тонның тұрақты түрде бөлініп естілуі, төссуйектің сол жағында ІІ-ІІІ қабырғалар арасынада естілетін орта дыбысты систолалық шу болады. Осы шу баланы жатқызып тыңдағанда жақсырақ естіледі.

Ж ү р е к қ а р ы н ш а а р а л ы ғ ы н ы ң к е м і с т і гі. Ең жиі кездесетін жүрек ақауы, жалпы жүрек ақаулары ішінде 23-48% осы ақау үлесіне тиеді. Ер балаларға қарағанда, қыз балаларда жиі кездеседі.

Қарынша аралық перденің саңылау көлемі әр түрлі болады, қан сол қарыншадан оң қарыншаға түскеннен жүректің оң жағындағы систолалық қан қысымы, содан кейін – диастолалық қан қысымы көтеріледі. Осыған байланысты оң қарыншаның көлемі ұлғаяды. Тықылдатқанда – жүрек шектері үстіне, солға, оңға қарай кеңейген. Тыңдағанда - төс сүйектің сол жағында ІV-V қабырға аралығында систолалық шу естіледі. Қарағанда - баланың терісі боз түсті, мойын тамырлары кеңейеді, олардың пульпациясын байқауға болады. Балалардың 50% физикалық дамуы жасынан қалып қояды. Балалар жиі респираторлы аурумен ауырады.

Кіші ќанайналым шењберіне ауртпалыќ т‰сіретін іштен біткен ж‰рек аќаулары а - ашық артериялық түтік, б – ќарынша аралыќ перденіњ аќауы, в – ж‰рекше аралыќ перденіњ аќауы, 1 – аорта, 2 - окпе артериясы, 3 – артериялыќ с‰зек  





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3777 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...