Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жедел пневмониялар



Пневмония - өкпелердің, міндетті түрде альвеолар зақымдануымен өтетін, жұқпалы жедел қабыну ауру. Пневмония ең жиі және ауыр түрде өтетін балалар ауруы.

С е б е п т е р і. өкпенің қабыну процесстерінің себебі болып бес агенттер саналады: 1. патогендік микроағзалар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар, ішек таяқшалары), 2. вирустар (тұмаудың вирусы, аденовирус, энтеровирус, цитомегаловирус), 3. микоплазма, 4. паразиттер (Карини пневмоцистасы), 5. патогенді саңырауқұлақтар. Кейде пневмонияның аралас түрі болуы мүмкін. Негізгі кірер жолы- бронхогендік. Кейде лимфогендік және гематогендік жолдар кездеседі. Пневмонияның пайда болуына макроағзаның жағдайы әсер етеді: тұқым құалаушылық, морфологиялық және функциялық жеткіліксіздігі, тыныс жолдарының туа біткен ақаулары, шала туғандық т.б.

П а т о г е н е з і: жұқпаның өкпеге тусунің негізі жолы үстінгі тыныс жолдары және бронхтар екіне анық. Пневмония жедел респитарорлы-вирустық жұқпалардан кейін 4-7 күн өткесін пайда болуы - вирустар тыныс жолдарын бактериялық флора еңуіне даярлауына байланысты. Үстінгі тыгныс жолдарына түсіп, вирустар оның шырышты қабығын тебендеп, иммунитетті төмендетеді, барлық ағзаны әлсіретеді. Ақыр аяғында жұқпалы агент бронхиолдар және альвеолалар арқылы өкпе ұлпасына еңіп, қабыну өзгерістерге ұшыратады.

Өкпе желдетуінің жеткіліксіз болғанына байланысты гипоксия пайда болады. Ол барлық мүшелердің (орталық нерв жүйесі, жүрек - қантамыр т.б.) қызметін төмендетіп, зат алмасудың барлық түрлерін бұзады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Пневмонияның негізгі белгілеріне жатады:

1) фебрильді дене қызуы, 2) уытталу (токсикоз), 3) тыныс тапшылығы, 4) өкпелердің жергілікті өзгерістері (перкуссиялық және аускультативтық), 5) рентгенде- инфильтраттық көлеңкелері, перифериялық қанның өзгерістері, 6) перифериялық қанның өзгерістері (лейкоциттер саны көбеюі, нейтрофиллез, ЭТЖ жоғарлауы).

Ж і к т е л у: өкпе қабынуы зақымдалатын көлемге байланысты ошақты, сегментті, крупозды, интерстициалды болып бөлінеді.

Ағымына байланысты: жедел ағымды пневмония (2 айға дейін), созылыңқы (2-8 ай), созылмалы (8 айдан жоғары). Ауырлығына байланысты - жеңіл, орташа және ауыр түрлері болады.

О ш а қ т ы б р о н х о п н е в м о н ия жас балаларда жиі кездеседі. Қабыну процесс ошақтары өкпе ұлпасының 0,5х0,7 см көлемінен кем болмайды. Көп болған кезде ұсақ ошақтар бір бірімен қосылып ірі ошақтарға айналады. Ауру жедел респираторлық жұқпалардан кейін 5-7 күндерінде басталады. Бала мазасыз, үйқысы бұзылған, уытталу белгілері көрінеді. Баланың дене салмағы төмендейді, жөтел пайда болады. Ақырындап тыныс тапшылығы басталады: әуелі мұрын асты көгереді (цианоз), одан кейін жайылған цианоз пайда болады. Тері түсі сұршыл - бозғылт. Тыныс алуы ыңырсыған, мұрын желбезектерінің көтерулуі, қабырға аралық, бұғана үсті ойыстарының ішке тартылуы білінеді, ентікпе пайда болады. Емізулі балалар ентікпе орынына басын изейді, бетін далитады, еріндерін созады, ауыз - мұрынынан көбікті сілекей ағады. Тыныс және пульс жиілігінің сәйкестігі 1:2,5- нан 1: 2 дейін.

Зерттегенде - зақымданған ошақ үстінде перкуссия дыбысының қысқаруы, тыңдағанда - ошақты қатаң дем алу, өшақты сырылдар, оның ішінде ұсақ көпіршікті және сықырлаған шулар естіледі. Рентгенде - кіші ошақты, шекарасы анық емес көлеңкелер көрінеді. Емдеуге байланысты, клиникалық көріністері 10-12 күн арасында жойылады. Морфологиялық өзгерістер 4-6 жұмада өтеді.

С е г м е н т т і к п н е в м о н и я н ың көрсеткіштері ошақты пневмонияның көріністеріндей, тек рентген суреттінде бір немесе бірнеше сегменттер зақымданады. Сегменттік пневмония барлық жастағы балаларда кездеседі. Асқынулар арасында пневмосклероз немесе абсцесс болуы мүмкін.

И н т е р с т и ц и а л д ы п н е в м о н и я өте сирек кездеседі және вирустармен, микоплазмалармен, ауруды қоздыратын саңырауқүлактармен, пневмоцисттермен қоздырылады. Ол шала түған, жетіліп түған балаларда, дистрофия, анемия, иммунодефициттық жағдайларда. Қабыну процесс біріктіруші және альвеолааралық өкпе тіндерінде ғана дамиды. Көбіне аурудың уытталу түрлері кездеседі. Балада тыныс, жүрек тапшылығы пайда болады, орталық жүйке және ас қорыту жүйелерінің бұзылыстары кездеседі. Шабуыл тәрізді, жиі, азапты жөтел, қақырығы – көбікті, тапшы, кейде қан аралас. Тыныс алуы әлсіз, сықырлаушылық және тұрақсыз сырылдар. Асқынулар арасында – пневмофиброз кездеседі.

К р у п о з д ы п н е в м о н и я 1-3 жасар балалар арасында сирек кездеседі, негізінде мектеп жасындағы балалар арасында болады. Ағымы өте ауыр, дене қызуы 39-40о дейін көтеріледі, бала халі күрт нашарлайды. Жөтел бірінші күндері болмауы мүмкін, болса да - құрсақ, сирек. Уытталу синдромы ұлғая береді, І-ІІ дәрежеләк тыныс тапшылығы пайда болады. Рентгенге түсіргенде - инфильтрация ошағында бүкіл өкпе бөлігінің қамтығаны анықталады. Соңғы кездері антибиотиктерді ерте қолдануға байланысты крупозды пневмонияның классикалық бейнесі өзгерген. Баланың денсаулығы 1-2 жүмадан кейін қалпына келеді.

Жаңа туған баланың пневмониясы ауыр ағыммен, өзіндік клиникалық көріністерімен сипатталады. Жатырішілік өкпе қабынуы жүтіліктің аяғында немесе әйел босану кезінде ұрық өзінің жанындағы жұқтырылған суларды жұтып қоюына байланысты пайда болады. Морфологиялық белгілері бойынша өкпе қабынуы ошақты, интерстициалды болады, өте жиі ауасыз солумен, құрылысының бұзұлуымен ере жүреді. Клиникалық көріністерінде жалпы уытталу және орталық жүйке жүйесінің зақымдану (адинамия, бұлшық еттерінің және рефлекстерінің тонусы төмендеуі) белгілері кездеседі. Сәби ерте көгереді, ауыз – мұрынынан көпіршікті шырыш пайда болады. дене қызуы әлсіз айқындалған. Жөтелі – сирек, ылғал, кейде тіпті пайда болмайды. Аурудың ағымы созылыңқы болуы мүмкін

Е м і. Бір жасқа дейінгі балалар және ауыр жағдайдағы балалар міндетті түрде емханаға жатқызылады. Балаларды емханаға салғанда бокстарға орналастырған жөн. Күніне 3 реттен кем емес бөлмені жуып, кварцтау керек. Баланың дене қызуы көтерілгенде не басқа уытталу көрсеткіштері болғанда - төсек режимі сақталуы керек. Баланы бос жөргектейді, жиі қолға көтереді, не бір бүйірінен екінші бүйіріне ауыстырады. Балаға таза ауа жеткізіп тұру абзал. Бөлмелерді не бокстарды күніне 5-6 рет 20-30 минут бойы желдетіп түру керек. Бөлменің температурасы 18-200 С. Дене қызуы 3-4 күн қалыпта болса, баланы далада не верандада серуендетуге болады, тек ауаның жылылығы 10-150 С-ден кем болмауы керек. Баланың тамақтандыруы жасына сай болу тиісті. Жетіспейтін сұйықтықты ит мұрын, қарақат қайнатпасымен, қышқыл шырындармен, морстармен толықтыруға болады. Бір жасқа дейінгі балаларды ана сүтімен не донорлық сүтпен тамақтандыру қажет.

Емдеу арасында негізгі орынды қоздырғыштарға қарсы ем алады. Ол үшін антибиотиктер, нитрофурандар, сульфаниламидтер қолданылады.

1. Антибиотиктерді парентералды жолмен, негізі бұлшық етке егеді. Пневмонияның ауыр түрінде дәрілерді тамыр арқылы еңгізеді. Антибиотиктерді ауыз, тік ішек арқылы, аэрозоль түрінде қолдануға болады. Пневмонияның этиологиялық саралануын ескеріп, емді пенициллиннен бастаған абзал. Жақында пенициллин алған не оған аллергиясы бар балаларға пенициллин орынына линкомицин, эритромицин белгілеуге болады. Антибиотиктерді қолданғанда міндетті түрде дәрумендерді (С, ВІ, В2) және лактобактеринді берген жөн. Антибиотиктерді ұзақ қолданғанда, саңырауқұлақтарға қарсы ем өткізіледі (нистатин, леворин).

Бірінші күндерден бастап детоксикалық ем өткізіледі, аурудың жедел кезінде жоғары титрлі стафилококк антитоксинінің гипериммундық сары суын, гипериммунды гамма-глобуллинді (стафилококка қарсы), тікелей донорлық қан, глюкоза, 5% альбумин, түз ерітінділерін құю керек. Одан басқа құрғақ және нативті сары су, адам иммуноглобулинін, натрий нуклеинаттын, пентоксилды, калий оротатын, дибазолды белгілеген жөн.

Симпатомдық, синдромдық ем өткізіледі. Іріңді асқынулар болғанда хирургиялық ем қолданылады.

Тыныс тапшылыққа қарсы оксигенотерапия қолданылады. Тыныс жолдарында секрет жиналса - бронхолитиктер, муколитиктер, қақыртатын дәрі - дәрмектерді қолдану. Үлкен маңыз рефлекторлық емге, вибрациялық массажға және ұстанымдық дренажға, тыныс гимнастикасына, физиоемге беріледі.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 5521 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...