Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүрек - Қан тамыр аурулары



Балалық шақта жүрек-қан тамыр жүйесінде жүректің функциялық қабілетіне әсер ететін бірнеше анатомияллық ерекшеліктер бар.

Ж ү р е к. Жаңа туған баланың жүрегі қатыстық үлкен болады, дене салмағының 0,8% болады. екі жасқа дейін қарқынды жүрекшелері өседі, 10 жасынан бастап – қарыншалары. Жаңа туған бала жүрегі дөңгелекше келген, осы жағдай жүрекшелердің салыстырмалы үлкен көлемімен және қарыншалардың шала дамуымен түсіндіріледі. Көкеттің жоғары тұруынан жаңа туған және екі жасқа жетпеген балалардың жүреегі көлденен жатады, 2-3 жасқа таман – қиғаш жағдайда. Жаңа туған балада оң және сол жақ қарыншаларының қалыңдығы бірдей. Сол жақ қарыншаға соңынан салмақ көп түскеннен, сол қарыншаның қалыңдығы оң қарынша қалыңдығымен салыстырғанда едәуір үлкейеді. Бірінші айлардағы бала жүрегінің сол және оң жақтары бойынша қан тамырлар арасында байланыс сақталады: олар - жүрекшеаралық перде, артериялық өзек, кіші қанайналыс шеңберінің атриовентрикулярлы анастомозы және т. б. Осыған байланысты қан, қысымы жоғары камерадан қысымы төмен камераға құйылады. Мысалы, өкпелік типертензияда немесе тыныс тапшылық дамуында, өкпе артериясының және жүректің оң жақ бөлігінің қысымы үлкен қанайналыс шеңберінің артериялары қысымынан жоғары болады да, қанның құйылу бағыты өзгереді (шунт оңнан солға), артериялық қан көк тамырлық қанмен араласады.

Қ а н т а м ы р л а р ы. Ерте жастағы балалар қан тамырларының кеңдігі бірдей кең болып келеді. Көк тамырлар саңлауы артериялар саңлауымен тең, ал 15-16 жасар баланың көк тамырлар саңлауы артериялар саңлауынан екі есе кең болады. Капиллярлар жақсы дамыған, ересектермен салыстырғанда олардың өткізгіштігі едәуір жоғары. Капиллярлар кеңдігі және молшылығы қанның тоқырауына бейімділік туғызады. Осыған байланысты бір жасқа дейінгі балаларда кейбір аурулар (өкпе қабынуы және остеомиелиттер) жиі кездеседі.

Балалардың а р т е р и я л ы қ п у л ь с і ересектерден жиі болып келеді. Жаңа туған балалар пульсі жиілігі ең жоғары (120-140), 1 жаста – 110-120, 5 жаста - 100, 10 жаста - 90, 12-13 жаста – 70-80 минутасына. Бала жылағанда, айқайлағанда – пульс жиіленеді.

Артериялық қысым ересектерге қарағанда төмен. Ол сол жүрекшенің кішкене көлеміне, қан тамырлардың кеңдігіне, артериялар қабырғаларының иілімдігіне байланысты. Артериялық қысымды тек қолдарда ғана емес, аяқтарда да өлшеу мүмкін.

Жүректің үлкен көлеміне және қан тамырлар саңлауының кеңдігіне байланысты балалар қан айналымы ересектер қан айналымынан қолайлы жағдайда болады. Балалар жүрегінің жұмысқа қабілеттілігі ересектердің жүрегіне қарағанда жоғары болады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2546 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...