Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Іштен біткен жүрек ақаулары. І ш т е н б і т к е н жү р е к а қ а у л а р ы – ол эмбриогенездің бұзылыстары арқасында жүктіліктің 28-ші



І ш т е н б і т к е н жү р е к а қ а у л а р ы – ол эмбриогенездің бұзылыстары арқасында жүктіліктің 28-ші жұмасында пайда болатын жүректің және магистралдық ірі қан тамырларының морфологиялық ауытқулары.

С е б е п т е р і. Жүктіліктің бірінші үш айында жүректің дамуына ана жағынан пайда болатын вирустық жұқпалы ақаулар (қызамық, қызылша, мысқыл, желшешек, тұмау) және токсоплазмоз, радиация, гиподәруменшілік, жынысты мүшелер аурулары, аяғы ауыр әйелдің шағы 35 жастан асу әсер етеді.

Кіші және үлкен қанайналымы шеңберлердегі қанайналымы жағдайына байланысты ІБЖА үшке бөледі:

ІБЖА түрі Ақ Көк
1. Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығы Ашық артериалдық өзек, жүрек қарынша аралығындағы кемістік, жүрекше аралығындағы кемістік    
2. Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығы Өкпе артериясынын жекелік стенозы Фалло тетрадасы
3. үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығы Аортаның тарылуы  

ІБЖА- клиникалық белгілері тым әр тұрлі болса да, негізгі сипаттамалық белгілері бір: балалардың физикалық дамуы қалып қояды, демікпе пайда болады, тері түсі боз не көк, тырнақтар фалангалары пішінінің бұзылуы («барабан таяқшалары», «сағат әйнегі»), кеуде пішінінің өзгеруі (жүрек бүкірлігі). Жүректің шектері ұлғаяды, систолалық шу пайда болады.

ІБЖА клиникалық ағымында үш фазасы белгіленеді.

І фаза (алғашқы бейімделу) - ақауға сай қанайналымы бұзылысына бала ағзасының бейімдеулуімен сипатталады. Баланың хал - жағдайы едәуір жақсарып, қанайналымы мен газ алмасу бұзылыстарына ағзасы бейімделеді.

Сөйтіп, екінші (салыстырмалы бейімделу) фазасында науқастың ІБЖА белгілері азайып, табиғи дамуы жақсара бастайды. Егер осы фазада тиімді ем жасалмаса, біраз уақыттан кейін үшінші терминалдық фазасы келеді. Осы фаза ағзаның теңгерушілік мүмкіншіліктері сарқылып, жүрек пен басқа ағзалардың дистрофиялық өзгерістері өрбіп, емдеуге көнбейтін қанайналым бұзылыстарымен сипатталады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2265 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...