Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ан түзу мүшелер аурулары



Эмбрион кезінде қан түзу бауырда (эмбриондық кезеңнің 3–4 жумасында), көк бауырда (ұрықтың 3-4 айынан бастап), барлық сүйектердің жілік майында ((ұрықтың 3 айынан) өтеді. Туғаннан кейін қан түзу қызметі сүйектердің жілік майында қалады, ал бір жастан тек жалпақ сүйектерде қалады: төс сүйекте, қабырғаларда, омыртқалар денесінде, түтікті сүйектердің эпифизінде.

Жаңа туған баланың қанында эритроциттер және гемоглобин саны өте жоғары (гемоглобин 180-240 г/л, эритроциттер 5,38-7,2 12/л), бұл ерекшелік бала анасынан бөлініп өз бетімен тыныс ала бастағандағы гипоксиялық жағдайға байланысты. Бала тұрақты өз бетімен дем ала бастағаннан кейін гипоксиялық жағдай басылады, осыған байланысты қызыл қан көрсеткіштері төмендейді. Нәрестенің қанында тек саналық емес – сапалық өзгерістер де бар: жетілмеген эритроциттер де пайда болады (ретикулоциттер, нормоциттер, эритробласттар). Эритроциттерде анизоцитоз (әр түрлі көлемді), макроцитоз (эритроциттердің диаметрлері үлкендігі) кездеседі. Эритроциттердің өмір ұзақтығы да ересек адамдармен салыстырғанда жаңа туған балада қысқа болады, болғаны 12 күн.

Л ей к о ц и т т е р санында да өзгерістер бар. Бірінші төрт күнде лейкоцит саны 18-20·10 9/л барады, олардың ішінде нейтрофилдер 60-70% болады. өмірге келгеннен кейін бесінші күні лимфоцит жөне нейтрофил саны теңдеседі, содан кейін лимфоцит саны нейтрофилдерге қарағанда көбейе бастайды. 5-6 жасында қайтадан нейтрофилл және лимфоциттер саны бірдей болып, лимфоцит саны төмендей бастайды. Он екі жасар баланың лейкоциттық формуласы ересек адамдардың формуласынан айырмашылығы аз. Моноциттер өзгерістері лимфоциттер өзгерістеріне сай. Эозинофил және базофилдер саны баланың дамуына байланысты емес, сандары көрінікті өзгеріске ұшырамайды. Баланың қан түзгіш мүшелерінің ерекшеліктері – олар ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне өте сезімтал болып келеді.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 1900 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...