Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Теміртапшылық анемиялар



Қанның сары суындағы, сүйек миындағы және жинақтардағы темір мөлшері азаюымен, гемоглобин және эритроциттер пайда болу бұзылуымен сипатталатын ауру.

С е б е п т е р і. Теміртапшылық анемияның пайда болуы 1. шала туғандық кезеңде, егіз балаларда, аяғы ауыр әйелдің анемиясында жинақтардағы темір аздығына байланысты; 2. темірдің және басқа микроэлементтердің, ақуыздардың, дәрумендердің тамақпен бірге ағзаға аз көлемде түсуімен (бір қалыпты сиыр және ешкі сүтімен тамақтандырғанда, қосымша тамақты кеш бергенде, көмірсулы және вегетариандық диетада); 3. ас қорыту мүшелердің ауруларында ішек бойынша темір қортылуы бұзылуында (целиакия, спру, жаралы колит т.б.); 4. рахит, гипотрофия, қан аққанда, гельминтоздарда, экссудатты-катаралды диатезде темірдің көп көлемде айырылу; 5. баланың қарқынды өсу кезінде, созылмалы іріңді-ошақты жұқпаларда және баланың жиі сырқаттануында темірде қажеттілігі жоғарылауына байланысты.

Туғандағы темір көлемі шала туған балаларда 3-4 айларында, ал жетіліп туған балаларда 5-6 айларында сарқылып бітеді.

П а т о г е н е з і. Теміртапшылық анемия кезінде темірдің жетіспеушілігі оның деподан (бауыр, бұлшық еттер, сұйек миі) жойылуына әкеліп соқтырады. Ақыр аяғында эритроидтық қатардың жас жасушаларының гемоглобинге байюы нашарлайды.

А у р л ы қ д ә р е ж е с і б о й ы н ш а теміртапшылық анемия жіктеледі: 1. жеңіл түрі (эритроцит саны 3,0-4,0·1012/мм, гемоглобин көлемі 90-110 г/л), 2. орташа түрі (эритроцит саны 2,0-3,0·1012/мм, гемоглобин көлемі 89-70г/л), 3. ауыр түрі (эритроцит саны 1,4-2,0·1012/мм, гемоглобин көлемі 70 г/л төмен).

К л и н и к а л ы қ к өр і н і с т е р і. тері және шырышты қабаттарының бозаруы, ішкі ағзалардың өзгеруі, қан көлемі бірлігінде гемоглобин мөлшерінің эритроциттермен қатар азаюы. Кез келген анемияның негізі - не гемоглобинның нашар түзілуі, не құрамында гемоглобин бар жасушалардың шығыны азаюы. ДД¦ экспертінің ұсынысы бойынша бұл диагноз түбінде 1-5 жасар балалар арасындағы гемоглобин көрсеткішінің 110 г/л -ден төмендеуі, ал 15 жастан жоғары жастарға-120 г/л кем болуы.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Анемияның жеңіл түрінде диагноз қойылмауы да мүмкін, себебі, бала жағдайы қанағатты болады, тек балалардың енжарлығы, тәбеті төмендеуі, тері тұсі бозаруы көзге түседі. Кейбір балалардың дене салмағы сәл төмендейді.

Орташа түрінде едәуір енжарлық, селқостық, күшсіздік, жыламсырау, тәбетінің төмендеуі, терісі сарғылт-құқылжәне құрғақ, шаштары жұка және сирек, тіл ұшындағы емізікшелердің семуі байқалады. Пульс жиі, жүрек ұшында нәзікті систолалық шу.

Анемияның ауыр түрінде бада жағдайы өте кедергі, солғын, тәбеті нашарлап анорексияға дейін барады, іші қатады. Эпителий тінінің өзгерістері байқалады: терісі сұр түсті, құрғақ, кедір-бұдыр, тырнақтары мен шаштары түссіз, сынғыш, жұқа. Ауыз бұрыштарында ұшықтар пайда болады. Тілінің емізікшелері жойылған, «лакталған» сияқты. Жүрек жағынан тахикардия, ұшында- систолалық шу, қаққандай 1 тон. Кей кезде беті мен аяғы ісінеді. Баланың дәм сезімі өзгереді, бала бор, саз жейді, дене салмағы көбеймейді. Ентікпе белгіленеді.

Д и а г н о з ы. Анамнез, клиника, лабораторлық зерттеулерден құрылады. Гемоглобин мөлшері 100г/л-ден төмен болса, анемия екені белгілі. Тапшылық мінездемесі - сарысуда темір жетіспеушілігіне (14,3 мкмоль/л), сарысудың темір байлау қабілетінің жоғары болуына (78мкмоль/л) байланысты қойылады.

Морфологиялық зерттеуде - гипохромия, микроцитоз, ретикулоцитоз. Эритроциттер арасында Жоли денелері, Кабо сақиналары кездеседі.

Ажырату диагноз басқа анемиялар түрлерімен өткізіледі.

Е м і. Анемияның себебін анықтап жою, темір және мыс препаратарын беру, және ақуызға, дәрумендерге, темірге, мысқа т.б. микроэлеметтерге бай оңтайландырушы тамақтандыруды белгілеу керек. Темір ең жақсы тауықтың етінен, балықтан, шырындардан сіңіріледі. Қолдан тамақтандырылатын балаларға анемияға қарсы энпитті (құрамында жоғары мөлшерде ақуыз, темір, дәрумендер бар) беру абзал.

Теміртапшылық анемия емінің негізінде – ауру себептерін жою және темір тапшылығын толтыру принциптері жатады. Л.И. Идельсон принциптері бойынша 1. темір тапшылығын тек диета бойынша, құрамында темір бар дәрілерін бермей, толтыруға болмайды; 2. құрамында темір бар препараттары тек ауыз арқылы берілуі тиіс және оларды гемоглобин деңгейі қалыпқа келгеннен кейін де қолданған абзал;

3. парентералдық жолмен дәрілерді тек ауыр жағдайларда береді;

4. қан құйюды тек өмір көрсеткіштер бойынша қолдану керек.

Ерте жастағы балаларға құрамында темір бар дәрілерді тамшы, сироп түрінде беру керек; ересек балалар оларды түймедақ, драже, капсулалар түрінде қолданады. Бірінші жас балаларды емдеу үшін толтырушылары бар темір препараттарын қолданады: темірмен алоэ сиропын; гемофер, орферон, реоферон, резоферон т.б. суспензияларын. Жастан асқан балаларға феррокаль, ферроплекс, ферроцирон, феррум Лек, ферросанол, гемостимулин т. б. Жасөспірімдік кезеңде ұзақ мерзімді әсері бар дәрілер қолдануға болады: тардиферон, ферроградумет. Темір жақсы сіңу үшін қосымша аскорбин қышқылын; лимон, анар, клюква шырындарын беру жөн. Темір препараттарын сүтпен неесе кофемен ішуге болмайды.емдеу ұзақтығы екі - үш айға дейін созылады. Эритропоэзді ширату үшін мыс сульфаты, С, В1, В2, В6, В12, Р дәрумендер, фолий қышқылы белгіленеді. Ас қорыту мүшелердің қызметін қалыпқа келтіру үшін алмастырушы ферменттермен емдеуді өткізу керек, эубиотиктерді беру жөн.

Педиатрияда жиі қолданылатын темір препараттары және құрамындағы темір көлемі:

үш жасқа дейінгі балалар Темір көлемі
Феррум Лек, сироп Сироптың 1 мл - 10 мг
Мальтофер, тамшылар 1 тамшысында – 2.5 мг
Гемофер, тамшылар 1 тамшысында – 1.6 мг
Актиферрин, тамшылар 1 тамшысында – 0.53 мг
3 –6 жас арасындағы балалар Темір көлемі
Феррум Лек, сироп Сироптың 1 мл - 10 мг
Мальтофер, сироп Сироптың 1 мл - 10 мг
Тотема, ішуге арналған ерітінді 1 мл – 5 мг
Актиферрин, сироп 1 мл – 6.8 мг
Ферроплекс 1 драже - 10 мг
7 –12 жас арасындағы балалар Темір көлемі
Феррум Лек, шайнайтын түймедақтар 1 түймедақта – 100 мг
Мальтофер, шайнайтын түймедақтар 1 түймедақта – 100 мг
Тотема, ішуге арналған ерітінді 1 мл – 5 мг
Актиферрин, капсулалар 1 капсула – 34.5 мг
Ферроплекс 1 драже - 10 мг
Тардиферон 1 мл – 80 мг

А л д ы н а л у ы антенатальды кезеңде басталуы абзал (аяғы ауыр әйелде бар жұқпалар ошақтарын, гестоздарын уақытында емдеу, күн және тамақтану тәртібін сақтау). Бірінші айлардағы балалар анемиясының табиғи алдын алуына балаларды тек ана сүтімен қоректендіру жатыр. Бала 5-6 айларға жеткенде оның ағзасындағы туғанға дейін жиналған темір қоры азаяды. Осыған байланысты, ерте жастағы бала денсаулығы ағзасына тыстан түсетін темір көлемінен тәуелді болады. Әр түрлі зерттеулерге байланысты, қазіргі кезде балалардың 60-70% ұн тағамдарын, сүт, вегетариандық тамақ ішеді, етті жүйелі түрде диетасына еңгізбейді, сондықтан, анемияның дамуы байсалды мәселе болып тұр. Қолдан тамақтандыратын ерте жастағы балаларға төрт айынан бастап, темірге бай қоспаларды беру керек: «Дамил», «Нутрилон», «Галлия», т.б.

Балалар диетасында темірге, мысқа, кобальтқа, никельге, дәрумендерге бай тағамдар болған абзал: қарақұмық, жұмыртқа, бауыр, ет, ірімшік, картөп, қызылша, қарақат, көк бұршақ, көк алма тағы басқалары. Ерте жастағы балаларды міндетті түрде диспансерлік тізімге алып, қанын тексеріп тұру тиіс. Қауып-қатерлі топтың балаларына анемияның алдын алу үшін темір препараттарын беріп тұрған дұрыс.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 4092 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...