Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бронхиттер



Ж е д е л б р о н х и т - басқа вирустық жұқпалармен жүретін бронхтарың қабынуы.

С е б е п т е р і: вирустар, бактериялық микрофлора, микоплазмалар. Бейімділіктер арасында газды және булы химиялық заттар, аллергендер, темекінің түтіні, бронхқа түскен бөгде заттар, салқын ауамен тыныс алу жатады.

П а т о г е н е з і: Бронхит кезінде тыныс жолдарының эпителийі зақымданады, бронх талының қоректенуі бұзылады. Шрышты қабықтын ісінуі, бронхтар ішіне патологиялы шырыш бөлінуі, бронхтардың көшіру қабілеті бұзылуы, бронхтың тарылуы - өкпедегі ауа алмасуының нашарлауына соқтырады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р: Негізгі белгілері болып жөтел, бронхтардың екі жағында да естілетін тұрақсыз әр түрлі құрғақ және ылғал сырылдар, өкпе және тамырлар суретінің күшеюі, өкпеде ошақты және инфильтратты өзгерістердің жоқтығы. Ауру баланың жалпы жағдайы нашарлаудан, дене қызуы көтерілуден басталады. Ересек балалар бас ауруына, төс артының күйінуіне, қысылуына шағым айтады. Ауру басында құрғақ, үзіліспен, қажырлы, түнде күшейетін жөтел бес-алты күннен кейін ылғал болады. Жас балалар бөлінген қақырықты түкіріп тастай алмаған соң құсық пайда болуы мүмкін, сәби қақырықты жұтып қояды. Өкпе үстендгі перкуторлық үн өзгермеген. Аускультациялау кезінде өкпе үстенде әртүрлі ылғал және тұрақсыз құрғақ сырылдар. Жедел бронхиттен 2-3 жұма өткеннен кейін бала оңалады.

Е м і н д е жөтелге, дене қызуына, ентікпеге, көгеруге назар аударған жөн. Ауру бала жақсы желдететін, ылғалдығы жоғары бөлмеде жатуы абзал. Вирусты этиологиясына байланысты бірінші екі күнде балаға лейкоцитты интерферон, гамма-глобулин, ДНК-аза белгіленеді. Вирусты – бактериялық жұқпада антибиотиктер берген жөн. Ересек балаларға бронхиттің жеңіл немесе орташа ауырлық ағымында сульфаниламидтермен ғана тынуға болады. Қақырықты сұйқтандыру және бөлінуін жеңілдету үшін мол мөлшерде жылы сұйықтықтар («Боржоми», ас содасы қосылған сүт), қақыртатын тұнбалар, мукалтин, «Пертуссин», «Бромгексин» беру керек. Бронхтардың тарылуын азайту және өкпелер қанағымын жақсарту үшін эуфиллин қолдану жөн, төс артындағы ауырсынуды азайту үшін – төске, жауырын аралығына қыша қағазын, жылыту компресстерін, ыстық аяқ ванналарды қолдану.

Тыныс жетіспеушілігіне қарсы - оттегі беру. Бронхтардың қан ағымын қалпына келтіру үшін физиоем (индуктотермия, электрофорез, микротолқынды ем), емдік дене шынықтыру, діріл әсерлі массаж жасалады. Қайталанатын бронхит кезінде өкпе және тыныс гимнастикасына, созылмалы жұқпалар ошақтарын жоюға, десенсибилиздаушы емге қөңіл аудару керек.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3254 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...