Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырманың мазмұны. Әртүрлі нысаналарды немесе үрдістерді басқару тапсырмаларын шешу практикада қолданылатын жүйенің айқын емес



Әртүрлі нысаналарды немесе үрдістерді басқару тапсырмаларын шешу практикада қолданылатын жүйенің айқын емес қорытындысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жағдайда айқын емес модельдің құрылуы лингвистикалық айнымалы терминінде зерттелініп отырған жүйенің сипаттамасының формальді қойылымына негізделеді. Басқару үрдісінің кіріс және шығыс айнымалыларының сызықты сипаттамасымен тәуелділік туралы болжам дәстүрлі басқару жүйелерінің кемшіліктерінің бірі болып табылады, бұл мұндай модельдердің жеке тәжірибелік тапсырмаларды шешуде пара-пар төмендетеді. Айқын емес басқарудың сәулеті мен моделі классикалық басқару жүйелерін айқын емес басқару жүйелеріне ауыстыруына негізделеді, мұнда айқын емес қорытындылау жүйесі ретінде қолданылады.

Душ қабылдау кезінде қоспаның кірісіне сәйкесінше магистральды құбыр арқылы салқын және ыстық су келеді. Аса қолайлы жағдай душ үшін қоспаның шығысында тұрақты температурада жылы судың болуы кезінде қалыптасады. Душ қабылдау уақытында судың теңөлшемсіз шығыны бақылануы мүмкін, судың температурасы қоспаның шығысында тербеледі, бұл салқын немесе ыстық судың берілісін қолмен өзгерту мүмкіндігіне алып келеді. Біздің мақсатымыз, қоспа шығысындағы судың тұрақты температурасын қамтамасыз ете отырып, судың температурасын реттеуді автоматты түрде айналдыру.

Бұл жұмысты орындаудың біршама толық сипттамасы тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулықтарда келтірілген.

1. Егер су ыстық болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен бұрышпен оңға бұру қажет.

2. Егер су онша ыстық болмаса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен емес бұрышпен оңға бұру қажет.

3. Егер су жылы болса, онда ыстық су кранының вентилін қозғалыссыз қалдырамыз.

4. Егер су салқын болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен емес бұрышпен солға бұру қажет.

5. Егер су суық болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен бұрышпен солға бұру қажет.

Бұл ақпарат айқынталмаған шығыс жүйесінің ережелер базасын құру кезінде қолданылатын болады, ол берілген айқынталмаған басқару моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қойылған тапсырманы шешу үшін міндетті түрде: айқынталмаған лингвистикалық ережелердің қорын құру, кіріс айнымалыларының фаззификациясын және айқынталмаған өнім ережелеріндегі белдендіруді құру қажет. Айқынталмаған өнім ережелерінің нәтижелерін аккумуляциялауды міндетті түрде 2 және 3 ережелерге арналған max-дизъюнкция амалдарын қолдану арқылы ал дефаззификацияны шығыс "Кран вентилін бұру бұрышы" лингвистикалық айнымалысын – ауырлық ортасы әдісімен жүргізу қажет.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 431 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...